Жаңалықтар

Астанада XV халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жеңімпаздары белгілі болд

Астанада XV халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.kz. Конгресс Холл сарайында бір жұма бойы бас шаһарды ән мен күйге бөлеген фестивальде үміткерлер «Классикалық музыка», «Журналистика», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Балеттің жас әртістері байқауы» және «Үздік әдеби шығарма» аталымдары бойынша бақтарын сынаған болатын. Талай жастардың кеудесіне үміт отын тұтандырып, шығармашылығына серпіліс берген халықаралық «Шабыт» фестивалі биыл он бесінші рет өтті. Ол өзінің ғұмырында 14 мыңға тарта шығармашыл жастың жігерін жанып, жарқын таланттарын танытуларына мүмкіндік берді. Астанада мәдениет пен өнер зиялыларының шоғырын қалыптастырды. Биылғы фестивальге 11 мемлекеттен 500-ден астам үміткер қатысты. Бүгін фестивальдің соңғы күнінде «Шабыт» Гран-при жүлдесімен қатар, ең дарынды қатысушыға Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі табысталды. Бейнелеу өнері аталымында Тоғжан Табысбектің туындысы көрмені тамашалаушылардың, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, үздік деп танылды. Ал цирк өнерінің жас майталманы Мұхтар Өселбаев байқаудың бас жүлдесімен қатар, Президенттік кубоктың иегері атанды. Бекетаева Әйкерімнің есімі жас балет әртісі ретінде марапатталса, Дарья Киселева фортепиано жанры бойынша гран-приге ие болды. Вокалдан Азат Мәлік бас жүлдені алса, Ахан Мейірбеков скрипка аталымында жүлдегер атанды. Ал Александра Рамазанова классикалық музыка жанры бойынша үздік деп танылды. Әдебиет аталымында Балтабек Нұрғалиевтің, журналистика саласында Рахат Жақсыбайдың бағы жанды.
14.11.2012 03:49 3165

Астанада XV халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Конгресс Холл сарайында бір жұма бойы бас шаһарды ән мен күйге бөлеген фестивальде үміткерлер «Классикалық музыка», «Журналистика», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Балеттің жас әртістері байқауы» және «Үздік әдеби шығарма» аталымдары бойынша бақтарын сынаған болатын. Талай жастардың кеудесіне үміт отын тұтандырып, шығармашылығына серпіліс берген халықаралық «Шабыт» фестивалі биыл он бесінші рет өтті. Ол өзінің ғұмырында 14 мыңға тарта шығармашыл жастың жігерін жанып, жарқын таланттарын танытуларына мүмкіндік берді. Астанада мәдениет пен өнер зиялыларының шоғырын қалыптастырды. Биылғы фестивальге 11 мемлекеттен 500-ден астам үміткер қатысты.

Бүгін фестивальдің соңғы күнінде «Шабыт» Гран-при жүлдесімен қатар, ең дарынды қатысушыға Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі табысталды. Бейнелеу өнері аталымында Тоғжан Табысбектің туындысы көрмені тамашалаушылардың, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, үздік деп танылды. Ал цирк өнерінің жас майталманы Мұхтар Өселбаев байқаудың бас жүлдесімен қатар, Президенттік кубоктың иегері атанды. Бекетаева Әйкерімнің есімі жас балет әртісі ретінде марапатталса, Дарья Киселева фортепиано жанры бойынша гран-приге ие болды. Вокалдан Азат Мәлік бас жүлдені алса, Ахан Мейірбеков скрипка аталымында жүлдегер атанды. Ал Александра Рамазанова классикалық музыка жанры бойынша үздік деп танылды. Әдебиет аталымында Балтабек Нұрғалиевтің, журналистика саласында Рахат Жақсыбайдың бағы жанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға