Жаңалықтар

«Алтын Адам-2012» сыйлығының жүлдегерлері белгілі болды

Алматы қаласындағы Абай атындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Алтын Адам-2012» ұлттық сыйлығын тапсыру салтанаты өтіп, жүлдегерлерге Алтын Адам мүсіні мен сертификаттар тапсырылды. Халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қоғамның белгілі тұлғаларына тапсырылатын бұл сыйлыққа биылғы жылдың қорытындысына сәйкес түрлі номинациялар бойынша мынадай тұлғалар ие болды: - «Мәдениет қайраткері» – Герольд Бельгер; - «Жыл спортшысы» – Серік Сәпиев (Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін); - «Жыл киноактері» – Ерболат Тоғұзақов («Шал» кинофильміндегі басты рөлді сомдағаны үшін); - «Жыл фильмі» – «Шал» туындысы (режиссері және сценарийін жазған Ермек Тұрсынов); - «Жыл журналисті» – Сейітқазы Мтаев (ҚР Журналистер одағының төрағасы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы); - «Жыл тележурналисті» – Артур Платонов (КТК телеарнасы); - «Жыл мұғалімі» – педагог Виталий Червинский (Солтүстік Қазақстан облысы); - «Жыл дәрігері» – Юрий Пя (кардиохирург, Астана қаласы); - «Жыл полициясы» – Ғазиз Байтасов (осыдан тура бір жыл бұрын Тараз қаласында орын алған террористік оқиғадағы ерлігі үшін); - «Жыл жаңалығы» – «MEZZO» квартеті; - «Халық ықыласы және шығармашылық жетістік» – мүсінші Эдуард Казарян (Алматыдағы Көктөбеде орнатылған Beatles қола мүсінінің авторы; - «Халық ықыласы және шығармашылық жетістік» – Нұрлан Абдуллин. «Алтын Адам» сыйлығымен марапаттау рәсімі 2000 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Саяси және коммерциялық тұрғыда тәуелсіз болып табылатын бұл жоба халық арасында ыстық ықыласқа кенеліп, ұлттық сипатқа ие болды және оған қоғам, БАҚ, халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі.
22.11.2012 09:19 3679

Алматы қаласындағы Абай атындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Алтын Адам-2012» ұлттық сыйлығын тапсыру салтанаты өтіп, жүлдегерлерге Алтын Адам мүсіні мен сертификаттар тапсырылды.

Халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қоғамның белгілі тұлғаларына тапсырылатын бұл сыйлыққа биылғы жылдың қорытындысына сәйкес түрлі номинациялар бойынша мынадай тұлғалар ие болды:

- «Мәдениет қайраткері» – Герольд Бельгер;

- «Жыл спортшысы» – Серік Сәпиев (Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін);

- «Жыл киноактері» – Ерболат Тоғұзақов («Шал» кинофильміндегі басты рөлді сомдағаны үшін);

- «Жыл фильмі» – «Шал» туындысы (режиссері және сценарийін жазған Ермек Тұрсынов);

- «Жыл журналисті» – Сейітқазы Мтаев (ҚР Журналистер одағының төрағасы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы);

- «Жыл тележурналисті» – Артур Платонов (КТК телеарнасы);

- «Жыл мұғалімі» – педагог Виталий Червинский (Солтүстік Қазақстан облысы);

- «Жыл дәрігері» – Юрий Пя (кардиохирург, Астана қаласы);

- «Жыл полициясы» – Ғазиз Байтасов (осыдан тура бір жыл бұрын Тараз қаласында орын алған террористік оқиғадағы ерлігі үшін);

- «Жыл жаңалығы» – «MEZZO» квартеті;

- «Халық ықыласы және шығармашылық жетістік» – мүсінші Эдуард Казарян (Алматыдағы Көктөбеде орнатылған Beatles қола мүсінінің авторы;

- «Халық ықыласы және шығармашылық жетістік» – Нұрлан Абдуллин.

«Алтын Адам» сыйлығымен марапаттау рәсімі 2000 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Саяси және коммерциялық тұрғыда тәуелсіз болып табылатын бұл жоба халық арасында ыстық ықыласқа кенеліп, ұлттық сипатқа ие болды және оған қоғам, БАҚ, халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға