Жаңалықтар

ХХХІ бөлім

Қабдеш Жұмадiлов /1936/ (25.4.1936 ж.т., ҚХР, Шыңжан өлкесi, Шәушек ауданы, Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылы)—жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн бiтiрген (1965). “Қазақ әдебиетi” газетiнде (1965-67), “Жазушы” баспасында (1967-76), ҚР Баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетте (1976-81) қызметте болды. 1981 жылдан творчестволық жұмыста. Алғашқы өлең, әңгiмелерi Шыңжаң өлкесiндегi “Шыңжаң” газетi мен “ШҮғыла” журналында жарияланды. ТҰңғыш өлеңдер жинағы “Жас дәурен” 1967 ж. жарық көрдi. “Қаздар қайтып барады” (1968), “Сары жайлау” (1978), “Шарайна” (1981), “Сәйгүлiктер” (1984) әңгiме, повесть жинақтары, Шыңжаң қазақтарының өмiрiне арналған “Соңғы көш” (1974-81) роман-дилогиясы, адам жанының иiрiмдерiне терең үңiлiп, кейiпкер бейнесiн, характерiн жасаудағы өзiндiк ерекшелiгiн танытқан “Көкейкестi” (1969), “Бақыт жолында” (1976), “Атамекен” (1985), “Тағдыр” (1988) романдары шықты. 1989 ж. 2 томдық жинағы жарыққа шығып, оқырман көңiлiн қозғады. 1972 ж. “Көкейкестi”, 1992 ж. “Соңғы көш” (роман) және түрiк, орыс тiлiнде 1995 ж. “Атамекен” романы орыс тiлiнде жарияланды. 1990 ж. “Тағдыр” романы үшiн Қазақстан мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, 1998 ж. “Қазақстанның халық жазушысы” атағы берiлдi. 1994 ж. “Дарабоз” атты тарихи романның 1-кiтабы, 1996 жылы 2-кiтабы, ал 1999 ж. “Таңғажайып дүние” атты ғұмырнамалық романы жарық көрдi. Қ.Жұмадiловтiң “Сәйгүлiктер” повесi кеңестiк дәуiрдегi жаңа заманға сәйкес, шаруашылығы шалқып, өсiп-өркендеген ауыл өмiрiн, ондағы қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тiршiлiгiн, арман-аңсарларын сөз етедi. Повестiң негiзгi кейiпкерi—қарапайым қарт жылқышы Ағыбай. Шығармадағы барлық оқиға, жағдай осы адам айналасында өсiп, өрбидi. Осы бiр жылқымен көзiн ашып, жылқышылықпен есейiп, ержеткен, бүгiнде зейнетке шықса да сол кәсiптен ажырамай жүрген Ағыбайдың бiр ойлайтыны да осы түлiк төресi жылқы қамы. Ежелден осы кiрпияз да серi жануардың қасиетiн жанмен ұғып қадiрлеп, қастерлеп өткен қазақтың бүгiнгi жұрнағындай көрiнетiн Ағыбайдың бойында халықтық, ұлттық сипат тұнып қалған десек қателеспеймiз. Жылқы десе iшкен асын жерге қоятын Ағыбайдың сонау жастық шағын еске түсiруi, Тұрар байдың жылқышысы болған әкесi Жұмаханның қайтсек жылқыны аман алып қаламыз деген iс-әрекетiн ойлауы повестiң әлеуметтiк жүгiн салмақтандыра түскен. Жиырма сегiзiншi жылы Тұрар бай конфискаға iлiнiп, жер аударылғанда, “байлардың өзi түгiл, малына дейiн зиянкес” деген дақпыртпен белсендiлердiң асыра сiлтеумен алты жүздей жылқыны оқтың астына алып қырып тастауы кiмнiң де болса жанын шошытып, төбе құйқасын шымырлатар сұмдық оқиға ғой. Осы ретте бiр айта кететiң нәрсе—бұл оқиға арқылы автор жылқыны фон ретiнде ала отырып сол кездегi аумалы-төкпелi заман шындығын, ел басына түскен зобалаңды, бiр сөзбен айтқанда, халық тағдырын шынайы бейнелеу бiлген дер едiк. Ендi мiне, бүгiнгi заманда да кейбiр тоғышар жандардың осы бiр асыл тектi жануарға деген өгей көзқарастарына жаны төзбейдi Ағыбайдың. Жылқыны көбейтiп, бағасының қымбаттағанына мәз болып жүргендерiне қиналады. Повестегi ферма бастығы Пернебек пен бас жылқышы Отарқұл бейнелерi де нанымды жасалған. Олар өз дегендерiне көнгiсi келмеген Ағыбайды жылқыдан кетiрудiң амалын қарастырады. “Бұдан былай техника тiлiн бiлмеген малшының күнi қараң. Мал қайырғаннан басқаны iлмейтiн шала сауатты шал-шауқандар жастарға орын босатулары керек”,—деп Пернебек қоқаңдаса, қымыздан гөрi арақты тәуiр көретiн Отарқұл да бастығының сөзiн сөйлеп: “Жылқыдан кетесiң… Жылқы бағу сен сияқты шалдаоға ендi қол емес. Оған тепсе темiр үзетiн мына мен сияқты жiгiттер керек”,—деп күш көрсетедi Ағыбайға. Повесте Пернебек пен Отарқұлдың болмыс-бiтiм, ой-пиғылдары ашыла түсетiн тұстар шынайылығымен баурайды. Ағыбайдың қырғыз досы сыйға тартқан Қоянкөк жорғаға көз сұғын қадаған Отарқұл мен Пернебек жылқышыға бар қысастығын iстеп бақты. Ағыбайды жылқыдан қумақ болуы, биебауды ағыттырып жiберуi де олардың еш нәрсенi қасиеттей бiлмейтiн парықсыздығын танытса керек. Сонымен аталмыш повесть оқырманға ой салатын, айтары мол, әлеуметтiк жүгi салмақты шығарма деп бiлемiз[1]. [1] Мәмесейiтов Т. Замандасты» жан сыры. Кiтапта: Уақыт және қаламгер. 12-кiтап. Алматы: Жазушы, 1986.—24-26 беттер.  
18.06.2013 05:05 4490

Қабдеш Жұмадiлов

/1936/

(25.4.1936 ж.т., ҚХР, Шыңжан өлкесi, Шәушек ауданы, Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылы)—жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiн бiтiрген (1965). “Қазақ әдебиетi” газетiнде (1965-67), “Жазушы” баспасында (1967-76), ҚР Баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетте (1976-81) қызметте болды. 1981 жылдан творчестволық жұмыста. Алғашқы өлең, әңгiмелерi Шыңжаң өлкесiндегi “Шыңжаң” газетi мен “ШҮғыла” журналында жарияланды. ТҰңғыш өлеңдер жинағы “Жас дәурен” 1967 ж. жарық көрдi. “Қаздар қайтып барады” (1968), “Сары жайлау” (1978), “Шарайна” (1981), “Сәйгүлiктер” (1984) әңгiме, повесть жинақтары, Шыңжаң қазақтарының өмiрiне арналған “Соңғы көш” (1974-81) роман-дилогиясы, адам жанының иiрiмдерiне терең үңiлiп, кейiпкер бейнесiн, характерiн жасаудағы өзiндiк ерекшелiгiн танытқан “Көкейкестi” (1969), “Бақыт жолында” (1976), “Атамекен” (1985), “Тағдыр” (1988) романдары шықты. 1989 ж. 2 томдық жинағы жарыққа шығып, оқырман көңiлiн қозғады. 1972 ж. “Көкейкестi”, 1992 ж. “Соңғы көш” (роман) және түрiк, орыс тiлiнде 1995 ж. “Атамекен” романы орыс тiлiнде жарияланды. 1990 ж. “Тағдыр” романы үшiн Қазақстан мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, 1998 ж. “Қазақстанның халық жазушысы” атағы берiлдi. 1994 ж. “Дарабоз” атты тарихи романның 1-кiтабы, 1996 жылы 2-кiтабы, ал 1999 ж. “Таңғажайып дүние” атты ғұмырнамалық романы жарық көрдi.

Қ.Жұмадiловтiң “Сәйгүлiктер” повесi кеңестiк дәуiрдегi жаңа заманға сәйкес, шаруашылығы шалқып, өсiп-өркендеген ауыл өмiрiн, ондағы қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тiршiлiгiн, арман-аңсарларын сөз етедi. Повестiң негiзгi кейiпкерi—қарапайым қарт жылқышы Ағыбай. Шығармадағы барлық оқиға, жағдай осы адам айналасында өсiп, өрбидi.

Осы бiр жылқымен көзiн ашып, жылқышылықпен есейiп, ержеткен, бүгiнде зейнетке шықса да сол кәсiптен ажырамай жүрген Ағыбайдың бiр ойлайтыны да осы түлiк төресi жылқы қамы. Ежелден осы кiрпияз да серi жануардың қасиетiн жанмен ұғып қадiрлеп, қастерлеп өткен қазақтың бүгiнгi жұрнағындай көрiнетiн Ағыбайдың бойында халықтық, ұлттық сипат тұнып қалған десек қателеспеймiз.

Жылқы десе iшкен асын жерге қоятын Ағыбайдың сонау жастық шағын еске түсiруi, Тұрар байдың жылқышысы болған әкесi Жұмаханның қайтсек жылқыны аман алып қаламыз деген iс-әрекетiн ойлауы повестiң әлеуметтiк жүгiн салмақтандыра түскен. Жиырма сегiзiншi жылы Тұрар бай конфискаға iлiнiп, жер аударылғанда, “байлардың өзi түгiл, малына дейiн зиянкес” деген дақпыртпен белсендiлердiң асыра сiлтеумен алты жүздей жылқыны оқтың астына алып қырып тастауы кiмнiң де болса жанын шошытып, төбе құйқасын шымырлатар сұмдық оқиға ғой. Осы ретте бiр айта кететiң нәрсе—бұл оқиға арқылы автор жылқыны фон ретiнде ала отырып сол кездегi аумалы-төкпелi заман шындығын, ел басына түскен зобалаңды, бiр сөзбен айтқанда, халық тағдырын шынайы бейнелеу бiлген дер едiк. Ендi мiне, бүгiнгi заманда да кейбiр тоғышар жандардың осы бiр асыл тектi жануарға деген өгей көзқарастарына жаны төзбейдi Ағыбайдың. Жылқыны көбейтiп, бағасының қымбаттағанына мәз болып жүргендерiне қиналады.

Повестегi ферма бастығы Пернебек пен бас жылқышы Отарқұл бейнелерi де нанымды жасалған. Олар өз дегендерiне көнгiсi келмеген Ағыбайды жылқыдан кетiрудiң амалын қарастырады. “Бұдан былай техника тiлiн бiлмеген малшының күнi қараң. Мал қайырғаннан басқаны iлмейтiн шала сауатты шал-шауқандар жастарға орын босатулары керек”,—деп Пернебек қоқаңдаса, қымыздан гөрi арақты тәуiр көретiн Отарқұл да бастығының сөзiн сөйлеп: “Жылқыдан кетесiң… Жылқы бағу сен сияқты шалдаоға ендi қол емес. Оған тепсе темiр үзетiн мына мен сияқты жiгiттер керек”,—деп күш көрсетедi Ағыбайға. Повесте Пернебек пен Отарқұлдың болмыс-бiтiм, ой-пиғылдары ашыла түсетiн тұстар шынайылығымен баурайды. Ағыбайдың қырғыз досы сыйға тартқан Қоянкөк жорғаға көз сұғын қадаған Отарқұл мен Пернебек жылқышыға бар қысастығын iстеп бақты. Ағыбайды жылқыдан қумақ болуы, биебауды ағыттырып жiберуi де олардың еш нәрсенi қасиеттей бiлмейтiн парықсыздығын танытса керек. Сонымен аталмыш повесть оқырманға ой салатын, айтары мол, әлеуметтiк жүгi салмақты шығарма деп бiлемiз[1].



[1] Мәмесейiтов Т. Замандасты» жан сыры. Кiтапта: Уақыт және қаламгер. 12-кiтап. Алматы: Жазушы, 1986.—24-26 беттер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға