Жаңалықтар

Қазақтың 500 ән-күйі

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 “ҚАЗАҚТЫҢ 500 ӘН-КҮЙІ” – музыкалық-этнографиялық еңбек. А.В. Затаевич жинап, нотаға түсіріп, баспадан шығарған. Бұл жинаққа Қазақстанның әр өңірінен (Адай, Бөкей, Семей және Орал аймақтарынан) жазылып алынған күйлер мен әндер, терме, толғау үлгілері енген. Күйлер – Бөкей, Адай, Орал, Түрікмен топтарына, әндер – Жымпиты, Гурьев, Бөкей топтарына бөліп орналастырылған. Этнограф басылымның алғысөзі мен 403 ескертпесін жазған. Бұл ескертпелердің А. Жұбанов айтып көрсеткен ескірген тұстары да бар. Жинаққа барлығы 400-ден аса ән, 100-ге жуық күй енген. Олардың қатарында қазақ тарихы тақырыбына құрылған “Ел айрылған”, “Асан Қайғы”, “Қалмақтың қара жорғасы”. “Кенесарының көк балағы”, “Шора”, “Жошы”, “Көрұғлы”, қазақ-түрікмен қатынастарынан елес беретін “Үлкен айқай”, “Көкек” (Едік бақсы) күйлерін атауға болады. Құрманғазы (“Ойбай, балам”, “Ақсақ киік”, “Серпер”, “Кісен ашқан”), Дәулеткерей (“Салық өлген”, “Қоңыр”, “Қоңыр екі ішек”, “Керілме”, “Ващенко”), Түркеш (“Байжұма”), Тәттімбет (“Былқылдақ”), Жантөре (“Шалқыма”), т.б. халық комп-ларының күйлері алғаш рет нотаға түсірілген. Жинақта Ақан серінің “Құлагер”, “Сәулем-ай”, “Мақпал”, Біржанның “Жанбота”, “Жамбас сипар”, Естайдың “Хұсни Қорлан”, “Назымкүл”, Жаяу Мұсаның “Қатын өлгенде”, Майраның бірқатар әндері қамтылған. Шығармалардың енді бір парасы Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Шөже, Шәкерім, Мұхит туындылары ретінде аталса, “Гауһартас”, “Телқоңыр”, “Аққұм”, “Әпитөк”, “Екі қурай”, “Жайдарман” әндері – халық мұрасы ретінде берілген. Затаевичке бұл шығармаларды жеткізген корреспонденттер қатарында Ғ.Айтбаев, М.Әбсалықов, Қ.Байжанов, Н.Бөкейхан, М.Бөкейхан, Ә.Ғайсин, І.Жансүгіров, Ж.Лекеров, Ә.Қашаубаев, М.Майшекин, Ә.Марғұлан, Б.Нұрмақова, Қ.Сәтбаев, М.Шамсуддинова, Ж.Шанин секілді мәдениет, әдебиет және ғылым қайраткерлері бар. Бұл басылымда белгілі халық күйші-композиторларының ел арасына кең тараған шығармаларына басым орын берілген. Әсіресе, жоңғар шапқыншылығын суреттейтін күйлердің тарихи-танымдық табиғаты аса елеулі. Олар ғыл. тұрғыдан зерттеліп, танымдық деңгейде зерделеуді қажет етеді. Хандық дәуір тұсында туған күйлердің ырғақтық, мақамдық, екпіндік құрылымы қазақ күй өнеріне тән үн-әуендердің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды. Бұл күйлер – қазақ күйшілік өнерінің лексикасын анықтайтын туындылар. “Қ. 500 ә.-к.” – қазақ мәдениетінің тарихындағы екінші ірі муз.-этногр. жинақ. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
09.11.2012 04:46 12010

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

“ҚАЗАҚТЫҢ 500 ӘН-КҮЙІ” – музыкалық-этнографиялық еңбек. А.В. Затаевич жинап, нотаға түсіріп, баспадан шығарған. Бұл жинаққа Қазақстанның әр өңірінен (Адай, Бөкей, Семей және Орал аймақтарынан) жазылып алынған күйлер мен әндер, терме, толғау үлгілері енген. Күйлер – Бөкей, Адай, Орал, Түрікмен топтарына, әндер – Жымпиты, Гурьев, Бөкей топтарына бөліп орналастырылған. Этнограф басылымның алғысөзі мен 403 ескертпесін жазған. Бұл ескертпелердің А. Жұбанов айтып көрсеткен ескірген тұстары да бар. Жинаққа барлығы 400-ден аса ән, 100-ге жуық күй енген. Олардың қатарында қазақ тарихы тақырыбына құрылған “Ел айрылған”, “Асан Қайғы”, “Қалмақтың қара жорғасы”. “Кенесарының көк балағы”, “Шора”, “Жошы”, “Көрұғлы”, қазақ-түрікмен қатынастарынан елес беретін “Үлкен айқай”, “Көкек” (Едік бақсы) күйлерін атауға болады. Құрманғазы (“Ойбай, балам”, “Ақсақ киік”, “Серпер”, “Кісен ашқан”), Дәулеткерей (“Салық өлген”, “Қоңыр”, “Қоңыр екі ішек”, “Керілме”, “Ващенко”), Түркеш (“Байжұма”), Тәттімбет (“Былқылдақ”), Жантөре (“Шалқыма”), т.б. халық комп-ларының күйлері алғаш рет нотаға түсірілген. Жинақта Ақан серінің “Құлагер”, “Сәулем-ай”, “Мақпал”, Біржанның “Жанбота”, “Жамбас сипар”, Естайдың “Хұсни Қорлан”, “Назымкүл”, Жаяу Мұсаның “Қатын өлгенде”, Майраның бірқатар әндері қамтылған. Шығармалардың енді бір парасы Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Шөже, Шәкерім, Мұхит туындылары ретінде аталса, “Гауһартас”, “Телқоңыр”, “Аққұм”, “Әпитөк”, “Екі қурай”, “Жайдарман” әндері – халық мұрасы ретінде берілген. Затаевичке бұл шығармаларды жеткізген корреспонденттер қатарында Ғ.Айтбаев, М.Әбсалықов, Қ.Байжанов, Н.Бөкейхан, М.Бөкейхан, Ә.Ғайсин, І.Жансүгіров, Ж.Лекеров, Ә.Қашаубаев, М.Майшекин, Ә.Марғұлан, Б.Нұрмақова, Қ.Сәтбаев, М.Шамсуддинова, Ж.Шанин секілді мәдениет, әдебиет және ғылым қайраткерлері бар. Бұл басылымда белгілі халық күйші-композиторларының ел арасына кең тараған шығармаларына басым орын берілген. Әсіресе, жоңғар шапқыншылығын суреттейтін күйлердің тарихи-танымдық табиғаты аса елеулі. Олар ғыл. тұрғыдан зерттеліп, танымдық деңгейде зерделеуді қажет етеді. Хандық дәуір тұсында туған күйлердің ырғақтық, мақамдық, екпіндік құрылымы қазақ күй өнеріне тән үн-әуендердің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды. Бұл күйлер – қазақ күйшілік өнерінің лексикасын анықтайтын туындылар. “Қ. 500 ә.-к.” – қазақ мәдениетінің тарихындағы екінші ірі муз.-этногр. жинақ.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға