Жаңалықтар

Футбол: Қазақстан Қырғызстаннан ұтылды

Әзербайжан елінде футболдан өтіп жатқан «Каспий Кубогы» турнирінде еліміздің құрамасы (16 жасқа дейінгі) үшінші мәрте жеңілді. Бұл хақында Vesti.kz. жазып отыр. Бұл жолы ұлттық құрама тартысты бәсекеде 0:1 есебімен қырғызстандықтарға есе жіберді. Айта кеткен жөн, аталмыш командалар тек 9-12-орындар үшін бақ сынасуда. Бұл топта Иордания мен Тәжікстан да бар. Бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер Грузиядын 1:13, Болгариядан 0:13 есебімен жеңілген-ді. Жарыста еліміздің намысын 16 жасқа дейінгі балалар қорғауда, ал олардың қарсыласы бір жасқа үлкен. Аталмыш жастағы қазақстандық құрама болса, Минскідегі біріншіліктегі турнирде өнер көрсетуде.
03.06.2013 03:39 2970

Әзербайжан елінде футболдан өтіп жатқан «Каспий Кубогы» турнирінде еліміздің құрамасы (16 жасқа дейінгі) үшінші мәрте жеңілді.

Бұл хақында Vesti.kz. жазып отыр.

Бұл жолы ұлттық құрама тартысты бәсекеде 0:1 есебімен қырғызстандықтарға есе жіберді. Айта кеткен жөн, аталмыш командалар тек 9-12-орындар үшін бақ сынасуда. Бұл топта Иордания мен Тәжікстан да бар.

Бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер Грузиядын 1:13, Болгариядан 0:13 есебімен жеңілген-ді. Жарыста еліміздің намысын 16 жасқа дейінгі балалар қорғауда, ал олардың қарсыласы бір жасқа үлкен. Аталмыш жастағы қазақстандық құрама болса, Минскідегі біріншіліктегі турнирде өнер көрсетуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға