Жаңалықтар

Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер Елбасы есімімен тығыз байланысты – Мемлекеттік хатшы

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері еліміздің негізін салып, оның дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Осыдан тура 5 ай бұрын ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз дәл осы трибунадан сөз сөйлеп, «Жаңа әлдемдегі Жаңа Қазақстан» туралы өзінің стратегиялық пайымдауларын, ұстанымдарын жариялаған болатын. Тура 2 күннен кейін біз еліміздің Тұңғыш Президенті күнін, ал дәл екі аптадан соң тәуелсіздік мерекесін атап өтеміз», - деген Мемлекеттік хатшы осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанның жағдайын еске алды.  «Өз тәуелсіздігін жариялағанда Қазақстан қазынасында көк тиын қаражаты жоқ, басым көпшілігі соғыс және соғыстан кейінгі жылдары салынған ескі зауыт, фабрикалары ғана бар, территориясын әскери полигондар мен әскери нысандар шырмаған Кеңес одағының қатардағы республикаларының бірі ғана болатын. Қазақстанда әлемдік бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорын жоқ десе де болғандай. Ауыл шаруашылығы да тұралап жатты. Бүгінде әлем таныған, күллі дүниежүзі мойындаған Қазақстанның 20 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болды дегенге сенудің өзі қиын. Бірақ, ақиқат, шындық тура осындай», - деді М. Құл-Мұхаммед. Мемлекет хатшысы сондай-ақ Әлемнің ең дамыған 56 елін біріктіретін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы мен 57 мұсылиман елінің басын қосатын Ислам ынтымақстастығы ұйымына зор абыроймен төрағалық еткен Қазақстанның қазіргі экономикалық деңгейі қазірдің өзінде Шығыс Еуропа елдеріне еркін жетіп отырғанын ескеріп өтті. «Дүниежүзі мемлекеттерінің ең озық, ең бәсекеге қабілетті, ең инновациялық жетістіктерінің көрмесі саналатын Экспоны 2017 жылы Астанада өткізу туралы шешімнің әлемнің 103 елінің жақтап дауыс беруі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы ерен табыстарын ерекше мойындау деп қабылдауымыз қажет. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері еліміздің негізін салып, оның дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
29.11.2012 05:16 5772

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері еліміздің негізін салып, оның дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Осыдан тура 5 ай бұрын ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз дәл осы трибунадан сөз сөйлеп, «Жаңа әлдемдегі Жаңа Қазақстан» туралы өзінің стратегиялық пайымдауларын, ұстанымдарын жариялаған болатын. Тура 2 күннен кейін біз еліміздің Тұңғыш Президенті күнін, ал дәл екі аптадан соң тәуелсіздік мерекесін атап өтеміз», - деген Мемлекеттік хатшы осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанның жағдайын еске алды. 

«Өз тәуелсіздігін жариялағанда Қазақстан қазынасында көк тиын қаражаты жоқ, басым көпшілігі соғыс және соғыстан кейінгі жылдары салынған ескі зауыт, фабрикалары ғана бар, территориясын әскери полигондар мен әскери нысандар шырмаған Кеңес одағының қатардағы республикаларының бірі ғана болатын. Қазақстанда әлемдік бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорын жоқ десе де болғандай. Ауыл шаруашылығы да тұралап жатты. Бүгінде әлем таныған, күллі дүниежүзі мойындаған Қазақстанның 20 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болды дегенге сенудің өзі қиын. Бірақ, ақиқат, шындық тура осындай», - деді М. Құл-Мұхаммед.

Мемлекет хатшысы сондай-ақ Әлемнің ең дамыған 56 елін біріктіретін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы мен 57 мұсылиман елінің басын қосатын Ислам ынтымақстастығы ұйымына зор абыроймен төрағалық еткен Қазақстанның қазіргі экономикалық деңгейі қазірдің өзінде Шығыс Еуропа елдеріне еркін жетіп отырғанын ескеріп өтті.

«Дүниежүзі мемлекеттерінің ең озық, ең бәсекеге қабілетті, ең инновациялық жетістіктерінің көрмесі саналатын Экспоны 2017 жылы Астанада өткізу туралы шешімнің әлемнің 103 елінің жақтап дауыс беруі Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық саладағы ерен табыстарын ерекше мойындау деп қабылдауымыз қажет. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері еліміздің негізін салып, оның дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға