Жаңалықтар

Қызылордада картинг спорты қолға алынады

Қызылордада келесі жылдан бастап картинг спортын дамыту оң жолға қойылмақ. Бұл жайында өңір әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің блог тұғырнамасында мәлімдеді.    Әкімге хат жазған облыстағы картинг үйірмесінің жетекшісі Рашид Алиев өңірде техникалық спорт түрлерінің тым кенже қалғандығын айтып отыр. Мәселені көтеріп біраз есікті қағып көргенімен нәтиже шығатын түрі жоқ дейді ол жазған хатында. "Картинг - техникалық спорттың заманауй бір түрі. Оны тіпті, "Формула-1" автожарысының шағын түрі десек те болады. Бұрын жанданып тұрған қызылордалық картинг бүгінде тоқырауда. Жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру үшін тиісті жағдайларды да жасау керек" дейді әкімге мұңын айтқан облыс тұрғыны. Қырымбек Көшербаев болса көтерілген мәселенің расында да маңызды екендігін айты отырып, бұл спорт түрін биыл демеушілер тарту арқылы аяққа тұрғызуға жәрдем беретіндігін мәлімдеді. Ал, келесі жылдың бюджетін құрған кезде картингті де атқарылатын жобалар тізіміне енгізу керек дейді әкім. "Қызылорда қаласында автоспортты дамытудың маңызы өте зор екендігіне келісеміз, себебі бұл жоба Қызылорда қаласының жастарына салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бойындағы қабілеттерін одан әрі шыңдауға көмектеседі және басқа да техникалардың тілін меңгеруге септігін тигізеді. Автоспортты дамытуға қаржы құралдары облыстық бюджетте қарастырылмағандықтан, аталмыш мәселені бюджеттен тыс және демеушілік негіздегі қаржы құралдары арқылы шешкен жөн деп есептейміз. Ағымдағы жылы бюджеттен тыс және демеушілік негіздегі қаржы құралдары бірнеше жобаларды іске асыруға үлестіріліп қойған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында қосымша инвесторларды іздестірудеміз және 2014-ші жылы жүзеге асырылатын жобалар тізіміне еңгізуді ұсынамыз. Жобаны жүзеге асыру бойынша жауапты Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С. Мұстафаев" деп қорытындылаған Қ.Көшербаев. 
28.07.2013 11:14 3282

Қызылордада келесі жылдан бастап картинг спортын дамыту оң жолға қойылмақ. Бұл жайында өңір әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің блог тұғырнамасында мәлімдеді. 

 

Әкімге хат жазған облыстағы картинг үйірмесінің жетекшісі Рашид Алиев өңірде техникалық спорт түрлерінің тым кенже қалғандығын айтып отыр. Мәселені көтеріп біраз есікті қағып көргенімен нәтиже шығатын түрі жоқ дейді ол жазған хатында.
"Картинг - техникалық спорттың заманауй бір түрі. Оны тіпті, "Формула-1" автожарысының шағын түрі десек те болады. Бұрын жанданып тұрған қызылордалық картинг бүгінде тоқырауда. Жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру үшін тиісті жағдайларды да жасау керек" дейді әкімге мұңын айтқан облыс тұрғыны.
Қырымбек Көшербаев болса көтерілген мәселенің расында да маңызды екендігін айты отырып, бұл спорт түрін биыл демеушілер тарту арқылы аяққа тұрғызуға жәрдем беретіндігін мәлімдеді. Ал, келесі жылдың бюджетін құрған кезде картингті де атқарылатын жобалар тізіміне енгізу керек дейді әкім.
"Қызылорда қаласында автоспортты дамытудың маңызы өте зор екендігіне келісеміз, себебі бұл жоба Қызылорда қаласының жастарына салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бойындағы қабілеттерін одан әрі шыңдауға көмектеседі және басқа да техникалардың тілін меңгеруге септігін тигізеді.
Автоспортты дамытуға қаржы құралдары облыстық бюджетте қарастырылмағандықтан, аталмыш мәселені бюджеттен тыс және демеушілік негіздегі қаржы құралдары арқылы шешкен жөн деп есептейміз.
Ағымдағы жылы бюджеттен тыс және демеушілік негіздегі қаржы құралдары бірнеше жобаларды іске асыруға үлестіріліп қойған.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында қосымша инвесторларды іздестірудеміз және 2014-ші жылы жүзеге асырылатын жобалар тізіміне еңгізуді ұсынамыз. Жобаны жүзеге асыру бойынша жауапты Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С. Мұстафаев" деп қорытындылаған Қ.Көшербаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға