Жаңалықтар

Ж.Шайдаров атындағы демалыс саябағында ақындар айтысы

Тоқырауын өзенінің жағасындағы Жаманқұл Шайдаров атындағы демалыс саябағында ақындар айтысы өз шымылдығын ашты. Жиналған халықтың алдында Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова өзінің құттықтау сөзін жеткізді. – Биыл халқымыздың маңдайына біткен әншісі Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толып отыр. Аталған мерейтойды атап өту – біздің ортақ парызымыз. Өткенімізді ұлықтап, оған тағзым ету, бүгін де өзімізді өресі биік ұлт ретінде сезіну үшін, ертеңіміздің діңгегі – жастарды адамгершілік, отансүйгіштік, адалдық секілді ең асыл құндылықтарға баулу үшін, сол арқылы ұрпақтар сабақтастығын баянды ету үшін қажет. Қазақ халқының маңдайына Қараменде мен Шабанбай, Жалаңтөс пен Жидебай, Әлихан сынды көсемдерді, ұлттық мәдениетімізге Әсет пен Манарбек, Кенішбай мен Шашубай, Аққыз бен Мағауия сияқты дүйім дүлдүлдерді сыйлаған, киелі топырақ.  Арқаның алтын алқасы – Ақтоғайдан Көкше теңізге қарай көсіле аққан Тоқырауынның бір тамшы суынан, Ақсораңның аңқылдай соққан самалының бір жұтым жұпарынан жаралған дара перзенттерінің бірі – Күләш. Халықтың махаббаты мен құрметіне ие болып, «бұлбұл дауысты әнші» атанған Күләш Байсейітова  24 жасында Кеңес Одағының Халық әртісі деген жоғары атаққа ие болуы – кез келген өнер иесінің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Күләш Байсейітованың әлемдік, орыс және қазақ классикалық опералары репертуарларында сом¬даған ролдерінің галереясында ма¬дам Баттерфляй, Татьяна, Ақжүніс, Сара, Ажар образдары ерекше орын иемденеді. Сондай-ақ, оның алғаш сомдаған «Қыз Жібек» операсындағы көркем бейнесі ұлттық музыка өнерінің мақтанышы болып қала бермек. Иісі қазаққа ортақ ұлы тұлғаның қазақ елінің даңқын асырып, өткен ғасырдан ғасырға жалғасқан қазақ өнерін әлем¬нің сахнасында паш еткені – ұлт мақтанышы. Топырағынан талай талантты өрбіткен қасиетті жерімізден ардақ тұтар асылдар шыға берсін. Той тойға ұлассын, – деді аудан басшысы. Күләштің кіндік қаны Тоқырауын жағасында, Қарасу елді мекенінде тамған дедік. Осы топырақтан қанаттанған тағы бір талант иесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Абзал Бөкен апасына арнаған жұп-жұмыр жыр шумақтарын төкті. Ақындар айтысы да тартысты өтті. Ақтоғайдың жетістіктерін, таланттарын тілге тиек ете отырып, Күләш елінің бүгінгі мәртебесін асқақтатты. Нарманбеттанушы, әдебиетші Аманкелді Туғанбай, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Серік Ақсұңқарұлы, республикалық «Қасым» журналының бас редакторы Серік Сағынтай, «Тоқырауын тынысы» газетінің бас редакторы Мүсіркеп Сейдахмет бастаған қазылар алқасы барынша әділ болуға ұмтылды. Қорытындысында бас жүлде аса дарынды біртуар әнші, Әсет пен Манарбектің лайықты ізбасары Асылмұрат Ахановтың ұлы Мақсат бауырымызға бұйырды. Ақтоғайлық кәсіпкерлер тіккен темір тұлпар Мақсаттың тақымында кетті. Жөн-ақ. Павлодардан келген айтыскер ақын Аспанбек бірінші орынға лайықты деп танылды, одан кейінгі орындарды Астанадан келген белгілі айтыскер ақын Серікзат пен Жезқазғанның аруы Ботакөз өзара бөлісті. *** Кешкісін Ақтоғай жұртшылығы мәдениет үйінде жоспарланған «Ақтоғай – Күләштің атамекені» атты әдеби-сазды кешке жиналды. Кеште Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен үлкен кон-церт берілді. Күләштің сіңлілері - әйгілі әнші Дариға Ақатаева, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері Рымкеш Жұмаділова, әншілер Шәмшия Төлеубаева, Дана Мақшонова, Әйгерім Жақыпбекова құйқылжыта ән шырқады. Шығыс бұлбұлы Күләш репертуарынан бірнеше әндер орындалды. Авторы: «Орталық Қазақстан», Қарағанды облысы. Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ  
20.11.2012 06:45 5089

Тоқырауын өзенінің жағасындағы Жаманқұл Шайдаров атындағы демалыс саябағында ақындар айтысы өз шымылдығын ашты. Жиналған халықтың алдында Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова өзінің құттықтау сөзін жеткізді.
– Биыл халқымыздың маңдайына біткен әншісі Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толып отыр. Аталған мерейтойды атап өту – біздің ортақ парызымыз. Өткенімізді ұлықтап, оған тағзым ету, бүгін де өзімізді өресі биік ұлт ретінде сезіну үшін, ертеңіміздің діңгегі – жастарды адамгершілік, отансүйгіштік, адалдық секілді ең асыл құндылықтарға баулу үшін, сол арқылы ұрпақтар сабақтастығын баянды ету үшін қажет. Қазақ халқының маңдайына Қараменде мен Шабанбай, Жалаңтөс пен Жидебай, Әлихан сынды көсемдерді, ұлттық мәдениетімізге Әсет пен Манарбек, Кенішбай мен Шашубай, Аққыз бен Мағауия сияқты дүйім дүлдүлдерді сыйлаған, киелі топырақ.  Арқаның алтын алқасы – Ақтоғайдан Көкше теңізге қарай көсіле аққан Тоқырауынның бір тамшы суынан, Ақсораңның аңқылдай соққан самалының бір жұтым жұпарынан жаралған дара перзенттерінің бірі – Күләш. Халықтың махаббаты мен құрметіне ие болып, «бұлбұл дауысты әнші» атанған Күләш Байсейітова  24 жасында Кеңес Одағының Халық әртісі деген жоғары атаққа ие болуы – кез келген өнер иесінің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Күләш Байсейітованың әлемдік, орыс және қазақ классикалық опералары репертуарларында сом¬даған ролдерінің галереясында ма¬дам Баттерфляй, Татьяна, Ақжүніс, Сара, Ажар образдары ерекше орын иемденеді. Сондай-ақ, оның алғаш сомдаған «Қыз Жібек» операсындағы көркем бейнесі ұлттық музыка өнерінің мақтанышы болып қала бермек. Иісі қазаққа ортақ ұлы тұлғаның қазақ елінің даңқын асырып, өткен ғасырдан ғасырға жалғасқан қазақ өнерін әлем¬нің сахнасында паш еткені – ұлт мақтанышы.
Топырағынан талай талантты өрбіткен қасиетті жерімізден ардақ тұтар асылдар шыға берсін. Той тойға ұлассын, – деді аудан басшысы.
Күләштің кіндік қаны Тоқырауын жағасында, Қарасу елді мекенінде тамған дедік. Осы топырақтан қанаттанған тағы бір талант иесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Абзал Бөкен апасына арнаған жұп-жұмыр жыр шумақтарын төкті.
Ақындар айтысы да тартысты өтті. Ақтоғайдың жетістіктерін, таланттарын тілге тиек ете отырып, Күләш елінің бүгінгі мәртебесін асқақтатты. Нарманбеттанушы, әдебиетші Аманкелді Туғанбай, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Серік Ақсұңқарұлы, республикалық «Қасым» журналының бас редакторы Серік Сағынтай, «Тоқырауын тынысы» газетінің бас редакторы Мүсіркеп Сейдахмет бастаған қазылар алқасы барынша әділ болуға ұмтылды. Қорытындысында бас жүлде аса дарынды біртуар әнші, Әсет пен Манарбектің лайықты ізбасары Асылмұрат Ахановтың ұлы Мақсат бауырымызға бұйырды. Ақтоғайлық кәсіпкерлер тіккен темір тұлпар Мақсаттың тақымында кетті. Жөн-ақ. Павлодардан келген айтыскер ақын Аспанбек бірінші орынға лайықты деп танылды, одан кейінгі орындарды Астанадан келген белгілі айтыскер ақын Серікзат пен Жезқазғанның аруы Ботакөз өзара бөлісті.

***
Кешкісін Ақтоғай жұртшылығы мәдениет үйінде жоспарланған «Ақтоғай – Күләштің атамекені» атты әдеби-сазды кешке жиналды. Кеште Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен үлкен кон-церт берілді. Күләштің сіңлілері - әйгілі әнші Дариға Ақатаева, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері Рымкеш Жұмаділова, әншілер Шәмшия Төлеубаева, Дана Мақшонова, Әйгерім Жақыпбекова құйқылжыта ән шырқады. Шығыс бұлбұлы Күләш репертуарынан бірнеше әндер орындалды.

Авторы: «Орталық Қазақстан», Қарағанды облысы.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға