Петропавлда жыл соңында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған балабақша ашылады
20.06.2013 05:35
3709
Қалалық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Татьяна Протопопованың айтуынша, мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемесі 40-50 балаға шақталмақ. Жаңа әлеуметтік нысан шаһардың орта бөлігінде, Казахстанская правда көшесінде бой көтереді.
Бүгінде жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстарына 2 млн.745 мың теңге қаржы бөлінді.
Тың балабақшаны заманауи құрылғылармен жарақтандыру діттеліп отыр. Мекемеде мамандырылған бірнеше топ ашылады. Оның ішінде көру қабілеті, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған топтар болады.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Боснийский вратарь провел матч с пулей в голове (фото)