Жаңалықтар

Тынышбаев Мұхамеджан

Тынышбайұлы Мұхамеджан – Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы обл. Қабанбай ауд.) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. 10 жыл аталған гимназияда оқығаннан кейін Император І Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Ол саясатқа ерте араласады. 1905 жылы қарашада автономистердің І съезіне қатысып, “Қазақтар және азаттық қозғалысы” атты баяндама жасайды. 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу темір жолын жобалау ісіне қатысады. Ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен де көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында Мемлекеттік ІІ Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Дума таратылғаннан кейін 1907-1914 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығындағы аймақтың темір жол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол “Қазақ” газеті тобында болды. 1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбайұлы мен О.А.Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлары етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңына Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт Кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді. 1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері, Түрксіб құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған “Талап” атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі – Түркістан-Сібір темір жолы құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында жалған айыппен тұтқындалып, Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Әдебиеттер: 1. Тынышпаев М. История казахского народа (составители А.Такенов, Б.Байгалиев). Алматы,1993  
01.07.2013 05:56 14036

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға