Жаңалықтар

Қасым хан

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Қасым хан [шамамен 1445 – 1518 (1523)] – қазақ ханы (1503/1511 – 1518/1523), Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі. Қ. х-ның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару әдісі, т.б. жөнінде мәліметтер өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М.Х. Дулаттың “Тарихи Рашиди” атты шығармасына сүйенеді. Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне қарсы соғыстары туралы деректемелерде Қ. х-ның есімі алғаш рет аталады және оған “белгілі сұлтандар мен бахадурлардың” бірі деген баға беріледі, “Бұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі” екені атап көрсетіледі. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, шет жерде дүние салады да, Қ. х. билікті біржолата өз қолына алады. Қ. х. билеген кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі жалғасты. 1510 жылдың қысында Шайбани хан әскері Ұлытау бөктерінде отырған Қ. х. ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс бере алмайтынын білген Қ. х. шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанын тас-талқан етті. 1513 ж. Қ. х. Қараталда отырған кезде Сайрам билеушісі Қаттабек қаланы Қ. х-ның билігіне берді де, оны Ташкентті билеп тұрған Шайбани Сүйін Қожаға қарсы аттануға көндірді. Сол жылы жазда Моғолстан ханы Сұлтан Сайд Ташкентке бірлесіп жорық жасауды ұсынды, алайда Қ. х. бұл соғыстан бас тартты. 1515 ж. Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ хандығының Жетісудағы билігі нығая түсті. Батыста оның қол астына Ноғай  Ордасынан кеткен рулар мен тайпалар келіп қосылды. Хандықтың шекарасы оңт-нде Сырдарияға дейін, оңт.-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солт.-батысында Жайық өз. аңғары мен солт.-шығысында Ұлытау және Балқаш к-нен өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін кеңейді. Халқының саны 1 млн. адамнан асты. Оның тұсында қазақтар Бат. Еуропаға дербес этн. қауым ретінде танылды. Қазақ хандығының орыс мемлекетімен елшілік байланысы басталды. Қ. х. билігінің соңғы жылдарында қазақ билеушілері мен шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала берді. 1516 – 17 ж. қыста Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп, қазақтарға қарсы жорыққа шықты. Қазақтардың “Қасым ханның қасқа жолы” дейтін белгілі заңдары Қ. х-ның есімімен байланыстырылды. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Қ. х. 1518 ж. өлген. Ал Тахир Мұхаммед “Рузат ат-Тахирин” атты еңбегінде Қ. х. 1523/24 ж. өлген деген дерек келтіреді. Қыдырғали Жалайыридың айтуынша, Қ. х. Сарайшық қ-нда қайтыс болған. Б. Кәрібаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 04:59 5047

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Қасым хан [шамамен 1445 – 1518 (1523)] – қазақ ханы (1503/1511 – 1518/1523), Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі. Қ. х-ның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару әдісі, т.б. жөнінде мәліметтер өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М.Х. Дулаттың “Тарихи Рашиди” атты шығармасына сүйенеді. Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне қарсы соғыстары туралы деректемелерде Қ. х-ның есімі алғаш рет аталады және оған “белгілі сұлтандар мен бахадурлардың” бірі деген баға беріледі, “Бұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі” екені атап көрсетіледі. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, шет жерде дүние салады да, Қ. х. билікті біржолата өз қолына алады.

Қ. х. билеген кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі жалғасты. 1510 жылдың қысында Шайбани хан әскері Ұлытау бөктерінде отырған Қ. х. ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс бере алмайтынын білген Қ. х. шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанын тас-талқан етті. 1513 ж. Қ. х. Қараталда отырған кезде Сайрам билеушісі Қаттабек қаланы Қ. х-ның билігіне берді де, оны Ташкентті билеп тұрған Шайбани Сүйін Қожаға қарсы аттануға көндірді. Сол жылы жазда Моғолстан ханы Сұлтан Сайд Ташкентке бірлесіп жорық жасауды ұсынды, алайда Қ. х. бұл соғыстан бас тартты. 1515 ж. Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ хандығының Жетісудағы билігі нығая түсті. Батыста оның қол астына Ноғай  Ордасынан кеткен рулар мен тайпалар келіп қосылды. Хандықтың шекарасы оңт-нде Сырдарияға дейін, оңт.-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солт.-батысында Жайық өз. аңғары мен солт.-шығысында Ұлытау және Балқаш к-нен өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін кеңейді. Халқының саны 1 млн. адамнан асты. Оның тұсында қазақтар Бат. Еуропаға дербес этн. қауым ретінде танылды. Қазақ хандығының орыс мемлекетімен елшілік байланысы басталды. Қ. х. билігінің соңғы жылдарында қазақ билеушілері мен шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала берді. 1516 – 17 ж. қыста Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп, қазақтарға қарсы жорыққа шықты.

Қазақтардың “Қасым ханның қасқа жолы” дейтін белгілі заңдары Қ. х-ның есімімен байланыстырылды. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Қ. х. 1518 ж. өлген. Ал Тахир Мұхаммед “Рузат ат-Тахирин” атты еңбегінде Қ. х. 1523/24 ж. өлген деген дерек келтіреді. Қыдырғали Жалайыридың айтуынша, Қ. х. Сарайшық қ-нда қайтыс болған.

Б. Кәрібаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға