Шығыс Қазақстанда «сақ ханшайымының» қабірі табылды
Павлодарлық археологтар Шығыс Қазақстан облысында «сақ ханшайымының» қабірін тапты. Ерекше мола ШҚО Үржар ауданында қалпына келтірілген Таскескен-Бақты жолының маңында орналасқан. Белгілі адамдар қатарынан шыққан жас әйелдің сүйек қалдықтары 1,7 м тереңдікте көлемді плиталардың астынан тас саркофагта қорған үйіндісінен табылды.
Қазба жұмыстарына қатысқан Павлодар пединститутының студенттері мен оқытушылары бұл жаңалықты даңғаза деп отыр.
«Зооморфты ою-өрнектер салынған ұшы үшкір алтын бас киәім аса құнды зат. Бұйымның ұшы жебе тәріздес, алтын шиыршықтармен және салпыншақтармен әшекейленген. Формасы мен ою-өрнектеріне қарағанда табылған олжа сәукеле мен бөрікке ұқсайды», - деді жұма күні экспедиция жетекшісі Тимур Смағұлов.
«Осындай бас киімдер сақ көсемдерінің мерекелік киімінің бір бөлігі болған. Жерленген әйел тиграхауда сақтарының тайпаларының бірі нің көсемі сақ патшасының қызы болуы мүмкін», - деді ол.
Сонымен қатар, моладан ағаш және керамикалық ыдыстар мен құрбандыққа шалынған жануарлардың сүйектері табылды. Археологтар атап кеткен «Үржар ханшайымы» б.з.д. IV-III ғасырларда өмір сүрген деген болжам жасалуда.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы ұқсас тағы да бір археологиялық олжа – «Алтын адам» – 1969 жылы Алматыдан 50 км жерде Есік қорғанын қазу жұмыстары барысында табылды.
ҚазТАГ