Жаңалықтар

Төле бидің 350 жылдығына орай Ташкентте алғашқы шара өтті

Өзбекстан астанасында қазақтың ұлы данагөй абызы Төле бидің 350 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Күннің алғашқы жартысында «Төле би-Шайхантаур» кешенінде  оның ұрпақтары, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің және қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты. Олар ұли биге тағзым етіп, атақты аталарына құран бағыштады. Сонымен қатар жиын өткізілді. Онда ҚР-дің Өзбекстандағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин, Республикалық интернационалды мәдени орталығының директоры Насреддин Мухаммадиев, ӨР Республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев және тағы басқа меймандар сөз сөйледі. Тарихи деректерге жүгінсек, Ұлы жүздің биі Төле өзі басқарған Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында сәулеттік нысандарды салуға белсенді түрде атсалысқан. Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкент қаласында, өзінің атасы Жүніс ханның жанына жерленген. Атақты биді еліміздің кей аймақтарында және Өзбекстанда Қарлығаш би деп атайды. ҚазАқпарат.
03.06.2013 03:34 3903

Өзбекстан астанасында қазақтың ұлы данагөй абызы Төле бидің 350 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Күннің алғашқы жартысында «Төле би-Шайхантаур» кешенінде  оның ұрпақтары, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің және қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты. Олар ұли биге тағзым етіп, атақты аталарына құран бағыштады.

Сонымен қатар жиын өткізілді. Онда ҚР-дің Өзбекстандағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин, Республикалық интернационалды мәдени орталығының директоры Насреддин Мухаммадиев, ӨР Республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев және тағы басқа меймандар сөз сөйледі.

Тарихи деректерге жүгінсек, Ұлы жүздің биі Төле өзі басқарған Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында сәулеттік нысандарды салуға белсенді түрде атсалысқан. Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкент қаласында, өзінің атасы Жүніс ханның жанына жерленген. Атақты биді еліміздің кей аймақтарында және Өзбекстанда Қарлығаш би деп атайды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға