Жаңалықтар

Н.Назарбаев келем деушілердің барлығын қазақ қонақжайлылығын сезінуге шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының қабылдауына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz. Мемлекет басшысы іс-шараға қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы шешім үшін Қазақстан Республикасы атынан алғысын айтты. «ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады», – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев келем деушілердің барлығын қазақ қонақжайлығын сезініп, табиғаттың және ұлы дала кеңістігіндегі заманауи қаланың ғажайып әсемдігін тамашалау үшін Қазақстанға шақырды. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсынды. Ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған. Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет. Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған. Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды. Бизнес пен өмір сүру үшін қолайлы және серпінді орта қалыптасқан заманауи қала бүгінде ЕҚЫҰ-ның саммиті мен қысқы Азиада ойындары тәрізді халықаралық ірі іс-шараларды өткізіп, тәжірибе жинақтады. Бұдан бөлек, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу үшін қосымша инфрақұрылым құрылатын болады.
22.11.2012 20:30 2924

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының қабылдауына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы іс-шараға қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы шешім үшін Қазақстан Республикасы атынан алғысын айтты.

«ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев келем деушілердің барлығын қазақ қонақжайлығын сезініп, табиғаттың және ұлы дала кеңістігіндегі заманауи қаланың ғажайып әсемдігін тамашалау үшін Қазақстанға шақырды.

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсынды. Ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған.

Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет.

Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған.

Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды. Бизнес пен өмір сүру үшін қолайлы және серпінді орта қалыптасқан заманауи қала бүгінде ЕҚЫҰ-ның саммиті мен қысқы Азиада ойындары тәрізді халықаралық ірі іс-шараларды өткізіп, тәжірибе жинақтады. Бұдан бөлек, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу үшін қосымша инфрақұрылым құрылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға