Жаңалықтар

Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлы

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлы (1887, Бөкей ордасы, 2-Теңіз жағалауы округі, 3-старшын – 1968, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Астрахан гимназиясын (1908), Қазан ун-тінің заң ф-тін (1912) бітірген. 1913 – 17 ж. Қазан қ-нда адвокат болды. Төңкеріс жылдары елге келіп, Алаш қозғалысына белсене араласты. 1917 ж. 1 – 8 сәуір аралығында Орынбор қ-нда өткен Торғай обл. қазақтарының съезіне қатысып, мәжіліс төралқасы төрағасының орынбасары болды. 1917 ж. 21 сәуірде Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезінде төралқа төрағалығына сайланды. Съезд қаулысымен Т. Бөкей земство управасының төрағасы болып сайланған. Бөкей ордасынан Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне өкіл болып ұсынылып, Ж.Досмұхамедов екеуі кеңестің атқару к-тіне енгізілді. Сондай-ақ Бөкей ордасынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылып, тамыз айында Киевке Бүкілресейлік федералистер съезіне барды. Сол 1917 ж. 1 – 11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, оның атқару к-тіне мүше болған. Ал 1917 ж. 5 – 13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің министрі болып белгіленді. 8 – 23 қыркүйекте Уфа мәжілісіне қатысты. Т. 11 қыркүйекте Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаевтың қатысуымен өткен Алашорданың шұғыл мәжілісіне де шақырылды. Бұл тарихи мәжілісте “Ойыл уәлаяты” таратылып, Алашорданың Батыс бөлімі құрылды. 1918 ж. 18 қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде Директория құлап, барлық өкімет билігі адмирал Колчакқа өткенде Алашорда басшылары қатарында жаңа өкіметпен келіссөз жүргізуге талаптанды. Т. Алаш қозғалысына қатысқандарға кешірім жарияланған соң 1919 жылдан Қазақ АКСР-ін ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда мемл. баспа бөлімшесін құру жөніндегі жұмыстарға араласты. Орынбордағы Қазәсревком аппаратында қызмет етіп, респ. ОАК-ге мүше болып сайланды. 1920 ж. 25 қыркүйекте Қазақ АКСР-і Юстиция халкомының орынбасары болып, бірнеше заң актілерін дайындауға ат салысты. 1922 ж. 9 қарашада Ұлт істері жөніндегі халкомат жанындағы Қазақ АКСР-і өкілдігі басшысының орынбасары, кейінірек федералдық к-тте, жер мәселесі жөніндегі жоғ. бақылаудың ерекше алқасында қызмет атқарды. 1924 – 37 ж. Қазан қ-ндағы Татар АКСР-і Жоғ. сотында адвокат болды. 1937 ж. және 1949 ж. 2 рет Татарстанда репрессияға ұшырап, 1949 – 55 ж. Краснояр өлкесінде айдауда болды. 1957 ж. Татар АКСР-інің Жоғ. соты төралқасының шешімімен толық ақталды. М. Әбдеш Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
09.11.2012 04:46 7181

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлы (1887, Бөкей ордасы, 2-Теңіз жағалауы округі, 3-старшын – 1968, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Астрахан гимназиясын (1908), Қазан ун-тінің заң ф-тін (1912) бітірген. 1913 – 17 ж. Қазан қ-нда адвокат болды. Төңкеріс жылдары елге келіп, Алаш қозғалысына белсене араласты. 1917 ж. 1 – 8 сәуір аралығында Орынбор қ-нда өткен Торғай обл. қазақтарының съезіне қатысып, мәжіліс төралқасы төрағасының орынбасары болды. 1917 ж. 21 сәуірде Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезінде төралқа төрағалығына сайланды. Съезд қаулысымен Т. Бөкей земство управасының төрағасы болып сайланған. Бөкей ордасынан Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне өкіл болып ұсынылып, Ж.Досмұхамедов екеуі кеңестің атқару к-тіне енгізілді. Сондай-ақ Бөкей ордасынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылып, тамыз айында Киевке Бүкілресейлік федералистер съезіне барды. Сол 1917 ж. 1 – 11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, оның атқару к-тіне мүше болған. Ал 1917 ж. 5 – 13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің министрі болып белгіленді. 8 – 23 қыркүйекте Уфа мәжілісіне қатысты. Т. 11 қыркүйекте Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаевтың қатысуымен өткен Алашорданың шұғыл мәжілісіне де шақырылды. Бұл тарихи мәжілісте “Ойыл уәлаяты” таратылып, Алашорданың Батыс бөлімі құрылды. 1918 ж. 18 қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде Директория құлап, барлық өкімет билігі адмирал Колчакқа өткенде Алашорда басшылары қатарында жаңа өкіметпен келіссөз жүргізуге талаптанды. Т. Алаш қозғалысына қатысқандарға кешірім жарияланған соң 1919 жылдан Қазақ АКСР-ін ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда мемл. баспа бөлімшесін құру жөніндегі жұмыстарға араласты. Орынбордағы Қазәсревком аппаратында қызмет етіп, респ. ОАК-ге мүше болып сайланды. 1920 ж. 25 қыркүйекте Қазақ АКСР-і Юстиция халкомының орынбасары болып, бірнеше заң актілерін дайындауға ат салысты. 1922 ж. 9 қарашада Ұлт істері жөніндегі халкомат жанындағы Қазақ АКСР-і өкілдігі басшысының орынбасары, кейінірек федералдық к-тте, жер мәселесі жөніндегі жоғ. бақылаудың ерекше алқасында қызмет атқарды. 1924 – 37 ж. Қазан қ-ндағы Татар АКСР-і Жоғ. сотында адвокат болды. 1937 ж. және 1949 ж. 2 рет Татарстанда репрессияға ұшырап, 1949 – 55 ж. Краснояр өлкесінде айдауда болды. 1957 ж. Татар АКСР-інің Жоғ. соты төралқасының шешімімен толық ақталды.

М. Әбдеш

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға