Жаңалықтар

Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін –

«Баршаларыңды «Жас Отанның» ІІ Съезінің ашылуымен құттықтаймын! Жаңа ғана мінбеге шыққан жастар жалынды сөз бен жасампаз істің иесі екендіктерін танытты. Сендер күллі Қазақстан жастарының атынан көшелі ой мен өрелі пікір айттыңдар. Сендердің тың бастамаларыңды мен әрқашан қолдаймын!» - деп бастады өз сөзін «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезіне қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан қай мағынасынан алғанда да жас мемлекет, ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар екендігін атап өтті. «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болды. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр. Жастар саясаты саласындағы жобаларды қаржыландыру соңғы 7 жылда 10 есеге артты. Тек биылдың өзінде жас мамандардың баспаналы болуына және оларды қолдау көмегіне 12 миллиард теңге жұмсалды. 2020-жылға дейін жас отбасыларға арнап 1,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй салуды тапсырдым. Бұл құрғақ цифрлар ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек пен сендерге шексіз қамқорлық жатыр. Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін.», - деді Н.Назарбаев.
19.11.2012 03:20 3491

«Баршаларыңды «Жас Отанның» ІІ Съезінің ашылуымен құттықтаймын! Жаңа ғана мінбеге шыққан жастар жалынды сөз бен жасампаз істің иесі екендіктерін танытты. Сендер күллі Қазақстан жастарының атынан көшелі ой мен өрелі пікір айттыңдар. Сендердің тың бастамаларыңды мен әрқашан қолдаймын!» - деп бастады өз сөзін «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезіне қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан қай мағынасынан алғанда да жас мемлекет, ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар екендігін атап өтті. «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болды. Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр. Жастар саясаты саласындағы жобаларды қаржыландыру соңғы 7 жылда 10 есеге артты. Тек биылдың өзінде жас мамандардың баспаналы болуына және оларды қолдау көмегіне 12 миллиард теңге жұмсалды. 2020-жылға дейін жас отбасыларға арнап 1,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй салуды тапсырдым. Бұл құрғақ цифрлар ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек пен сендерге шексіз қамқорлық жатыр. Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін.», - деді Н.Назарбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға