Жаңалықтар

Тимур Бекмамбетовтің жеке кинотеатры ашылды

Белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің Алматыда жеке кинотеатрын ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Бұл кинотеатрдың ерекшелігі оның көрермендерің репертуарды өздері құрастыра алатындығында болып табылады. Яғни, көрермендер арнайы порталда өздері көргісі келетін фильмдерге дауыс беру арқылы кинотеатрдың репертуарлық саясатына тікелей ықпал ете алады. Кинотеатрда коммерциялық және авторлық картиналар көрсетілетін болады. Кино түсіру өндірісінде өзіндік стилі қалыптасқан қазақ режиссері жаңа жобасы шеңберінде өзінің қазақстандық, ресейлік және шетелдік әріптестерін көрермендермен кездесуге шақыруға жоспарлап отырғандығын жеткізді. Кинотеатрда алғаш рет бірыңғай электронды билеттер жүйесін енгізу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде кинотеатрдың қаржылық есептілігінің жариялылығын қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, Бекмамбетов желтоқсан айының соңында өзінің соңғы екі жобасының – «Қар ханшайымы» мультфильмі мен Александр Серыйдің белгілі «Сәттілік джентельмендері» («Джентльмены удачи») комедиясының жаңа нұсқасының тұсаукесері өтетіндігін хабарлап, көрермендер қауымын тағы бір қуантты.   Дереккөзі: www.inform.kz
22.11.2012 09:10 3282

Белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің Алматыда жеке кинотеатрын ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл кинотеатрдың ерекшелігі оның көрермендерің репертуарды өздері құрастыра алатындығында болып табылады. Яғни, көрермендер арнайы порталда өздері көргісі келетін фильмдерге дауыс беру арқылы кинотеатрдың репертуарлық саясатына тікелей ықпал ете алады.

Кинотеатрда коммерциялық және авторлық картиналар көрсетілетін болады.

Кино түсіру өндірісінде өзіндік стилі қалыптасқан қазақ режиссері жаңа жобасы шеңберінде өзінің қазақстандық, ресейлік және шетелдік әріптестерін көрермендермен кездесуге шақыруға жоспарлап отырғандығын жеткізді. Кинотеатрда алғаш рет бірыңғай электронды билеттер жүйесін енгізу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде кинотеатрдың қаржылық есептілігінің жариялылығын қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар, Бекмамбетов желтоқсан айының соңында өзінің соңғы екі жобасының – «Қар ханшайымы» мультфильмі мен Александр Серыйдің белгілі «Сәттілік джентельмендері» («Джентльмены удачи») комедиясының жаңа нұсқасының тұсаукесері өтетіндігін хабарлап, көрермендер қауымын тағы бір қуантты.

 

Дереккөзі: www.inform.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға