Жаңалықтар

Тәуекел хан

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл ТӘУЕКЕЛ ХАН (т.ж.б. – 1595) – қазақ хандығының билеушісі (1582 – 98). Шығай ханның ұлы. 1581 жылдан әкесімен бірге Мауераннахр билеушісі Абдолла ханға қызмет етті. Оларға Абдолла хан Ходжент жерін иқта ретінде беріп, алтын жіппен тігілген шапан мен асыл таспен безендірілген белдік сыйлаған. Т. х. Абдолла ханның басты қарсыластарының бірі Баба сұлтанмен күресте белсенділік танытты. 1582 ж. Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын Абдолла ханға апарып берді. Бұған сый ретінде мол тартулармен қоса, Самарқандқа іргелес Африкент уәлаятын үлеске алды. 1582 ж. Шығай өлгеннен кейін орнына хан сайланды. Ол Абдолла ханға вассалды тәуелділіктен бірден қол үзе қоймады. 1583 ж. Абдолла ханның Әндіжан мен Ферғанаға жасаған жорығына қатысып, Баба сұлтанның ұлы Абд әл-Ғафарды тұтқынға алды. Осы жорықтан қайтып келе жатқанда өзіне Абдолла ханның теріс ниетінен күдіктеніп, қазақ даласына кетті. Оның мұндай қадам жасауына Абдолла ханның қазақтарға Түркістан аймағынан төрт қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамауы себеп болды. Т. х. ендігі жерде Сырдария өңірінің қалалары үшін Абдолла ханмен күрес жүргізуге кірісті. 1586 ж. Ташкент, Самарқанд және Түркістан қ-ларын алуға әрекет жасады. Шарапхана түбінде Абдолла хан аттандырған әскерді талқандады. Мұнан соң Абдолла қазақтарға қарсы өзінің інісі, Самарқандтың билеушісі Ұбайдулла сұлтанды көп әскермен аттандырды. Екі жақтың әскері Сайрам маңында кездесті. Бірақ Т. х. күші басым әскермен шайқасқа түспей, кері шегінді. Сөйтіп, оның Түркістан аймағындағы қалаларды алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Ол Бұқар хандығымен күресте Мәскеумен одақтасуды жөн санап, 1594 ж. Мәскеуге елшілік аттандырды (қ. Құлмұхаммед елшілігі). Бұл елшілікке жауап ретінде Мәскеу 1595 ж. тілмаш Вельямин Степановты жіберді. Т. х. кезінде қазақ-орыс байланыстарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Ол Мауераннахрды қазақ хандығына қаратып алуға әрекеттенді. Соған орай 1598 ж. Бұхар хандығына жорық жасады (қ. Тәуекел ханның Мауераннахрға жорығы). Бұхара қ. маңындағы шайқаста ауыр жарақат алды. Осы жарақаттан 40 күннен кейін қаза тапты. Т. х-ның Шайбани әулетімен жүргізген күресі нәтижесінде Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы-егіншілік аудандар қазақ хандығының құрамына кірді. А. Махаева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
09.11.2012 05:00 21741

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

ТӘУЕКЕЛ ХАН (т.ж.б. – 1595) – қазақ хандығының билеушісі (1582 – 98). Шығай ханның ұлы. 1581 жылдан әкесімен бірге Мауераннахр билеушісі Абдолла ханға қызмет етті. Оларға Абдолла хан Ходжент жерін иқта ретінде беріп, алтын жіппен тігілген шапан мен асыл таспен безендірілген белдік сыйлаған. Т. х. Абдолла ханның басты қарсыластарының бірі Баба сұлтанмен күресте белсенділік танытты. 1582 ж. Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын Абдолла ханға апарып берді. Бұған сый ретінде мол тартулармен қоса, Самарқандқа іргелес Африкент уәлаятын үлеске алды. 1582 ж. Шығай өлгеннен кейін орнына хан сайланды. Ол Абдолла ханға вассалды тәуелділіктен бірден қол үзе қоймады. 1583 ж. Абдолла ханның Әндіжан мен Ферғанаға жасаған жорығына қатысып, Баба сұлтанның ұлы Абд әл-Ғафарды тұтқынға алды. Осы жорықтан қайтып келе жатқанда өзіне Абдолла ханның теріс ниетінен күдіктеніп, қазақ даласына кетті. Оның мұндай қадам жасауына Абдолла ханның қазақтарға Түркістан аймағынан төрт қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамауы себеп болды. Т. х. ендігі жерде Сырдария өңірінің қалалары үшін Абдолла ханмен күрес жүргізуге кірісті. 1586 ж. Ташкент, Самарқанд және Түркістан қ-ларын алуға әрекет жасады. Шарапхана түбінде Абдолла хан аттандырған әскерді талқандады. Мұнан соң Абдолла қазақтарға қарсы өзінің інісі, Самарқандтың билеушісі Ұбайдулла сұлтанды көп әскермен аттандырды. Екі жақтың әскері Сайрам маңында кездесті. Бірақ Т. х. күші басым әскермен шайқасқа түспей, кері шегінді. Сөйтіп, оның Түркістан аймағындағы қалаларды алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Ол Бұқар хандығымен күресте Мәскеумен одақтасуды жөн санап, 1594 ж. Мәскеуге елшілік аттандырды (қ. Құлмұхаммед елшілігі). Бұл елшілікке жауап ретінде Мәскеу 1595 ж. тілмаш Вельямин Степановты жіберді. Т. х. кезінде қазақ-орыс байланыстарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Ол Мауераннахрды қазақ хандығына қаратып алуға әрекеттенді. Соған орай 1598 ж. Бұхар хандығына жорық жасады (қ. Тәуекел ханның Мауераннахрға жорығы). Бұхара қ. маңындағы шайқаста ауыр жарақат алды. Осы жарақаттан 40 күннен кейін қаза тапты. Т. х-ның Шайбани әулетімен жүргізген күресі нәтижесінде Сырдарияның орта ағысының екі жағасындағы отырықшы-егіншілік аудандар қазақ хандығының құрамына кірді.

А. Махаева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Қасым хан