Жаңалықтар

Геологиялық құрылымы және пайдалы қазындылары

Облыстың жер аумағы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан палеозоидының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі және Семізбұғы синклинориі, каледонид пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі герциндік Теңіз ойысы мен Карағанды синклинорийіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын Сарысу-Теңіз көтерілімі жатады. Құрамына Спасск антиклинорийі, Қарасор және Өспен синклинорийі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің сож. доғасы кіретін герциндік құрылым Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан. Бұл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жаңғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. Әртүрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстарды қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатқан Қарағанды синклинорийі. Синклинорийдің орта тұсын Қарағанды көмір бассейні алып жатыр. Қарағанды синклинорийінің батыс бөлігі грабен-синклинальды девон және төменгі палеозойдың вулканогеңді-терригенді қабаттарынан түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталады. Мұнда Самар және Завьяловка тас көмір кен орындары орналасқан. Грабен-синклинальдар шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен шектелген. Бассейннен солтүстікке таман фамен және турней ярусының карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан түзілген брахисинклинальдардың және мульдалардың көтеріңкі учаскілерімен кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұсқа көміріндегі күл мөлшері жоғары Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қорғасын-мырышты руда жүлгілері мен Жалайыр барит кені белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен металлургия, химия және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әктастың бірнеше кен орны анықталды. Бұлардың қатарына барланып, пайдалануға берілген Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік Топар әктас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршықтас кенорындарының негізгі зертгелген бөлігі өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамиқалық бұйымдар, отқа төзімді материалдар даярлауға пайдаланылады. Актас, Сасыққарасу саз кені пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені жан-жақты зерттеліп, игерілуде. Қарағанды синклинорийінін оңтүстігін ала, Тектұрмас антиклинорийінен солтүстікке таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта ұзындығы 250 км, ені 5-15 км-лік Спасск жаншылу зонасы орналасқан. Бұл зонада Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Көктасжал, Сарыадыр, Алтынтөбе және т.б. кен орындары) және 250-ден астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды. Пирофиллит, мәрмәр кендері де табылып, барланды (Спасск). Зонаның оңтүстігіне таман ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші гранодиоритгі интрузияларымен байланысы бар Нұра синклинорийі өтеді. Гранит және жоғарғы фамен туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремнийпиритті-магнетитті-гематитті кен орыңдары (Кентөбе темір кен орны) ұштасып жатыр. Облыс жерінде батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері грабен-синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстың бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан түзілген. Көтерілімнің орталық белігін алып жатқан Шұбаркөл грабен-синклиналіне күлділігі аз (2-10%), қоры 2 млрд.т Шұбаркөл көмір кені орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және кірпіштік саз кендері сай келеді. Шыңғысалды синклинорийі мен Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік типті плутогенді-гидротермальды рудалану (Көктасжал кен орны) және колчедандық типке жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталған. Ұлытау-Жезқазған аймағының геологиялық құрылымы тау жыныстарының әр түрлі үш кешендерінен қалыптасқан: 1-кембрийге дейінгі күрделі дислокацияға ұшыраған метаморфтық жыныстар; 2-палеозойдың жанартаулық тұнба қатпарлы жыныстары; 3-мезозой және кайнозойдың құмтасты-сазды платформалық құрылымдары. Ұлытау-Жезқазған аймағы шегінде мыстың аса ірі кен орындары, марганецтің, қорғасын және мырыштың ірі кен орындары, темірдің, никельдің, кобальттың, көмірдің, асбестің құрылыстық және флюстік шикізаттардың орташа және шағын кен орындары, алтынның, хром, никель, мыс, платина руда түзілу белгілерінің, бейруда пайдалы қазбалары — магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбест шоғырланған. Қара және түсті металдар рудаларында күміс, рений, кадмий, таллий, германий және т.б. шашыранды элементтердің құнды қоспалары кездеседі. Темір рудаларының жер бетіне шығып жатқан ірі орындары Қарсақбай зауыты ауданында 40 км-ге созылып жатыр. Мұнда Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кен орындары орналасқан. Керегетас және Балбырауын кен орындарының темірлі кварциттің қалындығы 10 м-ден 220 м-ге баратын 5-7 горизонты бар. Бүкіл 400 км-лік өн бойындағы темірдің қоры миллиард тонна деп бағаланып отыр. Ұлытау-Жезқазған аймағы марганец рудаларының қоры бойынша Қазақстаңда негізгі аудандарға жатады. Жезді кен орны ауданында темірлі-марганецті руда белгілері бар Балажал, Емельяновское, Батыс Керегетас, Жаман Кергетас орыңдары белгілі. 20 ғ-дың 80-жылдарының ортасында Қаптыадыр тауының оңтүстігін ала Айдарлы фабен-синклиналінде марганецтің жаңа кен орындары (Богач, Тур 1, Тур II және т.б.) ашылды. Қазіргі танда мыс рудалы формацияларының ішіндегі өнеркәсіптік маңыздысы — Жезқазған рудалы формациясы. Осы формацияның Жезқазған, Жыланды тобы (Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Аралбай), Жаманайбат және т.б. ұсақ кен орындары төменагі, орта және жоғарғы карбон және төменгі пермьнің терригендік шөгінділеріне байланысты түзілген. Никель және кобальт кен орындары Шайтантас, Ешкіелмес, Талдысай массивтерінің желмен үгілген гипербазиттері негізінде шоғырланған, бетін миоцен шөгінділері жапқан. Шу-Сарысу ойпаңының шығыс жапсарындағы кең алаптағы көне үгілу қыртысында бокситтің қоры анықталуда. Жезқазған-Ұлытау өңірінде жанғыш пайдалы қазындылардан Байкоңыр ауылының маңында юраның коңыр көмір кені (Байкоңыр және Қияқты кені) кездеседі. Қоры 100 млн т. шамасында. Шұбаркөл кенішіндегі көмір қоры 1,7 млрд т. деп есептеледі. Байкоңыр поселкесінен оңтүстік-батысқа қарай 170 км жерден Оңтүстік-Торғай мұнай-газ провинциясы (Құмкел тобы) ашылды. Шу-Сарысу ойпаңынан 14 мұнайлы-газды мүмкіндігі мол құрылымдар анықталды және Шу көтерілімінен Придорожное газ кені ашылды. Уикипедия
11.08.2013 12:50 11966

Облыстың жер аумағы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан палеозоидының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі және Семізбұғы синклинориі, каледонид пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі герциндік Теңіз ойысы мен Карағанды синклинорийіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын Сарысу-Теңіз көтерілімі жатады. Құрамына Спасск антиклинорийі, Қарасор және Өспен синклинорийі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің сож. доғасы кіретін герциндік құрылым Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан. Бұл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жаңғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. Әртүрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстарды қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатқан Қарағанды синклинорийі. Синклинорийдің орта тұсын Қарағанды көмір бассейні алып жатыр. Қарағанды синклинорийінің батыс бөлігі грабен-синклинальды девон және төменгі палеозойдың вулканогеңді-терригенді қабаттарынан түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталады. Мұнда Самар және Завьяловка тас көмір кен орындары орналасқан. Грабен-синклинальдар шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен шектелген. Бассейннен солтүстікке таман фамен және турней ярусының карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан түзілген брахисинклинальдардың және мульдалардың көтеріңкі учаскілерімен кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұсқа көміріндегі күл мөлшері жоғары Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қорғасын-мырышты руда жүлгілері мен Жалайыр барит кені белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен металлургия, химия және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әктастың бірнеше кен орны анықталды. Бұлардың қатарына барланып, пайдалануға берілген Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік Топар әктас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршықтас кенорындарының негізгі зертгелген бөлігі өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамиқалық бұйымдар, отқа төзімді материалдар даярлауға пайдаланылады. Актас, Сасыққарасу саз кені пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені жан-жақты зерттеліп, игерілуде. Қарағанды синклинорийінін оңтүстігін ала, Тектұрмас антиклинорийінен солтүстікке таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта ұзындығы 250 км, ені 5-15 км-лік Спасск жаншылу зонасы орналасқан. Бұл зонада Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Көктасжал, Сарыадыр, Алтынтөбе және т.б. кен орындары) және 250-ден астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды. Пирофиллит, мәрмәр кендері де табылып, барланды (Спасск). Зонаның оңтүстігіне таман ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші гранодиоритгі интрузияларымен байланысы бар Нұра синклинорийі өтеді. Гранит және жоғарғы фамен туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремнийпиритті-магнетитті-гематитті кен орыңдары (Кентөбе темір кен орны) ұштасып жатыр. Облыс жерінде батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері грабен-синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстың бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан түзілген. Көтерілімнің орталық белігін алып жатқан Шұбаркөл грабен-синклиналіне күлділігі аз (2-10%), қоры 2 млрд.т Шұбаркөл көмір кені орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және кірпіштік саз кендері сай келеді. Шыңғысалды синклинорийі мен Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік типті плутогенді-гидротермальды рудалану (Көктасжал кен орны) және колчедандық типке жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталған. Ұлытау-Жезқазған аймағының геологиялық құрылымы тау жыныстарының әр түрлі үш кешендерінен қалыптасқан: 1-кембрийге дейінгі күрделі дислокацияға ұшыраған метаморфтық жыныстар; 2-палеозойдың жанартаулық тұнба қатпарлы жыныстары; 3-мезозой және кайнозойдың құмтасты-сазды платформалық құрылымдары. Ұлытау-Жезқазған аймағы шегінде мыстың аса ірі кен орындары, марганецтің, қорғасын және мырыштың ірі кен орындары, темірдің, никельдің, кобальттың, көмірдің, асбестің құрылыстық және флюстік шикізаттардың орташа және шағын кен орындары, алтынның, хром, никель, мыс, платина руда түзілу белгілерінің, бейруда пайдалы қазбалары — магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбест шоғырланған. Қара және түсті металдар рудаларында күміс, рений, кадмий, таллий, германий және т.б. шашыранды элементтердің құнды қоспалары кездеседі. Темір рудаларының жер бетіне шығып жатқан ірі орындары Қарсақбай зауыты ауданында 40 км-ге созылып жатыр. Мұнда Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кен орындары орналасқан. Керегетас және Балбырауын кен орындарының темірлі кварциттің қалындығы 10 м-ден 220 м-ге баратын 5-7 горизонты бар. Бүкіл 400 км-лік өн бойындағы темірдің қоры миллиард тонна деп бағаланып отыр. Ұлытау-Жезқазған аймағы марганец рудаларының қоры бойынша Қазақстаңда негізгі аудандарға жатады. Жезді кен орны ауданында темірлі-марганецті руда белгілері бар Балажал, Емельяновское, Батыс Керегетас, Жаман Кергетас орыңдары белгілі. 20 ғ-дың 80-жылдарының ортасында Қаптыадыр тауының оңтүстігін ала Айдарлы фабен-синклиналінде марганецтің жаңа кен орындары (Богач, Тур 1, Тур II және т.б.) ашылды. Қазіргі танда мыс рудалы формацияларының ішіндегі өнеркәсіптік маңыздысы — Жезқазған рудалы формациясы. Осы формацияның Жезқазған, Жыланды тобы (Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Аралбай), Жаманайбат және т.б. ұсақ кен орындары төменагі, орта және жоғарғы карбон және төменгі пермьнің терригендік шөгінділеріне байланысты түзілген. Никель және кобальт кен орындары Шайтантас, Ешкіелмес, Талдысай массивтерінің желмен үгілген гипербазиттері негізінде шоғырланған, бетін миоцен шөгінділері жапқан. Шу-Сарысу ойпаңының шығыс жапсарындағы кең алаптағы көне үгілу қыртысында бокситтің қоры анықталуда. Жезқазған-Ұлытау өңірінде жанғыш пайдалы қазындылардан Байкоңыр ауылының маңында юраның коңыр көмір кені (Байкоңыр және Қияқты кені) кездеседі. Қоры 100 млн т. шамасында. Шұбаркөл кенішіндегі көмір қоры 1,7 млрд т. деп есептеледі. Байкоңыр поселкесінен оңтүстік-батысқа қарай 170 км жерден Оңтүстік-Торғай мұнай-газ провинциясы (Құмкел тобы) ашылды. Шу-Сарысу ойпаңынан 14 мұнайлы-газды мүмкіндігі мол құрылымдар анықталды және Шу көтерілімінен Придорожное газ кені ашылды.

Уикипедия

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға