Жаңалықтар

Бүгін - әлемдік күлімсіреу күні

Әлемдік күлімсіреу күні жыл сайын қазан айының бірінші жұмасында аталып өтеді. Бұл мейрамның пайда болуы суретші Харви Бэллдің атымен тікелей байланысты. ХХ ғасырдың ортасында Америкада Харви Бэлл есімді шығармашылығында өзгелерден аса айырмашылығы жоқ қарапайым суретші өмір сүрген. Күндердің бір күнінде оған «State Mutual Life Assurance Company of America» сақтандыру компаниясының өкілдері компанияның келбеті бола алатын ашық-жарқын әрі бірден жатталып қалатын көркем белгі салып беруге тапсырыс береді. Өз кезегінде Харви көп ойланбастан оларға қазір көпшілігіміз «смайлик» деп атап кеткен күлімсіреген сары домалақтың суретін ұсынды.  Көп уақыт өтпей бұл сурет киімдерде, ашық хаттарда, сіріңке қораптарында пайда бола бастайды. Тіпті АҚШ-тың пошта ведомствасы бұл белгімен марка шығарады. Қуанышы қойнына сыймаған Белл сұхбаттарының бірінде: «Адамзат пен өнер тарихында бұлай кең таралып, жалпыға бірдей түсінікті әрі бәріне бірдей бақыт, қуаныш алып келетін мұндай туынды болған емес», - дейді. Әлемдік күлімсіреу күні алғаш рет 1999 жылы аталып өткен. Суретші бұл күні барлық адамдарда тамаша көңіл-күй болуы керек деп санаған. Бұл күннің ұраны «Do an act of kindness. Help one person smile», яғни «Жақсы іс істе. Бір адамға болса да күлкі сыйла».  Baq.kz
04.10.2013 06:29 3988

Әлемдік күлімсіреу күні жыл сайын қазан айының бірінші жұмасында аталып өтеді. Бұл мейрамның пайда болуы суретші Харви Бэллдің атымен тікелей байланысты.

ХХ ғасырдың ортасында Америкада Харви Бэлл есімді шығармашылығында өзгелерден аса айырмашылығы жоқ қарапайым суретші өмір сүрген. Күндердің бір күнінде оған «State Mutual Life Assurance Company of America» сақтандыру компаниясының өкілдері компанияның келбеті бола алатын ашық-жарқын әрі бірден жатталып қалатын көркем белгі салып беруге тапсырыс береді. Өз кезегінде Харви көп ойланбастан оларға қазір көпшілігіміз «смайлик» деп атап кеткен күлімсіреген сары домалақтың суретін ұсынды. 
Көп уақыт өтпей бұл сурет киімдерде, ашық хаттарда, сіріңке қораптарында пайда бола бастайды. Тіпті АҚШ-тың пошта ведомствасы бұл белгімен марка шығарады. Қуанышы қойнына сыймаған Белл сұхбаттарының бірінде: «Адамзат пен өнер тарихында бұлай кең таралып, жалпыға бірдей түсінікті әрі бәріне бірдей бақыт, қуаныш алып келетін мұндай туынды болған емес», - дейді.
Әлемдік күлімсіреу күні алғаш рет 1999 жылы аталып өткен. Суретші бұл күні барлық адамдарда тамаша көңіл-күй болуы керек деп санаған. Бұл күннің ұраны «Do an act of kindness. Help one person smile», яғни «Жақсы іс істе. Бір адамға болса да күлкі сыйла».

 Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға