Жаңалықтар

IL бөлім

Бұл бүкiл адамзат атынан Жер-Анадан алыста, ғарыштан айтылған тiлек. Жұмыр Жердi бөлшектегiсi, бөлгiсi келетiндерге айтылған ескерту, тоқтау едi. Дүние жүзiнiң халқы ақынның бұл тiлегiне қол соға тұрып, қабыл алған болатын. Е.Сидоров Олжас Сүлейменовтiң “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасы жайлы мынадай пiкiр айтады: “Оның жырларында Дала өткенiн еске ала отырып, қазiргi өне тiлiмен болашақ туралы сөйлейдi. Шығыс өзiн жоғалтпай, бiрақ өзiнiң поэтикалық көкжиегiн айқара ашып Батысқа қарай жылжиды…”[1] Олжас ақынның “Адамға табын,жер, ендi!” деп бүкiл адамзат атынан әлемге жар салуы адам құдiретiн мақтан етуi едi. Олжас поэзиясы—адам баласының Жер-Анадан қара үзiп, ғарышқа шығуымен пара-пар құбылыс! Поэзия адам баласының рухы. Поэзияға тән рухты әдебиеттiң басқа жанрларынан табу қиын. Олжас поэмасын сюжетсiз поэмалар қатарына қостық. Бұл лирикалық поэманың эпикалық поэмалардан бiр өзгешелiгi бар. Ең басты айырма, бұл лирикалық поэмада айқын, нақтылы сюжет жоқ және ол болмайды да. Мұнда қиян-кестi қырқыс, тағдырлар тартысы мүлдем жоқ. Оқырманды елiктiрiп отыратын тiзбектi оқиға да ұшырата алмаймыз. Яғни, автордың, ақынның өзiнiң сезiм дүниесi, сырлары, жанын толқытқан өмiр көрiнiстерi жинақталып бiрiншi планға шығады. Бұл секiлдi поэмаларда лирикалық шегiнiстер, лирикалық шалқулар кең орын алып отыратын болған. Кеңес адамдарының ғарыш кеңiстiгiн игерудегi таңғажайып ерлiгiне арналған О.Сүлейменовтiң “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасы, ең алдымен ұлттық поэзияның тақырыптық, идеялық өрiсiн кеңейткен сонылығымен құнды. Үлкен пафоспен, биiк поэтикамен жазылған, асқақ шабытпен жрланған О.Сүлейменовтiң бұл поэмасы кеңес адамы туралы өрнектi жыр. Лирикалық поэманың iшiнде жалпылама айтудан гөрi нақтылыққа қарай ойысып келетiн жерлерi басым болып келедi. Поэмадағы ең басты көркем тұлға—ақынның лирикалық кейiпкерi. Поэмадағы барлық әңгiме сол лирикалық кейiпкердiң төңiрегiнде өрбидi. Әрине, жинақтау, түйiндеу поэмада да басым, күштi. Сол лирикалық кейiпкер дегеннiң өзi—жинақталған тип. Ол халық өкiлi. Поэмадағы лирикалық кейiпкер өмiрiн бiз халықтың өмiрi, оның iстеген iстерiн халықтың iстерi, оның бейнесiн халықтың бейнесi деп ұғатынымыз сөзсiз. Себебi, “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасының өн бойынан жалпы халықтың сезiм иiрiмдерiн жинақтай келiп, лирикалық кейiпкер арқылы тамаша суреттеп көрсетедi. Қазiргi таңда, қазақ әдебиетiнде Ю.Гагариннiң тұңғыш ғарышқа ұшқан тарихи ерлiгiне арналып жазылған сюжетсiз шығармалар өте көп кездеседi. Бұл тақырыпта жазылған шығармаларға Жарасқан Әбдiрашевтiң “Жұлдызды қала”, Өтепберген Ақылбековтiң “Көктегi көктем” сынды шығармаларды жатқызуға болады. О.Сүлейменовтiң “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасы өзiнiң iшкi мазмұнымен ғана емес, сыртқы формасымен де, көркемдiгiмен де өзара ерекшеленедi.   Олжас  Сұлейменов шығармашылығы туралы еңбектер:   1.      Ровенский Н. Обязательность поэтического поступка /о стихах О.Сулейменова // Статьи, литературные портреты. Алматы: 1976. 2.      Ә.Кекiлбаев. Дәуiрмен бетпе-бет. Алматы, 3.      Нарымбетов Ә. Дәуiр және поэзия.—Алматы: Жазушы, 1972. 4.      Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. Алматы. Ғылым. 1977. 5.      Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы-көркемдiк кепiлi. А., 1989. 6.      Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы. Алматы, Қазақ университетi, 1999. 7.      Толмачев Г. Повесть об Олжасе: Докум. Повесть.-Алматы, РПО ңКiтапң, 1996. 8.      Кекiлбаев Ә. Дәуiрмен бетпе-бет. Алматы, Жазушы, 1972. 9.      Аупбаев Ж. Олжас // “Жұлдыз”, 1996, N5, 33-бет. 10.  Мұратбеков С. Халқын асқақтатқан ақын // “Егемен Қазақстан”, 1996, 17 мамыр, 3-бет. 11.  Қайықбаев М. О.Сүлейменовтiң “Қыш кiтабы” // “Қазақ әдебиетi”, 1993, 18 маусым, 5-бет. 12.  Балқыбек Ә. Сөз төркiнi // “Қазақ әдебиетi”, 2003, 21 қараша, 4-бет. 13.  Зiкiбаев Е. Ол жас па, Олжас па? // “Ақиқат”, 1996, N5, 68-бет.   [1] Нарымбетов Ә. Дәуiр және поэзия.—Алматы: Жазушы, 1972.  
18.06.2013 06:59 4195

Бұл бүкiл адамзат атынан Жер-Анадан алыста, ғарыштан айтылған тiлек. Жұмыр Жердi бөлшектегiсi, бөлгiсi келетiндерге айтылған ескерту, тоқтау едi. Дүние жүзiнiң халқы ақынның бұл тiлегiне қол соға тұрып, қабыл алған болатын.

Е.Сидоров Олжас Сүлейменовтiң “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасы жайлы мынадай пiкiр айтады: “Оның жырларында Дала өткенiн еске ала отырып, қазiргi өне тiлiмен болашақ туралы сөйлейдi. Шығыс өзiн жоғалтпай, бiрақ өзiнiң поэтикалық көкжиегiн айқара ашып Батысқа қарай жылжиды…”[1]

Олжас ақынның “Адамға табын,жер, ендi!” деп бүкiл адамзат атынан әлемге жар салуы адам құдiретiн мақтан етуi едi.

Олжас поэзиясы—адам баласының Жер-Анадан қара үзiп, ғарышқа шығуымен пара-пар құбылыс!

Поэзия адам баласының рухы. Поэзияға тән рухты әдебиеттiң басқа жанрларынан табу қиын.

Олжас поэмасын сюжетсiз поэмалар қатарына қостық. Бұл лирикалық поэманың эпикалық поэмалардан бiр өзгешелiгi бар. Ең басты айырма, бұл лирикалық поэмада айқын, нақтылы сюжет жоқ және ол болмайды да. Мұнда қиян-кестi қырқыс, тағдырлар тартысы мүлдем жоқ. Оқырманды елiктiрiп отыратын тiзбектi оқиға да ұшырата алмаймыз. Яғни, автордың, ақынның өзiнiң сезiм дүниесi, сырлары, жанын толқытқан өмiр көрiнiстерi жинақталып бiрiншi планға шығады.

Бұл секiлдi поэмаларда лирикалық шегiнiстер, лирикалық шалқулар кең орын алып отыратын болған.

Кеңес адамдарының ғарыш кеңiстiгiн игерудегi таңғажайып ерлiгiне арналған О.Сүлейменовтiң “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасы, ең алдымен ұлттық поэзияның тақырыптық, идеялық өрiсiн кеңейткен сонылығымен құнды. Үлкен пафоспен, биiк поэтикамен жазылған, асқақ шабытпен жрланған О.Сүлейменовтiң бұл поэмасы кеңес адамы туралы өрнектi жыр.

Лирикалық поэманың iшiнде жалпылама айтудан гөрi нақтылыққа қарай ойысып келетiн жерлерi басым болып келедi. Поэмадағы ең басты көркем тұлға—ақынның лирикалық кейiпкерi. Поэмадағы барлық әңгiме сол лирикалық кейiпкердiң төңiрегiнде өрбидi. Әрине, жинақтау, түйiндеу поэмада да басым, күштi. Сол лирикалық кейiпкер дегеннiң өзi—жинақталған тип. Ол халық өкiлi. Поэмадағы лирикалық кейiпкер өмiрiн бiз халықтың өмiрi, оның iстеген iстерiн халықтың iстерi, оның бейнесiн халықтың бейнесi деп ұғатынымыз сөзсiз. Себебi, “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасының өн бойынан жалпы халықтың сезiм иiрiмдерiн жинақтай келiп, лирикалық кейiпкер арқылы тамаша суреттеп көрсетедi.

Қазiргi таңда, қазақ әдебиетiнде Ю.Гагариннiң тұңғыш ғарышқа ұшқан тарихи ерлiгiне арналып жазылған сюжетсiз шығармалар өте көп кездеседi. Бұл тақырыпта жазылған шығармаларға Жарасқан Әбдiрашевтiң “Жұлдызды қала”, Өтепберген Ақылбековтiң “Көктегi көктем” сынды шығармаларды жатқызуға болады.

О.Сүлейменовтiң “Адамға табын, жер, ендi!” поэмасы өзiнiң iшкi мазмұнымен ғана емес, сыртқы формасымен де, көркемдiгiмен де өзара ерекшеленедi.

 

Олжас  Сұлейменов шығармашылығы туралы еңбектер:

 

1.      Ровенский Н. Обязательность поэтического поступка /о стихах О.Сулейменова // Статьи, литературные портреты. Алматы: 1976.

2.      Ә.Кекiлбаев. Дәуiрмен бетпе-бет. Алматы,

3.      Нарымбетов Ә. Дәуiр және поэзия.—Алматы: Жазушы, 1972.

4.      Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэмасы. Алматы. Ғылым. 1977.

5.      Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы-көркемдiк кепiлi. А., 1989.

6.      Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы. Алматы, Қазақ университетi, 1999.

7.      Толмачев Г. Повесть об Олжасе: Докум. Повесть.-Алматы, РПО ңКiтапң, 1996.

8.      Кекiлбаев Ә. Дәуiрмен бетпе-бет. Алматы, Жазушы, 1972.

9.      Аупбаев Ж. Олжас // “Жұлдыз”, 1996, N5, 33-бет.

10.  Мұратбеков С. Халқын асқақтатқан ақын // “Егемен Қазақстан”, 1996, 17 мамыр, 3-бет.

11.  Қайықбаев М. О.Сүлейменовтiң “Қыш кiтабы” // “Қазақ әдебиетi”, 1993, 18 маусым, 5-бет.

12.  Балқыбек Ә. Сөз төркiнi // “Қазақ әдебиетi”, 2003, 21 қараша, 4-бет.

13.  Зiкiбаев Е. Ол жас па, Олжас па? // “Ақиқат”, 1996, N5, 68-бет.

 



[1] Нарымбетов Ә. Дәуiр және поэзия.—Алматы: Жазушы, 1972.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға