Киіз үйдің түрлері мен Киіз үйдің құрамды бөліктері

Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.

Қараша үй – кедей үйі.

Отау – жас жұбайлар үйі.

Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.

Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары.

Үй сүйектері – үйдің ағаштан тұратын бөліктері.

Киіздер – киізден тұратын бөлшектер.

Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. Бау, жіптен тұратын бөліктері.

Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады:

Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.

Күлдіреуіш – түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.

Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.

Қаламдық – уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.

Уық – шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.

Қаламы – уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.

Қары – уақтың иініне дейінгі бойы.

Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.

Алақаны – уықтың керегебасына бекітілетін басы.

Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.

Кереге – жиналған кереге.

Желі – керегені құрайтын ағаштар.

Ерісі – ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.

Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.

Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.

Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)

Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.

Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.

Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.

Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.

Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.

Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.

Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.

Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.

Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.

Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.

 Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.

Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.

Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.

Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.

Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар.

Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шрғы.

Есікбау – киіз есіктің бауы.

Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.

Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.

Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.

Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.

Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.

Күйеу қазық – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.

Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.

Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.

Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010