Жаңалықтар

Қызылорда облысында Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік қызметшілер байқауы өтті

Таяуда Қызылорда облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер байқауы өтіп, қорытындыланды. Бұл жайында Bnews.kz тілшісі хабарлайды. Шараны облыс әкімдігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасы бірігіп ұйымдастырды. «2012 жылдың үздік жас мемлекеттік қызметшісі» байқауы – облыста дәстүрге айналған шаралардың бірі. «Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындау және оларды ынталандыру, кәсіби дамыту, қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің статусын көтеру, өзіндік имиджін қалыптастыру және нығайту», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев. Ережеге сәйкес байқауға облыстағы мемлекеттік мекемелерден жасы 29-ға дейінгі жас қызметшілер қатысты. Байқау іріктеу және финалдық кезеңдерден тұрды. Финалдық кезеңнің өзі 3 сатыд тұрады: өзін-өзі таныстыру, ҚР Заңдарынан тесттен өту және «жобаны қорғау». Биылғы қорғалатын жоба тақырыбы: «ҚР Мемлекеттік қызметі: мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау жүйесі моделі». Байкау барысында жас қызметшілер тұшымды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Шара соңы марапаттаумен аяқталды.
27.11.2012 04:41 3509

Таяуда Қызылорда облысында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер байқауы өтіп, қорытындыланды. Бұл жайында Bnews.kz тілшісі хабарлайды.

Шараны облыс әкімдігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасы бірігіп ұйымдастырды. «2012 жылдың үздік жас мемлекеттік қызметшісі» байқауы – облыста дәстүрге айналған шаралардың бірі.

«Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындау және оларды ынталандыру, кәсіби дамыту, қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің статусын көтеру, өзіндік имиджін қалыптастыру және нығайту», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев.

Ережеге сәйкес байқауға облыстағы мемлекеттік мекемелерден жасы 29-ға дейінгі жас қызметшілер қатысты. Байқау іріктеу және финалдық кезеңдерден тұрды. Финалдық кезеңнің өзі 3 сатыд тұрады: өзін-өзі таныстыру, ҚР Заңдарынан тесттен өту және «жобаны қорғау». Биылғы қорғалатын жоба тақырыбы: «ҚР Мемлекеттік қызметі: мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау жүйесі моделі». Байкау барысында жас қызметшілер тұшымды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Шара соңы марапаттаумен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға