Жаңалықтар

Астанада Башқұртстан күндері өтеді

8-10 қазан аралығында Астанада Башқұртстанның экономика және мәдениет саласы таныстырылады. Осы мақсатпен елордаға Башқұртсан Республикасының лауазымды тұлғалары, іскерлік топ өкілдері, бизнесмендер мен жоғары оқу орындары басшыларының делегациясы келеді. Сонымен қатар, Башқұртстан президенті Рүстем Хамитов та келеді. «Қазақстандағы Башқұртстан күндері» бағдарламасына лауазымды тұлғалар мен кәсіпорын басшыларымен іскерлік кездесулер және келіссөздер кіреді. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының болашағы» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Меймандарға Башқұртстанның инвестициялық, өнеркәсіптік және зияткерлік әлеуеті көрсетіледі. Әсіресе инвестицияларды тартуға арналған нормативтік-құқықтық инфрақұрылым жасауға мүмкіндік беретін жаңа заңдарға ерекше көңіл бөлінеді. Сапар аясында Рүстем Хамитов жастармен кездесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде дәріс оқиды. Сонымен қатар, мемлекеттік маңызды мәселелер бойынша бірқатар кездесу өтеді. BNews.kz
04.10.2013 09:36 3992

8-10 қазан аралығында Астанада Башқұртстанның экономика және мәдениет саласы таныстырылады. Осы мақсатпен елордаға Башқұртсан Республикасының лауазымды тұлғалары, іскерлік топ өкілдері, бизнесмендер мен жоғары оқу орындары басшыларының делегациясы келеді. Сонымен қатар, Башқұртстан президенті Рүстем Хамитов та келеді.

«Қазақстандағы Башқұртстан күндері» бағдарламасына лауазымды тұлғалар мен кәсіпорын басшыларымен іскерлік кездесулер және келіссөздер кіреді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының болашағы» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Меймандарға Башқұртстанның инвестициялық, өнеркәсіптік және зияткерлік әлеуеті көрсетіледі. Әсіресе инвестицияларды тартуға арналған нормативтік-құқықтық инфрақұрылым жасауға мүмкіндік беретін жаңа заңдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Сапар аясында Рүстем Хамитов жастармен кездесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде дәріс оқиды. Сонымен қатар, мемлекеттік маңызды мәселелер бойынша бірқатар кездесу өтеді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға