Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандықтардың барлығы ЕХРО үшін алаңдап отыр

Бүгін, 22 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 22:00-01:00 аралығында Парижде ЕХРО Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясы аясында сессияға қатысушыларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуі айтылған бейнеролик көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мен үшін Қазақстан Президенті ретінде сіздерге өзімнің жас елімді және оның астанасын таныстыру үлкен мәртебе. Осыдан 20 жыл бұрын біз әлемде саяси, экономикалық салада бізді көп елдер біле бермейтін. Бүгін Қазақстан халықаралық қауымдастықта берік ықпалдасқан мемлекет, біз инвестиция, серіктестер және заманауи технологиялар үшін ашық елміз. ЕХРО көрмелері адамзатты үдемелі даму үшін жаңа бастамаларды іздеуге шабыттандырады. Қазір энергетка саласы өзекті саланың бірі болып тұр. Осы сала бойынша оң өзгеріс бизнес пен тіршілік әрекетіндегі көзқарасты өзгертеді. Энергетика саласындағы жаңа серпін экономиканың тиімділігін арттырып, әлеуметтік стандарттарды ұлғайтады, тіршілік ортасының бұзылуын тоқтатады. Осыны ескере отырып, Қазақстан көрмеге «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. ЕХРО-ны біздің елімізде өткізу болашақты әлдеқайда ерекше етуге мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда мұнай-газ, көмір, уран кен орындарына бай. Сонымен қатар, біз энергияның балама көздерінің қуатты әлеуетін ашуға тырысудамыз. Қазақстан экономиканы «көгалдандыру» бағытын ұстанады. Біз ЕХРО көрмесін өткізу үшін еліміздің бас қаласы – Астананы ұсынамыз",  деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
22.11.2012 17:00 2764

Бүгін, 22 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 22:00-01:00 аралығында Парижде ЕХРО Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясы аясында сессияға қатысушыларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуі айтылған бейнеролик көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен үшін Қазақстан Президенті ретінде сіздерге өзімнің жас елімді және оның астанасын таныстыру үлкен мәртебе. Осыдан 20 жыл бұрын біз әлемде саяси, экономикалық салада бізді көп елдер біле бермейтін.

Бүгін Қазақстан халықаралық қауымдастықта берік ықпалдасқан мемлекет, біз инвестиция, серіктестер және заманауи технологиялар үшін ашық елміз. ЕХРО көрмелері адамзатты үдемелі даму үшін жаңа бастамаларды іздеуге шабыттандырады. Қазір энергетка саласы өзекті саланың бірі болып тұр. Осы сала бойынша оң өзгеріс бизнес пен тіршілік әрекетіндегі көзқарасты өзгертеді.

Энергетика саласындағы жаңа серпін экономиканың тиімділігін арттырып, әлеуметтік стандарттарды ұлғайтады, тіршілік ортасының бұзылуын тоқтатады. Осыны ескере отырып, Қазақстан көрмеге «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. ЕХРО-ны біздің елімізде өткізу болашақты әлдеқайда ерекше етуге мүмкіндік береді.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда мұнай-газ, көмір, уран кен орындарына бай. Сонымен қатар, біз энергияның балама көздерінің қуатты әлеуетін ашуға тырысудамыз. Қазақстан экономиканы «көгалдандыру» бағытын ұстанады. Біз ЕХРО көрмесін өткізу үшін еліміздің бас қаласы – Астананы ұсынамыз",  деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға