Жаңалықтар

IX бөлім

“Алмас қылыш” романында халықтың тарихтағы шешушi рөлi көрiніс табады. Кiтапта тап қайшылығы, халықтың тарихи орны айтылмаған деген айып та терiс. “Алмас қылышта” тап тартысы емес, хандар, билеушiлер араындағы тартыс шындыққа орай алғы кезекке шыққан. Соның өзiнде автор оқиғалар мен тұлғаларды талдауға, бағалауға әлеуметтiк тұрғыдан келген. Бұл – мәселенiң бiр жағы. Онан соң романда еңбекшi адамдардың iсi де, күшi де бiрсыпыра байқатылғанын көрмуше болмайды. Әбiлхайыр хан нақақтан жазалаған кедей жылқышы Орақ ше? Бұл – өте үлкен идеялық жүк көтерiп тұрған тұлға. Орақ тұлғасы романның көп жерлерiнде қайталап елес берiп отырады. Орақты қолдайтын кедей Қаптағай батыр ше? Асанқайғының Бердiбек пен Әбiлхайырға арнап айтылған әрi нақыл, әрi қатал сын сөздерiнде нағыз халық өкiлдерiнiң талабы жатыр. Дана жырау Асанның Қазтуған мен Қотан айтысына төрелiгi де таза халықтық сана нышаны. Кiтаптың екiншi бөлiмiнде бұл әйгiлi жыраулар тағы да үлкен елдiк әңгiме үстiнде көрiнедi. Жазушының халық рөлiн төтелеп ескерiп отыратын орайы кiтаптың өн бойында кездеседi. Бiрiншi бөлiмнiң эпилогында бұл мәселе аса елеулi сездiрiлген. Әбiлхайырдың Моғолстанға көшкен Керей мен Жәнiбек елiн шабамын деген екпiнiн қарауындағы халықтың наразылығы су сепкендей басады. Осы тұста, Орысбай, Қоқыш, Тәкежан, Күйгенбай секiлдi қарапайым адамдардың қайсарлығы жалт етiп ашылады. Немесе Саян бастаған кектi жiгiттердiң “бекзадалардың малын талау” әрекеттерi де ханға қарсы халық айбарының көрiнiсi демеске болмайды. Тiптi, Әбiлхайырға адал қызмет етiп жүрген Аспан қожаның сөздерiнен де халықтың қасиетi елес бередi. “Жоқ, алтын перiштеге де, құлға да керек емес, алтын хандарға керек,” – дейдi ол. Жазушының оқиғаны суреттеуi кейде диалог, кейде монолог, кейде тiкелей түсiндiрме түрiнде өрiлген. Бұл кiтаптың халықтық айқындамадан жазылғанын көрмеу, сыпайылап айтқанда, бiлместiк. “Мемлекет шаңырағын халық көтерген” (191-бет) – автордың дүниетаным дұрыстығын бұдан анығырақ етiп айту қиын. Романның кейбiр көрнектi кейiпкерлерiн iлгерiде атадық. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерiн бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Қотан, Саян, Орақ секiлдi ұнамды бейнелер қатары бар. Бұлардың әрқайсысы өз орнында мәндi, қызғылықты. “Алмас қылыш” тек мазмұнымен ғана емес, нысандық iзденiстерiмен де маңызды шығарма. Автор, мәселен, Әбiлхайыр әулетiнiң әрiден келе жатқан үстемдiгiн, содырлы – сойқан iстерiн өткендi шолу ретiмен мәлiмдейi. Жүздеген жылдарға созылған Шыңғыс хан үрiм – бұтағының озбырлық саясатын, тынымсыз талас – тартысын қайта елестету үшiн дәл осындай тәсiл оңтайлы келген.    
18.06.2013 04:45 2944

“Алмас қылыш” романында халықтың тарихтағы шешушi рөлi көрiніс табады. Кiтапта тап қайшылығы, халықтың тарихи орны айтылмаған деген айып та терiс. “Алмас қылышта” тап тартысы емес, хандар, билеушiлер араындағы тартыс шындыққа орай алғы кезекке шыққан. Соның өзiнде автор оқиғалар мен тұлғаларды талдауға, бағалауға әлеуметтiк тұрғыдан келген. Бұл – мәселенiң бiр жағы. Онан соң романда еңбекшi адамдардың iсi де, күшi де бiрсыпыра байқатылғанын көрмуше болмайды. Әбiлхайыр хан нақақтан жазалаған кедей жылқышы Орақ ше? Бұл – өте үлкен идеялық жүк көтерiп тұрған тұлға. Орақ тұлғасы романның көп жерлерiнде қайталап елес берiп отырады. Орақты қолдайтын кедей Қаптағай батыр ше? Асанқайғының Бердiбек пен Әбiлхайырға арнап айтылған әрi нақыл, әрi қатал сын сөздерiнде нағыз халық өкiлдерiнiң талабы жатыр. Дана жырау Асанның Қазтуған мен Қотан айтысына төрелiгi де таза халықтық сана нышаны.

Кiтаптың екiншi бөлiмiнде бұл әйгiлi жыраулар тағы да үлкен елдiк әңгiме үстiнде көрiнедi. Жазушының халық рөлiн төтелеп ескерiп отыратын орайы кiтаптың өн бойында кездеседi. Бiрiншi бөлiмнiң эпилогында бұл мәселе аса елеулi сездiрiлген. Әбiлхайырдың Моғолстанға көшкен Керей мен Жәнiбек елiн шабамын деген екпiнiн қарауындағы халықтың наразылығы су сепкендей басады.

Осы тұста, Орысбай, Қоқыш, Тәкежан, Күйгенбай секiлдi қарапайым адамдардың қайсарлығы жалт етiп ашылады. Немесе Саян бастаған кектi жiгiттердiң “бекзадалардың малын талау” әрекеттерi де ханға қарсы халық айбарының көрiнiсi демеске болмайды. Тiптi, Әбiлхайырға адал қызмет етiп жүрген Аспан қожаның сөздерiнен де халықтың қасиетi елес бередi. “Жоқ, алтын перiштеге де, құлға да керек емес, алтын хандарға керек,” – дейдi ол. Жазушының оқиғаны суреттеуi кейде диалог, кейде монолог, кейде тiкелей түсiндiрме түрiнде өрiлген. Бұл кiтаптың халықтық айқындамадан жазылғанын көрмеу, сыпайылап айтқанда, бiлместiк. “Мемлекет шаңырағын халық көтерген” (191-бет) – автордың дүниетаным дұрыстығын бұдан анығырақ етiп айту қиын.

Романның кейбiр көрнектi кейiпкерлерiн iлгерiде атадық. Мұнда халықтың жақсы қасиеттерiн бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Қотан, Саян, Орақ секiлдi ұнамды бейнелер қатары бар. Бұлардың әрқайсысы өз орнында мәндi, қызғылықты. “Алмас қылыш” тек мазмұнымен ғана емес, нысандық iзденiстерiмен де маңызды шығарма. Автор, мәселен, Әбiлхайыр әулетiнiң әрiден келе жатқан үстемдiгiн, содырлы – сойқан iстерiн өткендi шолу ретiмен мәлiмдейi. Жүздеген жылдарға созылған Шыңғыс хан үрiм – бұтағының озбырлық саясатын, тынымсыз талас – тартысын қайта елестету үшiн дәл осындай тәсiл оңтайлы келген.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға