Жаңалықтар

Рим Папасы бір Аллаға ғана құлшылық етуге шақырды

Католик шіркеуінің басшысы, Рим папасы Франциск «құдайларға» емес, бір Аллаға ғана сыйынуға шақырды. Ол бұл сөзін Рим қаласындағы әулие Марта ғибадатханасының мінберінде айтты. «Бір Құдайға иман келтірдім дегендердің өздері Аллаға серік қосып, «құдайларына» табынып жатады», – дейді ол. «Пұттарға табынудың сарқыншағы әлі күнге дейін қалмай келеді. Исаның өзі Жалғыз Құдайға сыйынып, пұттарға табынудан сақтауды сұраған», – деген Рим Папасы өзінің дініндегілерді Құдайға махаббатпен құлшылық етуге шақырды. Рим папасының жалпылама ишарат түрінде айтылған сөзінен не дегісі келгенін өзімізше тұспалдадық. Ол осы сөзі арқылы құлшылыққа мойын бұрмай, дін талаптарын былай ысырып тастап, қу дүниені құдайындай көріп, бас қойып, соның соңына түскен, бұдан басқа өзге де нәпсісін тәңірі еткен адамдарды меңзеген болуы керек.  muslim.kz
10.06.2013 09:01 3652

Католик шіркеуінің басшысы, Рим папасы Франциск «құдайларға» емес, бір Аллаға ғана сыйынуға шақырды.

Ол бұл сөзін Рим қаласындағы әулие Марта ғибадатханасының мінберінде айтты. «Бір Құдайға иман келтірдім дегендердің өздері Аллаға серік қосып, «құдайларына» табынып жатады», – дейді ол.

«Пұттарға табынудың сарқыншағы әлі күнге дейін қалмай келеді. Исаның өзі Жалғыз Құдайға сыйынып, пұттарға табынудан сақтауды сұраған», – деген Рим Папасы өзінің дініндегілерді Құдайға махаббатпен құлшылық етуге шақырды.
Рим папасының жалпылама ишарат түрінде айтылған сөзінен не дегісі келгенін өзімізше тұспалдадық. Ол осы сөзі арқылы құлшылыққа мойын бұрмай, дін талаптарын былай ысырып тастап, қу дүниені құдайындай көріп, бас қойып, соның соңына түскен, бұдан басқа өзге де нәпсісін тәңірі еткен адамдарды меңзеген болуы керек. 

muslim.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға