Жаңалықтар

"Литердің" тілшісін соққыға жықты

«Литер» газетінің журналисті Тамара Ваальді Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының күзетшілері соққыға жыққан деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. «8 маусым күні Сарайда өрт шықты дегенді хабарды естіп осында келдік. Күзетшілер журналистерді кіргізбей, дөрекі сөйлесе бастады. Ең соңында мені соққыға жықты» деп Вааль 10 маусым күні полицияға шағым түсірген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, шағым полицияда тіркелген. Сот сараптау қорытындысын жасатып, шағымына қоса тіркеген. Осыған қарамастан 11 маусым күні журналист жұмысына шықпақшы. Соққыға жығылған Тамара Вааль травмпункіттен үйіне келе жатқанда жедел басқару орталығының майоры Қалиев қоңырау шалып, күзетшілердің әрекетіне шара қолданатынын жеткізген. Baq.kz
10.06.2013 09:14 2965

«Литер» газетінің журналисті Тамара Ваальді Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының күзетшілері соққыға жыққан деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

«8 маусым күні Сарайда өрт шықты дегенді хабарды естіп осында келдік. Күзетшілер журналистерді кіргізбей, дөрекі сөйлесе бастады. Ең соңында мені соққыға жықты» деп Вааль 10 маусым күні полицияға шағым түсірген. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, шағым полицияда тіркелген. Сот сараптау қорытындысын жасатып, шағымына қоса тіркеген. Осыған қарамастан 11 маусым күні журналист жұмысына шықпақшы.
Соққыға жығылған Тамара Вааль травмпункіттен үйіне келе жатқанда жедел басқару орталығының майоры Қалиев қоңырау шалып, күзетшілердің әрекетіне шара қолданатынын жеткізген.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға