Жаңалықтар

Іскерлік байланысты дамытуда жаңа интерактивті алаңқай ашылды

«Қазконтент» АҚ елдегі іскерлер байланысын дамыту мақсатында «Bizznet.kz» жобасы аясында жаңа инетрактивті алаңқай ашты. Бұл платформа іскерлік топ өкілдерінің өзара кәсіби тұрғыда қарым-қатынас жасауына сеп болмақ.   «Bizznet.kz» - бұл кәсіпкерлікті бастау мен дамытудың сан-салалы әдіс-тәсілдері мен тетіктерін ұсынатын Қазақстандағы ең ауқымды әлеуметтік бизнес жоба. Порталда өзекті ақпараттар мен кәсіпкерлік қызметтармен байланысты кәсіби мәліметтер орналастырылады. Бұл жерден бизнес қызмет пен осы салаға қатысты кез-келген тақырыпта кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады. Тіпті, компаниялар іскер әріптестер іздеу мен бос жұмыс орындарына білікті маман табуда да әлеуметтік желіде ақпараттар орналастыра алады. «Bizznet.kz» жобасы өз тұтынушыларына бизнестерін дамытуда мынадай қызметтер ұсынады:  1. «Bizznet.kz» ресурсы кәсіби тегін тіркеу мен қорғалған ақпараттармен қамтамасыз етеді.  2. Өз компанияңызға қатысты қажетті ақпараттарды орналастырумен қатар, іскер қызметкерлер мен тапшы мамандар жайындағы және нақты мәліметтерді білу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, бұл ретте біз де баспасөз парақшалары мен жарнамалық ақпараттарды ораналастыруға дайынбыз және соған бейілдіміз.  3. алайда, онлайн алаңқай арқылы өзге компаниялармен іскерлік байланыс жасау үшін бұл ресурста міндетті түрде тіркелген болуыңыз керек.  4. Егер Сізді қызықтырған салада жаңалықтар мен оқиғалар, тендер, құжаттар, жаңаша үлгідегі заң жобаларына қатысты эксклюзивті және жедел ақпараттар қажет болса, аталған сайтты үнемі назарда ұстаңыз.  Bizznet.kz – бұл ғаламторда қорғалған платформалар қорын жинақтайтын ұлттық портал. Бұл жерден сіз өз бизнесіңізді құру мен дамытуға қатысты толыққанды мәліметтерге қол жеткізе аласыз. Ендеше, www.bizznet.kz сайтына тіркеліп, толық ақпаратқа қанық болыңыз. Baq.kz
31.05.2013 12:02 3301

«Қазконтент» АҚ елдегі іскерлер байланысын дамыту мақсатында «Bizznet.kz» жобасы аясында жаңа инетрактивті алаңқай ашты. Бұл платформа іскерлік топ өкілдерінің өзара кәсіби тұрғыда қарым-қатынас жасауына сеп болмақ.  

«Bizznet.kz» - бұл кәсіпкерлікті бастау мен дамытудың сан-салалы әдіс-тәсілдері мен тетіктерін ұсынатын Қазақстандағы ең ауқымды әлеуметтік бизнес жоба. Порталда өзекті ақпараттар мен кәсіпкерлік қызметтармен байланысты кәсіби мәліметтер орналастырылады. Бұл жерден бизнес қызмет пен осы салаға қатысты кез-келген тақырыпта кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады. Тіпті, компаниялар іскер әріптестер іздеу мен бос жұмыс орындарына білікті маман табуда да әлеуметтік желіде ақпараттар орналастыра алады. «Bizznet.kz» жобасы өз тұтынушыларына бизнестерін дамытуда мынадай қызметтер ұсынады: 
1. «Bizznet.kz» ресурсы кәсіби тегін тіркеу мен қорғалған ақпараттармен қамтамасыз етеді. 
2. Өз компанияңызға қатысты қажетті ақпараттарды орналастырумен қатар, іскер қызметкерлер мен тапшы мамандар жайындағы және нақты мәліметтерді білу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, бұл ретте біз де баспасөз парақшалары мен жарнамалық ақпараттарды ораналастыруға дайынбыз және соған бейілдіміз. 
3. алайда, онлайн алаңқай арқылы өзге компаниялармен іскерлік байланыс жасау үшін бұл ресурста міндетті түрде тіркелген болуыңыз керек. 
4. Егер Сізді қызықтырған салада жаңалықтар мен оқиғалар, тендер, құжаттар, жаңаша үлгідегі заң жобаларына қатысты эксклюзивті және жедел ақпараттар қажет болса, аталған сайтты үнемі назарда ұстаңыз. 
Bizznet.kz – бұл ғаламторда қорғалған платформалар қорын жинақтайтын ұлттық портал. Бұл жерден сіз өз бизнесіңізді құру мен дамытуға қатысты толыққанды мәліметтерге қол жеткізе аласыз.
Ендеше, www.bizznet.kz сайтына тіркеліп, толық ақпаратқа қанық болыңыз.
Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға