Жаңалықтар

«Барыс» хоккейшілерінің жалақысы – 17,5 млн доллар

ҚХЛ-дың ресми сайты жариялаған мәліметтерге сенсек, «Барыс» өткен маусымда өз хоккейшілеріне жалақы төлеу үшін 564 122 114 рубль жұмсаған көрінеді. Бұл – 17 500 000 АҚШ доллары, деп хабарлайды Алашаренасы.   Бейсенбі күні кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы клубтардың жалақылық бюджеттері мен ойыншылардың келісімшарттарының сомасын жариялады. «Барыс» хоккей клубы бұл тізімде 11-орында екен. ҚХЛ-дың ресми сайты жариялаған мәліметтерге сенсек, «Барыс» өткен маусымда өз хоккейшілеріне жалақы төлеу үшін 564 122 114 рубль жұмсаған көрінеді. Бұл – 17 500 000 АҚШ доллары.  Құрлықтық хоккей лигасы Ресейдің додасы болғандықтан, олар жалақы және келісімшарт деректерінің бәрін өз валюталарымен бағамдап отыр. Жалақы төлеу жағынан «Барыстың» алдында «Ак-Барс», «Салават Юлаев», СКА, «Авангард», «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив», «Металлург» (Магнитогорск), ЦСКА, «Трактор», «Торпедо» клубтары тұр. Өткен маусымда ҚХЛ-да хоккейшілерге ең көп жалақы төлеген клуб – «Ак-Барс» (1 060 253 560 руб.). Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, «Барыстың» жалақылық бюджетінен екі еседей артық.  Ал ең аз төлеген команда – Новокузнецкінің «Металлургі» (128 526 696 руб.). «Барыстан» төрт есеге жуық кем. Бір көңіл аударарлығы, өткен маусымда «Барыстың сапында 36 хоккейші болған. «Локомотив» сапында 42 хоккейші тіркеліпті, содан кейінгі ойыншысы көп болған – біздің «Барыс». Ал кейбір командалардың құрамында 26 хоккейші ғана болған. Жалпы, «Барыс» хоккейшілерінің келісімшарттарының сомасы төмендегі аралықта болған: 9 ойыншы – жалақылары 155 000 доллардан кем; 6 ойыншы – 150 000 – 310 000 доллар аралығында; 6 ойыншы – 310 000 – 460 000 доллар аралығында; 5 ойыншы – 460 000 – 700 000 доллар аралығында; 4 ойыншы – 700 000 – 930 000 доллар аралығында; 4 ойыншы – 930 000 –1 400 000 доллар аралығында; 2 ойыншы – 1 400 000 – 1 800 000 доллар аралығында. Ескерте кетерлігі, Солтүстік Американың Ұлттық хоккей лигасында локаут болғанда, ҚХЛ-ға келіп ойнаған хоккейшілердің жалақылары есепке алынбаған. Айқын ЖАППАР  
15.06.2013 08:11 2886

ҚХЛ-дың ресми сайты жариялаған мәліметтерге сенсек, «Барыс» өткен маусымда өз хоккейшілеріне жалақы төлеу үшін 564 122 114 рубль жұмсаған көрінеді. Бұл – 17 500 000 АҚШ доллары, деп хабарлайды Алашаренасы.

 

Бейсенбі күні кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы клубтардың жалақылық бюджеттері мен ойыншылардың келісімшарттарының сомасын жариялады. «Барыс» хоккей клубы бұл тізімде 11-орында екен.
ҚХЛ-дың ресми сайты жариялаған мәліметтерге сенсек, «Барыс» өткен маусымда өз хоккейшілеріне жалақы төлеу үшін 564 122 114 рубль жұмсаған көрінеді. Бұл – 17 500 000 АҚШ доллары. 
Құрлықтық хоккей лигасы Ресейдің додасы болғандықтан, олар жалақы және келісімшарт деректерінің бәрін өз валюталарымен бағамдап отыр.
Жалақы төлеу жағынан «Барыстың» алдында «Ак-Барс», «Салават Юлаев», СКА, «Авангард», «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив», «Металлург» (Магнитогорск), ЦСКА, «Трактор», «Торпедо» клубтары тұр.
Өткен маусымда ҚХЛ-да хоккейшілерге ең көп жалақы төлеген клуб – «Ак-Барс» (1 060 253 560 руб.). Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, «Барыстың» жалақылық бюджетінен екі еседей артық. 
Ал ең аз төлеген команда – Новокузнецкінің «Металлургі» (128 526 696 руб.). «Барыстан» төрт есеге жуық кем.
Бір көңіл аударарлығы, өткен маусымда «Барыстың сапында 36 хоккейші болған. «Локомотив» сапында 42 хоккейші тіркеліпті, содан кейінгі ойыншысы көп болған – біздің «Барыс». Ал кейбір командалардың құрамында 26 хоккейші ғана болған.
Жалпы, «Барыс» хоккейшілерінің келісімшарттарының сомасы төмендегі аралықта болған:
9 ойыншы – жалақылары 155 000 доллардан кем;
6 ойыншы – 150 000 – 310 000 доллар аралығында;
6 ойыншы – 310 000 – 460 000 доллар аралығында;
5 ойыншы – 460 000 – 700 000 доллар аралығында;
4 ойыншы – 700 000 – 930 000 доллар аралығында;
4 ойыншы – 930 000 –1 400 000 доллар аралығында;
2 ойыншы – 1 400 000 – 1 800 000 доллар аралығында.
Ескерте кетерлігі, Солтүстік Американың Ұлттық хоккей лигасында локаут болғанда, ҚХЛ-ға келіп ойнаған хоккейшілердің жалақылары есепке алынбаған.

Айқын ЖАППАР

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға