Жаңалықтар

Күләш Байсейітова

Қайталанбас зор талант иесі Күләш Жасынқызы Байсейітованың 100 жыл-дық мерейтойы кіндік қаны тамған Ақтоғай жерінде одан әрі жалғасты. Қасиетті Тоқырауын өзенінің төменгі сағасы – Күләш Жасынқызының кіндік қаны тамған жері. Ақтоғайлықтар әуелі осы Нарманбет елді мекеніндегі күре жолдың бойына ескерткіш белгі орнатты. Ескерткіш белгі шығыс бұлбұлының осы өңірде туғанын айғақтайды, көз жеткізеді. Бұдан кейін Ақтоғай селосында Күләш Жасынқызының ұрпақтарын қарсы алу рәсімімен той бағдарламасы жалғасын тапты. Еске түседі. Шығыс бұл-бұлының 90 жылдық мерейтойында ұрпақтары Ақтоғай жеріне ат басын тіреп, жиналған жұртшылық:   – Алла сәтін салып, ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болып, шығыс бұлбұлының 100 жылдық мерейтойында кездескенше, – деп тарасқан-тын. Тілек қабыл болды. Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ержан Әбдірахманов бастаған қонақтар Күләш Байсейітова көшесіндегі мерекелік шараға қатысты. Ақтоғай аспанында асқақтап, Күләш апамыз салған ғажайып әндер шырқалып тұр. Күләштің қыздары Қарлығаш, Раушан Байсейітовалар бастаған қонақтар арнайы тігілген киіз үйден дәм татып, аруаққа арнап дұға бағыштады. Бұл тойға қатысқан Кү¬ләштің інісі Хамзаның қыздары Құралай, Гауһар, туыстары Күләш Ыбжанқыз, Пәну, тағы басқа қонақтар ақтоғайлықтардың ыстық ықыласына бөленді. Жиналғандар алдында еңбек ардагері Жарылғап Тохметов өзінің лебізін жеткізді. –  Сіздер Күләш Байсейітова атын¬дағы көшенің тұрғындары жинал¬ған мерекеге арнайы келіп тұрсыздар. Қайталанбас талантқа бас ие отырып, шығыс бұлбұлының дарынына құрмет көрсету – борышымыз. Ән өнерінің аспанында жарқыраған шолпан жұлдыз, ұлттық операның қарлығашы Күләштің өнері, өнегелі өмірі де баршамызға қымбат, үлгі. Келешек үшін баға жетпес зор рухани байлық. Күләштің мерейтойы – әнші тойы, өнер тойы, баршамыздың тойымыз. Бұдан кейін қонақтар Күләш Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектепке келді. Осы мектептің бұрынғы директоры Қайыр Әбдірахманов өзі бас болып, мұражай ашу жұмысын қолға алған екен. Қазіргі мектеп директорының міндетін атқарушы Саягүл Қазбекқызы жиналғандарды мұражай жәдігерлерімен таныстырды. – Күләштің ізбасарлары баршылық, сопрано дауысты сіңлілерінің суретін топтастырдық. Сондай-ақ, Күләш апамыз туралы әріптестерінің айтқан әңгімелері, пікірлері, естеліктері жинақталды. Бір қуаныштысы, 2007 жылы мектеп мұражайы ашылған кезде Күләш апамыздың туыстары әншінің дауысы жазылған дискіні беріп жіберді. Бейнетаспа да бар. Мұражайда тұрған әншінің мүсіні 1970 жылы жасалған. Соны Тбилисиден арнайы соқтырып, алдырған екен. Кейін біздің мұражайға сыйға тартылды. «Тума таланттарымыздың дарынын ашуға септігін тигізген аспаптарды мектеп оқушылары көріп жүрсін» деп осы мұражайға орналастырдық. Ал, мына бір жәдігерлер Күләш апамыздың Ақтоғайда туғанын дәлелдейтін естеліктерден құралған. Күләштану бағдарламасы бойынша жинақталған жәдігерлер оқу-әдістемелік кешен бойынша жинақталады.   Шығыс бұлбұлының ұрпақтары мектеп алаңындағы шағын саябаққа ақ қайың көшеттерін отырғызды. Иә, Күләштің атамекені – Ақтоғай елі. Шығыс бұлбұлының шын талантын еліміздің түкпір-түкпірінде асқақтатып, мәртебесін асырып жатыр. Ал, ақтоғайлықтар болса, «біз – ұлы Күләштің ауылынанбыз» деп шаттанады. Бәрі де жарасымды, шығыс бұлбұлының қайталанбас колорантуралық сопрано дауысы бүкіл әлемді мойындатып, ұлт мерейін асқақтатып барады. Ел бақыты деген – осы!                                                                          Авторы: «Орталық Қазақстан», Қарағанды облысы. Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,
20.11.2012 06:24 7697

Қайталанбас зор талант иесі Күләш Жасынқызы Байсейітованың 100 жыл-дық мерейтойы кіндік қаны тамған Ақтоғай жерінде одан әрі жалғасты. Қасиетті Тоқырауын өзенінің төменгі сағасы – Күләш Жасынқызының кіндік қаны тамған жері. Ақтоғайлықтар әуелі осы Нарманбет елді мекеніндегі күре жолдың бойына ескерткіш белгі орнатты. Ескерткіш белгі шығыс бұлбұлының осы өңірде туғанын айғақтайды, көз жеткізеді.
Бұдан кейін Ақтоғай селосында Күләш Жасынқызының ұрпақтарын қарсы алу рәсімімен той бағдарламасы жалғасын тапты. Еске түседі. Шығыс бұл-бұлының 90 жылдық мерейтойында ұрпақтары Ақтоғай жеріне ат басын тіреп, жиналған жұртшылық:  
– Алла сәтін салып, ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық болып, шығыс бұлбұлының 100 жылдық мерейтойында кездескенше, – деп тарасқан-тын.
Тілек қабыл болды. Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ержан Әбдірахманов бастаған қонақтар Күләш Байсейітова көшесіндегі мерекелік шараға қатысты. Ақтоғай аспанында асқақтап, Күләш апамыз салған ғажайып әндер шырқалып тұр. Күләштің қыздары Қарлығаш, Раушан Байсейітовалар бастаған қонақтар арнайы тігілген киіз үйден дәм татып, аруаққа арнап дұға бағыштады. Бұл тойға қатысқан Кү¬ләштің інісі Хамзаның қыздары Құралай, Гауһар, туыстары Күләш Ыбжанқыз, Пәну, тағы басқа қонақтар ақтоғайлықтардың ыстық ықыласына бөленді. Жиналғандар алдында еңбек ардагері Жарылғап Тохметов өзінің лебізін жеткізді.
–  Сіздер Күләш Байсейітова атын¬дағы көшенің тұрғындары жинал¬ған мерекеге арнайы келіп тұрсыздар. Қайталанбас талантқа бас ие отырып, шығыс бұлбұлының дарынына құрмет көрсету – борышымыз. Ән өнерінің аспанында жарқыраған шолпан жұлдыз, ұлттық операның қарлығашы Күләштің өнері, өнегелі өмірі де баршамызға қымбат, үлгі. Келешек үшін баға жетпес зор рухани байлық. Күләштің мерейтойы – әнші тойы, өнер тойы, баршамыздың тойымыз.
Бұдан кейін қонақтар Күләш Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектепке келді.
Осы мектептің бұрынғы директоры Қайыр Әбдірахманов өзі бас болып, мұражай ашу жұмысын қолға алған екен. Қазіргі мектеп директорының міндетін атқарушы Саягүл Қазбекқызы жиналғандарды мұражай жәдігерлерімен таныстырды.
– Күләштің ізбасарлары баршылық, сопрано дауысты сіңлілерінің суретін топтастырдық. Сондай-ақ, Күләш апамыз туралы әріптестерінің айтқан әңгімелері, пікірлері, естеліктері жинақталды. Бір қуаныштысы, 2007 жылы мектеп мұражайы ашылған кезде Күләш апамыздың туыстары әншінің дауысы жазылған дискіні беріп жіберді. Бейнетаспа да бар. Мұражайда тұрған әншінің мүсіні 1970 жылы жасалған. Соны Тбилисиден арнайы соқтырып, алдырған екен. Кейін біздің мұражайға сыйға тартылды. «Тума таланттарымыздың дарынын ашуға септігін тигізген аспаптарды мектеп оқушылары көріп жүрсін» деп осы мұражайға орналастырдық. Ал, мына бір жәдігерлер Күләш апамыздың Ақтоғайда туғанын дәлелдейтін естеліктерден құралған. Күләштану бағдарламасы бойынша жинақталған жәдігерлер оқу-әдістемелік кешен бойынша жинақталады.  
Шығыс бұлбұлының ұрпақтары мектеп алаңындағы шағын саябаққа ақ қайың көшеттерін отырғызды.

Иә, Күләштің атамекені – Ақтоғай елі. Шығыс бұлбұлының шын талантын еліміздің түкпір-түкпірінде асқақтатып, мәртебесін асырып жатыр. Ал, ақтоғайлықтар болса, «біз – ұлы Күләштің ауылынанбыз» деп шаттанады.
Бәрі де жарасымды, шығыс бұлбұлының қайталанбас колорантуралық сопрано дауысы бүкіл әлемді мойындатып, ұлт мерейін асқақтатып барады.
Ел бақыты деген – осы!

                                                                         Авторы: «Орталық Қазақстан», Қарағанды облысы.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға