Жаңалықтар

Қарқара көтерілісі

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 Қарқара көтерілісі – 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу обл-ндағы орталығы. Кейбір архив құжаттарында “Албан көтерілісі”, халық жадында “Албан – Бұғы” көтерілісі деп аталады. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында отарлық езгі қатты күшейді, алым-салық көбейіп, халық тұрмысы күрт нашарлады. Ал, 1916 ж. 25 маусымдағы соғыстағы армияның тылдағы қара жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия және ішінара Сібірдің 19 – 43 жас аралығындағы (кейіннен 43-тен 31-ге түсірілді) ер азаматтарды шақыру жөніндегі жарлығы көтерілістің шығуына түрткі болды. Жалпы Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың, соның ішінде Жетісудан – 87 мың адам шақырылды. Патша жарлығы жарияланысымен Қазақстанның барлық аймақтарында бұған қарсылық білдіру басталды. Қарқара – Жетісу обл-ның Жаркент уезіне қарайтын жайлау және әйгілі халықар. жәрмеңке орт. болатын. 16 болыстан тұратын албан тайпасының ата қонысы еді. Оның 13 болысы Жаркент уезіне, қалған үшеуі Верный уезіне қарады. 6 шілде күні 13 болыс өкілдері Ақбейіт тауында жиналып, патша жарлығын орындамауға баталасты. Келесі күні “Нарынқол – Шарын” приставының бастығы Подворков 13 болыс пен беделді адамдарды жинап алып, патша жарлығын дереу орындауды талап етті. Жиналғандар 4 – 5 күн ақылдасып, жауап бермек болып тарасты. Шілденің 10 күні жәрмеңкеден 10 км жердегі “Қабан Қарағай” деп аталатын жайлауда Құрман болысының беделді адамы Ұзақ Саурықовтың а-нда Құрман, Мерке, Шілік, Торайғыр, Сарытоғай, Қоңырбөрік, Қожбанбет, Бөдеті, Иванов, Алжан, Айт болыстарының басшылары мен басқа да беделді адамдары майдан жұмысына адам бермейміз деп келісті. Он күн өткеннен кейін Подворков казак-орыс жасағын алып келіп, “Ереуілтөбеде” болғандарды түгелге жуық тұтқындап, Қарақол (Пржевальск) қ-ндағы түрмеге қамады. Түрме басшылары ереуілшілердің ақылгөй ақсақалы Мәмбетұлын у беріп өлтірді. Қалған тұтқындар Қарақол уезі басшысы полк. Ивановтың бұйрығымен 8 тамыз күні атылды. Атылғандар арасында: Кәрібоз Қаңтарұлы, Суанқұл Арғынұлы, Қазыбек Шорманұлы, Үмеке Бестібайұлы, Біләл Разақұлы, Қағазбек Тоқтамысұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, Құрман Әділбекұлы, Бекайдар Сұлтанқұлұлы, Құдиярбек Шотаманұлы, Жанпейіс Отыншыұлы, т.б. болды. Көтерілісшілердің бір тобы Қайқы асуында жазалаушылар қолынан қаза тапты. Бірақ жазалау әрекеттері көтерілісті бірден баса алмады. Тамыздың ортасына қарай Жаркент уезі толық көтерілді. Көтерілісшілер 11 тамызда Жалаңаш ст-н басып алып, қоныс аудару басқармасының қызметкерлері Долгушинді, Адековті, т.б. бірнеше адамды өлтірді. 16 тамызда Монай Ұзақбайұлы басқарған албан жасақтары Қарқара жәрмеңкесін басып алды. 15 қыркүйекке дейін Нарынқол – Шарын приставына қарайтын өңір көтерілісшілер қолында болды. Верный уезіне қарайтын Қызылбөрік болысының тұрғындары да атқа мініп, 3 тамыз күні Асы жайлауында уезд бастығының көмекшісі Хлыновский басқарған жазалаушыларды Верныйға қуып тастады. Көтеріліс уездің басқа болыстарында да (Ботабай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты, Тайторы, Жайылмыш, т.б.) өрістеді. 10 – 12 қыркүйекте Лепсі уезіне қарасты Мақаншы – Садыр, Мәмбет – Қысқаш, Балқаш – Лепсі болыстарының қазақтары да көтеріліске шықты. Саратов с. маңында көтерілісшілер Маслов басқарған жазалаушы жасақпен соғысып, қырғынға ұшырады. Жазалаушылармен қарулы қақтығыстар Кіші, Орта, Үлкен Ақсу елді мекендеріндегі дүнгендер, Верный уезі Қорам болысындағы ұйғырлар арасында да болды. Қыркүйектің аяғы мен қазанның басында патша жазалаушылары көтерілісшілердің негізгі күштерін талқандады. Олар көтерілісшілерге қоса бейбіт халықты да қырғынға ұшыратты. Жетісу обл-ның бес уезінде 84 854 түтін (отбасы) болса, көтерілістен кейін 53 мың ғана түтін қалып, 31 854 түтін жойылды немесе Қытайға ауып кетті. Архив деректері бойынша Қ. к. кезінде Жетісудағы қазақ пен қырғыздардың жүзге жуық елді мекені жазалаушылардың шабуылына ұшырап, 373 үй өртенген, 1905 адам оққа ұшқан, 684 адам жараланып, 1105 кісі тұтқындалып, кейіннен із-түссіз жоғалған. Ал, патша жазалаушыларынан небәрі 171 адам ғана шығын болған. Қ. к. жөнінде М.О. Әуезов “Қилы заман” атты тарихи хикаят, Т.Жұртбаев “Бейуақ”, С.Тәнекеев “Қарқара – Албан көтерілісі” кітаптарын жазды. К. Нүрпейіс Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 04:46 15183

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

Қарқара көтерілісі – 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу обл-ндағы орталығы. Кейбір архив құжаттарында “Албан көтерілісі”, халық жадында “Албан – Бұғы” көтерілісі деп аталады. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында отарлық езгі қатты күшейді, алым-салық көбейіп, халық тұрмысы күрт нашарлады. Ал, 1916 ж. 25 маусымдағы соғыстағы армияның тылдағы қара жұмыстарына Қазақстан, Орта Азия және ішінара Сібірдің 19 – 43 жас аралығындағы (кейіннен 43-тен 31-ге түсірілді) ер азаматтарды шақыру жөніндегі жарлығы көтерілістің шығуына түрткі болды. Жалпы Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың, соның ішінде Жетісудан – 87 мың адам шақырылды. Патша жарлығы жарияланысымен Қазақстанның барлық аймақтарында бұған қарсылық білдіру басталды. Қарқара – Жетісу обл-ның Жаркент уезіне қарайтын жайлау және әйгілі халықар. жәрмеңке орт. болатын. 16 болыстан тұратын албан тайпасының ата қонысы еді. Оның 13 болысы Жаркент уезіне, қалған үшеуі Верный уезіне қарады. 6 шілде күні 13 болыс өкілдері Ақбейіт тауында жиналып, патша жарлығын орындамауға баталасты. Келесі күні “Нарынқол – Шарын” приставының бастығы Подворков 13 болыс пен беделді адамдарды жинап алып, патша жарлығын дереу орындауды талап етті. Жиналғандар 4 – 5 күн ақылдасып, жауап бермек болып тарасты. Шілденің 10 күні жәрмеңкеден 10 км жердегі “Қабан Қарағай” деп аталатын жайлауда Құрман болысының беделді адамы Ұзақ Саурықовтың а-нда Құрман, Мерке, Шілік, Торайғыр, Сарытоғай, Қоңырбөрік, Қожбанбет, Бөдеті, Иванов, Алжан, Айт болыстарының басшылары мен басқа да беделді адамдары майдан жұмысына адам бермейміз деп келісті.

Он күн өткеннен кейін Подворков казак-орыс жасағын алып келіп, “Ереуілтөбеде” болғандарды түгелге жуық тұтқындап, Қарақол (Пржевальск) қ-ндағы түрмеге қамады. Түрме басшылары ереуілшілердің ақылгөй ақсақалы Мәмбетұлын у беріп өлтірді. Қалған тұтқындар Қарақол уезі басшысы полк. Ивановтың бұйрығымен 8 тамыз күні атылды. Атылғандар арасында: Кәрібоз Қаңтарұлы, Суанқұл Арғынұлы, Қазыбек Шорманұлы, Үмеке Бестібайұлы, Біләл Разақұлы, Қағазбек Тоқтамысұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, Құрман Әділбекұлы, Бекайдар Сұлтанқұлұлы, Құдиярбек Шотаманұлы, Жанпейіс Отыншыұлы, т.б. болды. Көтерілісшілердің бір тобы Қайқы асуында жазалаушылар қолынан қаза тапты. Бірақ жазалау әрекеттері көтерілісті бірден баса алмады. Тамыздың ортасына қарай Жаркент уезі толық көтерілді. Көтерілісшілер 11 тамызда Жалаңаш ст-н басып алып, қоныс аудару басқармасының қызметкерлері Долгушинді, Адековті, т.б. бірнеше адамды өлтірді. 16 тамызда Монай Ұзақбайұлы басқарған албан жасақтары Қарқара жәрмеңкесін басып алды. 15 қыркүйекке дейін Нарынқол – Шарын приставына қарайтын өңір көтерілісшілер қолында болды. Верный уезіне қарайтын Қызылбөрік болысының тұрғындары да атқа мініп, 3 тамыз күні Асы жайлауында уезд бастығының көмекшісі Хлыновский басқарған жазалаушыларды Верныйға қуып тастады. Көтеріліс уездің басқа болыстарында да (Ботабай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты, Тайторы, Жайылмыш, т.б.) өрістеді. 10 – 12 қыркүйекте Лепсі уезіне қарасты Мақаншы – Садыр, Мәмбет – Қысқаш, Балқаш – Лепсі болыстарының қазақтары да көтеріліске шықты. Саратов с. маңында көтерілісшілер Маслов басқарған жазалаушы жасақпен соғысып, қырғынға ұшырады. Жазалаушылармен қарулы қақтығыстар Кіші, Орта, Үлкен Ақсу елді мекендеріндегі дүнгендер, Верный уезі Қорам болысындағы ұйғырлар арасында да болды. Қыркүйектің аяғы мен қазанның басында патша жазалаушылары көтерілісшілердің негізгі күштерін талқандады. Олар көтерілісшілерге қоса бейбіт халықты да қырғынға ұшыратты. Жетісу обл-ның бес уезінде 84 854 түтін (отбасы) болса, көтерілістен кейін 53 мың ғана түтін қалып, 31 854 түтін жойылды немесе Қытайға ауып кетті. Архив деректері бойынша Қ. к. кезінде Жетісудағы қазақ пен қырғыздардың жүзге жуық елді мекені жазалаушылардың шабуылына ұшырап, 373 үй өртенген, 1905 адам оққа ұшқан, 684 адам жараланып, 1105 кісі тұтқындалып, кейіннен із-түссіз жоғалған. Ал, патша жазалаушыларынан небәрі 171 адам ғана шығын болған. Қ. к. жөнінде М.О. Әуезов “Қилы заман” атты тарихи хикаят, Т.Жұртбаев “Бейуақ”, С.Тәнекеев “Қарқара – Албан көтерілісі” кітаптарын жазды.

К. Нүрпейіс

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға