Жаңалықтар

Оның мүмкіндігі ұшан теңіз

Телеарна – насихатшы, өнеге таратушы. Оның мүмкіндігі ұшан теңіз. Онда айтылған әрбір сөз сол күйінде үлгі болып қалады. Сен олай деме, былай де деп айтқан арнайы айтқан насихаттан көрі, тележүргізушінің, не хабарға қатысушының сөзі сол күйінде үлгі болып қалады. Теледидардағы шеберлікте жекелеген даралық, көп қырлылық, сұңғыла шешендік, бәрі – бәрі қабаттаса, қабыса өріліп, жеке дара жүргізушінің бойынан табылуы қажет. Бүгінде экрандағы жүргізушілер аға буын өкілдері қалдырған мұраны толы танып, олардың шеберліктерінің қыр–сырын меңгеруде әлсіздік танытуда. Оған себеп, сол жылдардағы жазылған тұщымды еңбек, көлемді материалдардың тапшылығы не сыни еңбектердің жоқтығы. Ал танымалдық және даралық сол кезінде – ақ оларға тәжірибемен, ізденіспен, парасат – пайым, ақыл – ой шабуылымен келгені ақиқат. Шеберлік атты ұғым көп қырлы, сан сырлы. Әсіресе, театр мен кинодан, газет пен радиодан әлдеқайда жас теледидар саласындағы шеберлік ұғымының аршылмаған қатпарлары мол. Соған қарамастан тележурналистер өз мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіре түсіп, шеберлік мәселелерінің теориялық тереңіне бойлай беруін уақыттың өзі қажет етіп отырғандағы айқын.     Демек, шеберлік дегеніміз - әрқайсысы бөлек – бөлек мақсат та, мазмұн да, пән де, форма да емес, керісінше, бұлардың барлығын да тұтас қалпында жан-жақты терең меңгеру деген сөз. Сондықтан оларды тұтас, бірлікте қарау керек те, оған жазу, сөйлеу әдісін, хабарды даярлау шеберлігін қосу керек. Сонда ғана біз журналист шеберлігін қойған мақсатының айқындылығына, хабарды меңгере білуіне, оның экранда сөйлеу әдісінің барған сайын жетіле түсуіне қарай түстеп бағалайтын боламыз. Тележурналист айналасындағы оқиғаларды өзінің қабылдауы, өмірге көзқарасы және әлеуметтік позициясы тұрғысынан бағалайды. Ал оның дүние – танымы мен әлеуметтік көзқарасын ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта қалыптастырады, айқындайды. Себебі, сол қоғамда өмір сүре отырып, ол ортадан шығып кетуге болмайды. Шындығында, уақыт өмір сахнасында болып жатқан әрбір құбылысты көрерменге түсінікті тілмен, айшықты жеткізе білу де - өмір талабы. Оған әрбір тележурналист өзінің өмірді байқап, сезініп, түйсіне білуі дәрежесінде баға береді. Олардың шығармасы терең де, жан – жақты талдаулар, кемшіліктерді ғылыми тұрғыдан дәлелді түрде сынау, жаңалықтарды, шындықты байқау, таба білу, олардың табиғатын тануға көрерменді сендіретіндей дәрежеге көтерілуі тиіс. Өнер құпиясы оның күрделілігінде. Қас – қағым сәтте сыртқа шыққысы келіп сөзден сауға сұраған ойларды жұбын жазбай, жүйелі жеткізу, сан – салалы оқиғалармен табыстыру шын шеберлікті қажет етеді. Эфир алаңындағы жүргізуші – бүкіл халқымыздың болмыс – бітімін бойына жинақтаған типтік тұлға. Сырт келбет, дауыс ырғағы, көңіл – күй, артикуляция, дикция дегендердің бәріне де сақадай сай болуы керек. Теледидарға халық рухын, арманы мен аңсарын, парасаты мен пайымын бір бойына жинақтаған алыптар тұлғаларын жаңғырта алып шығып, сұхбат жанрында жаңалық болып қалыптасқан дәстүр С.Оразалин туындысында жаңа бір қырынан көрінді. Хабар жүргізушілердің сөйлеу қабілеті жайында да айтпасқа болмайды. Осы ретте олардың хабарлардың жүргізу барысындағы бет құбылыстарын, сөйлеу мәнері, әр сөздің анықтығы туралы да сөз ету жөн.
28.07.2013 16:03 5019

Телеарна – насихатшы, өнеге таратушы. Оның мүмкіндігі ұшан теңіз. Онда айтылған әрбір сөз сол күйінде үлгі болып қалады. Сен олай деме, былай де деп айтқан арнайы айтқан насихаттан көрі, тележүргізушінің, не хабарға қатысушының сөзі сол күйінде үлгі болып қалады.

Теледидардағы шеберлікте жекелеген даралық, көп қырлылық, сұңғыла шешендік, бәрі – бәрі қабаттаса, қабыса өріліп, жеке дара жүргізушінің бойынан табылуы қажет. Бүгінде экрандағы жүргізушілер аға буын өкілдері қалдырған мұраны толы танып, олардың шеберліктерінің қыр–сырын меңгеруде әлсіздік танытуда. Оған себеп, сол жылдардағы жазылған тұщымды еңбек, көлемді материалдардың тапшылығы не сыни еңбектердің жоқтығы. Ал танымалдық және даралық сол кезінде – ақ оларға тәжірибемен, ізденіспен, парасат – пайым, ақыл – ой шабуылымен келгені ақиқат.

Шеберлік атты ұғым көп қырлы, сан сырлы. Әсіресе, театр мен кинодан, газет пен радиодан әлдеқайда жас теледидар саласындағы шеберлік ұғымының аршылмаған қатпарлары мол. Соған қарамастан тележурналистер өз мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіре түсіп, шеберлік мәселелерінің теориялық тереңіне бойлай беруін уақыттың өзі қажет етіп отырғандағы айқын.     Демек, шеберлік дегеніміз - әрқайсысы бөлек – бөлек мақсат та, мазмұн да, пән де, форма да емес, керісінше, бұлардың барлығын да тұтас қалпында жан-жақты терең меңгеру деген сөз. Сондықтан оларды тұтас, бірлікте қарау керек те, оған жазу, сөйлеу әдісін, хабарды даярлау шеберлігін қосу керек. Сонда ғана біз журналист шеберлігін қойған мақсатының айқындылығына, хабарды меңгере білуіне, оның экранда сөйлеу әдісінің барған сайын жетіле түсуіне қарай түстеп бағалайтын боламыз.

Тележурналист айналасындағы оқиғаларды өзінің қабылдауы, өмірге көзқарасы және әлеуметтік позициясы тұрғысынан бағалайды. Ал оның дүние – танымы мен әлеуметтік көзқарасын ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта қалыптастырады, айқындайды. Себебі, сол қоғамда өмір сүре отырып, ол ортадан шығып кетуге болмайды. Шындығында, уақыт өмір сахнасында болып жатқан әрбір құбылысты көрерменге түсінікті тілмен, айшықты жеткізе білу де - өмір талабы. Оған әрбір тележурналист өзінің өмірді байқап, сезініп, түйсіне білуі дәрежесінде баға береді. Олардың шығармасы терең де, жан – жақты талдаулар, кемшіліктерді ғылыми тұрғыдан дәлелді түрде сынау, жаңалықтарды, шындықты байқау, таба білу, олардың табиғатын тануға көрерменді сендіретіндей дәрежеге көтерілуі тиіс.

Өнер құпиясы оның күрделілігінде. Қас – қағым сәтте сыртқа шыққысы келіп сөзден сауға сұраған ойларды жұбын жазбай, жүйелі жеткізу, сан – салалы оқиғалармен табыстыру шын шеберлікті қажет етеді.

Эфир алаңындағы жүргізуші – бүкіл халқымыздың болмыс – бітімін бойына жинақтаған типтік тұлға. Сырт келбет, дауыс ырғағы, көңіл – күй, артикуляция, дикция дегендердің бәріне де сақадай сай болуы керек.

Теледидарға халық рухын, арманы мен аңсарын, парасаты мен пайымын бір бойына жинақтаған алыптар тұлғаларын жаңғырта алып шығып, сұхбат жанрында жаңалық болып қалыптасқан дәстүр С.Оразалин туындысында жаңа бір қырынан көрінді.

Хабар жүргізушілердің сөйлеу қабілеті жайында да айтпасқа болмайды. Осы ретте олардың хабарлардың жүргізу барысындағы бет құбылыстарын, сөйлеу мәнері, әр сөздің анықтығы туралы да сөз ету жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға