М.Аязбаев: Біз жеңіске дайынбыз
«Astana» спортшысы Мақсат Аязбаев өзінің командасы «Алматы туры» веложарысына жақсы дайындықпен келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қарсыластарымыз өте мықты. Кілең кәсіпқой командалар келді. Жеңіске, әрине, біз дайынбыз. Біз екінші рет әлем чемпионатына қатысып отырмыз. Өз елімізде жеңіске жетуіміз керек», - дейді Мақсат Аязбаев.

