Жаңалықтар

Шымкентте белгісіз «Атымтай жомарт» 4 млн-нан астам ақша таратқан

Шымкентте белгісіз «Атымтай жомарт»  қасиетті Рамазан айында жағдайы төмен адамдарға 100-200 мың теңге көлемінде ақша таратты, деп жазады өңірлік «Замана» газеті. Мұқтаж адамдарға қаржы үлестірген қайырымды жігіт жөнінде Шымкенттің «Достық» шағын ауданы тұрғындары редакцияға хабарласқан. Барлығы 4 миллион 200 мың теңге көмек ретінде үлестірілген. Тұрғынның айтуына қарағанда, аты-жөнін айтуды қаламаған қара түсті джип мінген бір азамат осы шағын аудан тұрғынына ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға таратып беру үшін қомақты қаржы қалдырған. Олар тізім жасап жағдайы төмен адамдарға 100-200 мың теңге көлемінде ақшаны таратып берген. Нышангүл Сейітова, көпбалалы ана: – 10-шілде күні таныстарым телефон соғып, біреулердің ақша таратып жатқаны жөнінде айтты. Оған сенбей отыра беріп едік. Бір кісілердің 200 мың теңгеден таратқаны рас екен. Тағы келеді деген соң күтіп жүрдік. Бірнеше күннен кейін көшеде келе жатыр едім, қасыма шетелдік көлік тоқтады. Терезеден басын шығарған бір азамат, қайырымдылық көмек деп қолыма ақша ұсынды. Санап көрсем, 100 мың теңге екен, қуанып кеттім. Ақсұлу Дербешева, мектеп оқушысы: – Ақша үлестіріп жатыр деген жерге мені шешем жіберді. Барсам, үш-төрт шетелдік машинаға мінген ағалар тізім жасап тұр екен. Сол жердегі Мәриям апаға айтып, бізді де тізімге қосқыздым. Кейін ол кісілер 21 адамға таратып беріңіздер деп төрт келіншекке қара пакетке салынған ақшаны ұсынды да, өздері кетіп қалды. Ал апайлар ақшаны санаймыз деп үйге кірді де, есікті іштен бекітіп алды. Біздер пенсия алатын кісілер секілді есіктің алдында күтіп тұрдық. Бір кезде терезені ашып, тізім бойынша ақшаны бере бастады. Мен 195 мың теңгені анама апарып бердім. Басылым қайырымдылық қаржысына қол жеткіздік деген тағы да бірнеше тұрғынның пікірін ұсынып отыр. bnews.kz
02.08.2013 04:58 3445

Шымкентте белгісіз «Атымтай жомарт»  қасиетті Рамазан айында жағдайы төмен адамдарға 100-200 мың теңге көлемінде ақша таратты, деп жазады өңірлік «Замана» газеті.

Мұқтаж адамдарға қаржы үлестірген қайырымды жігіт жөнінде Шымкенттің «Достық» шағын ауданы тұрғындары редакцияға хабарласқан. Барлығы 4 миллион 200 мың теңге көмек ретінде үлестірілген.

Тұрғынның айтуына қарағанда, аты-жөнін айтуды қаламаған қара түсті джип мінген бір азамат осы шағын аудан тұрғынына ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға таратып беру үшін қомақты қаржы қалдырған. Олар тізім жасап жағдайы төмен адамдарға 100-200 мың теңге көлемінде ақшаны таратып берген.

Нышангүл Сейітова, көпбалалы ана: – 10-шілде күні таныстарым телефон соғып, біреулердің ақша таратып жатқаны жөнінде айтты. Оған сенбей отыра беріп едік. Бір кісілердің 200 мың теңгеден таратқаны рас екен. Тағы келеді деген соң күтіп жүрдік. Бірнеше күннен кейін көшеде келе жатыр едім, қасыма шетелдік көлік тоқтады. Терезеден басын шығарған бір азамат, қайырымдылық көмек деп қолыма ақша ұсынды. Санап көрсем, 100 мың теңге екен, қуанып кеттім.

Ақсұлу Дербешева, мектеп оқушысы: – Ақша үлестіріп жатыр деген жерге мені шешем жіберді. Барсам, үш-төрт шетелдік машинаға мінген ағалар тізім жасап тұр екен. Сол жердегі Мәриям апаға айтып, бізді де тізімге қосқыздым. Кейін ол кісілер 21 адамға таратып беріңіздер деп төрт келіншекке қара пакетке салынған ақшаны ұсынды да, өздері кетіп қалды. Ал апайлар ақшаны санаймыз деп үйге кірді де, есікті іштен бекітіп алды. Біздер пенсия алатын кісілер секілді есіктің алдында күтіп тұрдық. Бір кезде терезені ашып, тізім бойынша ақшаны бере бастады. Мен 195 мың теңгені анама апарып бердім.

Басылым қайырымдылық қаржысына қол жеткіздік деген тағы да бірнеше тұрғынның пікірін ұсынып отыр.

bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға