ҰБТ-да келеңсіз сұрақтар кездеспейтін болады
Мектеп бітіруші түлектер Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде берілген тест тапсырмаларының сұрақтарына шағымданатыны жасырын емес. Енді бұл келеңсіздіктер 2013 жылғы ҰБТ барысында кездеспейтін болады.
ҰБТ-да қолданылатын тест тапсырмаларының қоры бірнеше мәрте сараптамадан өтіп, жетекші қазақстандық сарапшылардың оң бағасын алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты Қазақстан тарихы пәні бойынша құрастырылған тест тапсырмаларына тәуелсіз сараптама жүргізді. Енді мектеп бітіруші түлектер танымал тұлғалардың киімдері мен тұрғын үй бөлмелерінің саны туралы сұрақтарға наразылық білдіре алмайды. Мұндай сұрақтар тест тапсырмаларының қорында табылмады деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Baq.kz