Жаңалықтар

«Менің Қазақстаным!» VІ Республикалық патриоттар форумы Мемлекеттік рәміздер күніне орай

3-4 маусым күндері Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін тойлау шараларының аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің Қазақстаным» атты VІ Республикалық патриоттар форумы өтеді. Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздердің авторлары, Президент Әкімшілігінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Форумның алғашқы күні делегаттар өңірдің рухани және тарихи мұраларымен танысу мақсатында Атыраудың мұражайларын, тарихи және мәдени орындарын аралайды . 4 маусымда еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде (Астана уақытымен сағат 11.00) Мемлекеттік әнұран орындалады. Бұл күні сондай-ақ Атырауда және еліміздің барлық облыс орталықтарында Мемлекеттік рәміздерді салтанатты алып жүрумен «Біздің Ту, Біздің Елтаңба, Біздің Әнұран» атты патриоттық акция өтеді. Форум аясында сондай-ақ, «Жыл патриоты» атты құрметті атағымен марапаттау рәсімі өткізіледі. Әртүрлі аталымдар бойынша үздік спортшылар, әртістер, өз кәсібінде жетістікке жеткен, қайырымдылық көрсеткен азаматтар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар басшылары марапатталатын болады. 4 маусым күні барлық облыс орталықтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
04.06.2013 05:14 3977

3-4 маусым күндері Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін тойлау шараларының аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Менің Қазақстаным» атты VІ Республикалық патриоттар форумы өтеді.

Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздердің авторлары, Президент Әкімшілігінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Форумның алғашқы күні делегаттар өңірдің рухани және тарихи мұраларымен танысу мақсатында Атыраудың мұражайларын, тарихи және мәдени орындарын аралайды .

4 маусымда еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде (Астана уақытымен сағат 11.00) Мемлекеттік әнұран орындалады. Бұл күні сондай-ақ Атырауда және еліміздің барлық облыс орталықтарында Мемлекеттік рәміздерді салтанатты алып жүрумен «Біздің Ту, Біздің Елтаңба, Біздің Әнұран» атты патриоттық акция өтеді.

Форум аясында сондай-ақ, «Жыл патриоты» атты құрметті атағымен марапаттау рәсімі өткізіледі. Әртүрлі аталымдар бойынша үздік спортшылар, әртістер, өз кәсібінде жетістікке жеткен, қайырымдылық көрсеткен азаматтар, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар басшылары марапатталатын болады.

4 маусым күні барлық облыс орталықтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға