Жаңалықтар

IXL бөлім

  Олжас орыс мектебiнде оқиды. Ол кездерi Алматыда жергiлiктi ұлт балалары дәрiс алатын бiлiм ұялары некен-саяқ деуге болады. Қазақтар да қалада өте аз едi. Сөйтiп мектептегi балалық шағының көп бөлiгi қаласа да, қаламаса да өзiн кұн сайын дәлелдеуге тура келетiн көшеаралық қақтығыстар мен қызыл шеке төбелестер арасында өткiзiп жүрдi. Олжас әдебиетпен шұғылдануды өте ерте бастаған. Олжастың төртiншi сыныпта оқып жұргенiнiң өзiнде жазған шығармалары мектептегi үздiк туындылар қатарында аталып жұрдi. Мектептi бiтiргеннен кейiн ҚазМУ-нiң журналистика факультетiне оқуға тұскiсi келедi. Бiрақ оған Әбекең (Әбдуәли Қарағұлов): “Ортан қол газет қызметкерi болып жұргеннен гөрi қатардағы инженер мамандығын игергенiңнiң өзi артық,”—деп құлаққағыс жасаған соң, геология факультетiне баруға бел буған. Мұнда жақсы оқыған Олжас 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң “Мұнай және газ көздерiн зерттейтiн инженер-барлаушы” дипломын алып шыққаннан кейiн, оның көңiлi өлең өлкесiн аңсады да тұрды. Олжас ақыры тәуекел деп Мәскеудегi әдебиет институтына түсуге бел байлады. Олжас онда барғанда қазақшадан орысшаға тәржiма жасайтын көркем аударма бөлiмiне қабылдау жұрiп жатыр екен. Конкурста бiздiң республикамыздан бес адам қабылданғаны хабарланған. Сол бесеудiң бiрi – Олжас едi. Олжас айқай-шуы мол студенттiк өмiр ағынымен жүрiп жатты. 1961 жылдан 1971 жылға дейiн “Казахстанская правда” газетiнiң тiлшiсi, одан кейiн Қазақфильм киностудиясының сценарий редакциясының бас редакторы, “Простор” журналының бөлiм меңгерiшiсi, 1971-1981 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, 1981-1983 жылдары Қазақ ССР киномотография жөнiндегi мемлекеттiк кинотеатрының төрағасы, 1983 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының бiрiншi төрағасы, 1972 жылдан Азия мен Африка елдерi жазушыларымен байланыс жөнiндегi Қазақстан комитетiнiң төрағасы, 1989 жылдан “Невада—Семей” қозғалысының төрағасы қызметтерiн атқарған. Ол—геолог. Геология не асылды тек тұңғиықтан, тек тереңнен iздейдi. Ақын әлгi геологияның тұңғиыққа тұқшиған кеңiстiктi кеңiнен шалған қасиетi поэзияның да тұс мiнезi екенiн дәлелдеп бердi[1]. Ақын геология саласында қанша еңбектенсе де, өзiнiң көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл жайлы Олжас Сүлейменов өзiнiң өлеңдерiнде де айтып өткен болатын. Мәселен: Мен де бiр кез геолог болған едiм, Үмiт-арман көңiлге толған едi. Қаншама рет мен бiрақ ұздiккенмен, Бақыт құсы басыма қонбап едi[2]. [1] Кекiлбаев Ә. Дәуiрмен бетпе-бет.—Алматы: жазушы, 1972. [2] Сүлейменов О. Атамекен.—Алматы: Жазушы, 1972. Аударған І.Мырзалиев.  
18.06.2013 06:29 2682

 

Олжас орыс мектебiнде оқиды. Ол кездерi Алматыда жергiлiктi ұлт балалары дәрiс алатын бiлiм ұялары некен-саяқ деуге болады. Қазақтар да қалада өте аз едi. Сөйтiп мектептегi балалық шағының көп бөлiгi қаласа да, қаламаса да өзiн кұн сайын дәлелдеуге тура келетiн көшеаралық қақтығыстар мен қызыл шеке төбелестер арасында өткiзiп жүрдi.

Олжас әдебиетпен шұғылдануды өте ерте бастаған. Олжастың төртiншi сыныпта оқып жұргенiнiң өзiнде жазған шығармалары мектептегi үздiк туындылар қатарында аталып жұрдi. Мектептi бiтiргеннен кейiн ҚазМУ-нiң журналистика факультетiне оқуға тұскiсi келедi. Бiрақ оған Әбекең (Әбдуәли Қарағұлов): “Ортан қол газет қызметкерi болып жұргеннен гөрi қатардағы инженер мамандығын игергенiңнiң өзi артық,”—деп құлаққағыс жасаған соң, геология факультетiне баруға бел буған. Мұнда жақсы оқыған Олжас 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң “Мұнай және газ көздерiн зерттейтiн инженер-барлаушы” дипломын алып шыққаннан кейiн, оның көңiлi өлең өлкесiн аңсады да тұрды. Олжас ақыры тәуекел деп Мәскеудегi әдебиет институтына түсуге бел байлады. Олжас онда барғанда қазақшадан орысшаға тәржiма жасайтын көркем аударма бөлiмiне қабылдау жұрiп жатыр екен. Конкурста бiздiң республикамыздан бес адам қабылданғаны хабарланған. Сол бесеудiң бiрi – Олжас едi.

Олжас айқай-шуы мол студенттiк өмiр ағынымен жүрiп жатты.

1961 жылдан 1971 жылға дейiн “Казахстанская правда” газетiнiң тiлшiсi, одан кейiн Қазақфильм киностудиясының сценарий редакциясының бас редакторы, “Простор” журналының бөлiм меңгерiшiсi, 1971-1981 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, 1981-1983 жылдары Қазақ ССР киномотография жөнiндегi мемлекеттiк кинотеатрының төрағасы, 1983 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының бiрiншi төрағасы, 1972 жылдан Азия мен Африка елдерi жазушыларымен байланыс жөнiндегi Қазақстан комитетiнiң төрағасы, 1989 жылдан “Невада—Семей” қозғалысының төрағасы қызметтерiн атқарған.

Ол—геолог. Геология не асылды тек тұңғиықтан, тек тереңнен iздейдi. Ақын әлгi геологияның тұңғиыққа тұқшиған кеңiстiктi кеңiнен шалған қасиетi поэзияның да тұс мiнезi екенiн дәлелдеп бердi[1].

Ақын геология саласында қанша еңбектенсе де, өзiнiң көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл жайлы Олжас Сүлейменов өзiнiң өлеңдерiнде де айтып өткен болатын. Мәселен:

Мен де бiр кез геолог болған едiм,

Үмiт-арман көңiлге толған едi.

Қаншама рет мен бiрақ ұздiккенмен,

Бақыт құсы басыма қонбап едi[2].



[1] Кекiлбаев Ә. Дәуiрмен бетпе-бет.—Алматы: жазушы, 1972.

[2] Сүлейменов О. Атамекен.—Алматы: Жазушы, 1972. Аударған І.Мырзалиев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға