Жаңалықтар

Сейітқали Меңдешұлы

Меңдешұлы Сейітқали – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1882 жылы Астрахан губерниясы жеріндегі Бөкей ордасында туған. 1898-1900 жылдары Орда қаласында екі кластық орыс-қырғыз училищесінде білім алған. 1903 жылы Қазан Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1911 жылы Санкт-Петербор университеті жанындағы мұғалімдер курсында оқыған. 1903-1916 жылдары Орда қаласында мектеп мұғалімі қызметін атқарған. 1911 жылы Орал баспаханасынан «Малда болатын жұқпалы аурулардың һәм оларға қарсы қалай амал қолдану хақында» атты аударма кітап жариялайды. 1913 жылы бүкілресей халық ағарту съезіне қатысқан. 1916 жылғы патшаның «июнь жарлығын» қабылдамай қарсылық көрсеткені үшін төрт ай Астархан түрмесіне жабылған. Осы уақыттағы ұлттық қозғалыстардан шет қалмаған. Алаш қозғалысына белсене араласпаса да, елді оятуға бағытталған ағартушылық еңбегін жалғастыра берген. 1916-1917 жылдары Ордада тұтынушылар қоғамының есепшісі, Жаңа Казанка төңкеріс комитетінің төрағасы. 1917-1919 жылдары Бөкей губерниялық атқару комитетінің мүшесі, төрағасы және осындағы Халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Қамыс-Самар жер басқармасының төрағасы. 1919 жылдың ортасынан Қазақ төңкеріс комитеті Халық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1920-1925 жылдары Қазақ өлкелік Орталық атқару комитетінің төрағасы. Бұл қызметтегі қайраткердің атқарған еңбегі өлшеусіз. Біріншіден, автономиялық мәртебе алған ресубликаның мемлекеттік нышандарын, құрылым-құрылысын қалыптастырды. Екіншіден, Ресей құрамына кете жаздаған Ақмола, Семей губерниясы, Қазақстанның Батыс өлкесі жерлерін дәлелмен алып қалды. Үшіншіден, билік төңірегіне Алаш қайраткерлерін жинап, олардың әлеуетін орнымен пайдалана алды. Эмиграцияда жүрген қайраткер М.Шоқай оның еңбегін ерекше бағалайды. Қайраткер 1925-1926 жылдары Қазақ өлкелік тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, 1926-1930 жылдары Ресей кеңестік федерациясы Экономикалық кеңесінің мүшесі болды. 1930-1933 жылдары Қазақ кеңестік республикасы Халық ағарту комиссары. 1933-1937 жылдары Қазақ өлкелік Орталық атқару комитеті Ғылым комиссиясының төрағасы, Халық комиссариаты кеңесі жанындағы Қорықтар мен тарихи ескерткіштер басқармасының бастығы. Қайраткер 1920-1937 жылы республика мен кеңестер одағы көлемінде өткен саяси съезд, жиындардың баршасына дерлік қатысып, елдікке қатысты маңызды ойларын жұртшылық талқысына салған. 1937 жылы ақпанда ұсталып, 1938 жылы ақпанда нақақ атылған.
01.07.2013 05:54 4202

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға