Жаңалықтар

Қазақстанның ең бай жас бизнесмендерінің рейтингі жасалды

Forbes Kazakhstan "Қазақстанның 50 бай адамы - 2013" рейтингін жасады. Оның қатарына 40 жастан аспаған 7 бизнесмендер енді. Олардың ең жасы – Нұрали Әлиев: 2013 жылдың 1 қаңтарында ол 28 жасқа толды. Ең үлкені – Алмас Мыңбаев: 1974 жылдың 26 сәуірінде туған. Айгүл Нұриева Жалпы рейтингте 9-орында. Жасы: 38. Байлығы: $780 000 000. Қаржы көзі: инвестиция, қаржы, телекоммуникация. 2012 жылы тамызда TeliaSonera қазақстандық Alem Communications-тен $170 млн-ға WiMAX желісін сатып алған. ҚБФ (Қаржылық бақылау агенттігі) мәліметінше, Alem Communications-ның 85,53%-ы "Midas Telecom" арқылы Айгүл Нұриеваның иелігінде көрінеді. Ғалымжан Есенов Жалпы рейтингте 14-орында. Жасы: 31. Байлығы: $480 000 000. Қаржы көзі: қаржы, химпром. Ғалымжан Есенов UniCredit-тен АТФБанкты сатып алу үшін қазақстандық биліктен оған қажетті рұқсаттардың бәрін алып болды. Дәурен Жақсыбек (Жақсыбековтер отбасымен бірге) Жалпы рейтингте 19-орында. Жасы: 34. Байлығы: $380 000 000. Қаржы көзі: қаржы, АӨК. Отбасы "Цесна" компаниясын бақылайды, оның құрамына Цеснабанк, "Цесна-Астык" Концерні» ЖШС, "Медет-Холдинг" ЖШС, "Цесна-Капитал" брокерлік компаниясы мен "Цесна-Гарант"сақтандыру компаниясы енеді. Кеңес Рақышев Жалпы рейтингте 21-орында. Жасы: 34. Байлығы: $332 000 000. Қаржы көзі: қаржы, мұнай өңдеу, машинажасау, сақтандыру, IT, ГМК. 2013 жылды Кеңеса Рақышев робототехникаға инвестиция салудан бастады. Нұрали Әлиев Жалпы рейтингте 32-орында. Жасы:28. Байлығы: $200 000 000. Қаржы көзі: қаржы, АӨК, медиа, телекоммуникация. Forbes Kazakhstan-тің дерегі бойынша сатылуға дайындалып жатқан ALMA TV-дің 20% Нұрәли Әлиевтің иелігінде. Оған 20% "НТК" АҚ, 100% "СAPITAL HOLDING"АҚ, отель-ресторан "Донателло", сонымен қатар "Телекрона"ЖШС (IT, желісі) мен "Радио Сити"-де (Hit FM) үлесі бар. Игорь Школьник Жалпы рейтингте 44-орында. Жасы:32. Байлығы: $110 000 000. Қаржы көзі: мұнай өңдеу Игорь Школьник 23 жасында Coalco-дың вице-президенті болды, "КазТрансГазда"жұмыс істеді, 29 жасында «Самұрық-Қазына» Қоры» АҚ атқарушы директоры болды. Алмас Мыңбаев Жалпы рейтингте 45-орында. Жасы: 39. Байлығы: $110 000 000. Қаржы көзі: сақтандыру, фосфорит, дистрибуция. Алмас Мыңбаев "НОМАД Иншуранс" СК, "Национальная лизинговая компания" АҚ, "BA Pharmaceuticals LTD"ЖШС жеке дара меншік иесі болып табылады.   Baq.kz
31.05.2013 05:27 5614

Forbes Kazakhstan "Қазақстанның 50 бай адамы - 2013" рейтингін жасады. Оның қатарына 40 жастан аспаған 7 бизнесмендер енді.

Олардың ең жасы – Нұрали Әлиев: 2013 жылдың 1 қаңтарында ол 28 жасқа толды. Ең үлкені – Алмас Мыңбаев: 1974 жылдың 26 сәуірінде туған.

Айгүл Нұриева
Жалпы рейтингте 9-орында. Жасы: 38. Байлығы: $780 000 000. Қаржы көзі: инвестиция, қаржы, телекоммуникация.
2012 жылы тамызда TeliaSonera қазақстандық Alem Communications-тен $170 млн-ға WiMAX желісін сатып алған. ҚБФ (Қаржылық бақылау агенттігі) мәліметінше, Alem Communications-ның 85,53%-ы "Midas Telecom" арқылы Айгүл Нұриеваның иелігінде көрінеді.

Ғалымжан Есенов
Жалпы рейтингте 14-орында. Жасы: 31. Байлығы: $480 000 000. Қаржы көзі: қаржы, химпром.
Ғалымжан Есенов UniCredit-тен АТФБанкты сатып алу үшін қазақстандық биліктен оған қажетті рұқсаттардың бәрін алып болды.

Дәурен Жақсыбек (Жақсыбековтер отбасымен бірге)
Жалпы рейтингте 19-орында. Жасы: 34. Байлығы: $380 000 000. Қаржы көзі: қаржы, АӨК.
Отбасы "Цесна" компаниясын бақылайды, оның құрамына Цеснабанк, "Цесна-Астык" Концерні» ЖШС, "Медет-Холдинг" ЖШС, "Цесна-Капитал" брокерлік компаниясы мен "Цесна-Гарант"сақтандыру компаниясы енеді.

Кеңес Рақышев
Жалпы рейтингте 21-орында. Жасы: 34. Байлығы: $332 000 000. Қаржы көзі: қаржы, мұнай өңдеу, машинажасау, сақтандыру, IT, ГМК.
2013 жылды Кеңеса Рақышев робототехникаға инвестиция салудан бастады.

Нұрали Әлиев
Жалпы рейтингте 32-орында. Жасы:28. Байлығы: $200 000 000. Қаржы көзі: қаржы, АӨК, медиа, телекоммуникация.
Forbes Kazakhstan-тің дерегі бойынша сатылуға дайындалып жатқан ALMA TV-дің 20% Нұрәли Әлиевтің иелігінде. Оған 20% "НТК" АҚ, 100% "СAPITAL HOLDING"АҚ, отель-ресторан "Донателло", сонымен қатар "Телекрона"ЖШС (IT, желісі) мен "Радио Сити"-де (Hit FM) үлесі бар.

Игорь Школьник
Жалпы рейтингте 44-орында. Жасы:32. Байлығы: $110 000 000. Қаржы көзі: мұнай өңдеу
Игорь Школьник 23 жасында Coalco-дың вице-президенті болды, "КазТрансГазда"жұмыс істеді, 29 жасында «Самұрық-Қазына» Қоры» АҚ атқарушы директоры болды.

Алмас Мыңбаев
Жалпы рейтингте 45-орында. Жасы: 39. Байлығы: $110 000 000. Қаржы көзі: сақтандыру, фосфорит, дистрибуция.
Алмас Мыңбаев "НОМАД Иншуранс" СК, "Национальная лизинговая компания" АҚ, "BA Pharmaceuticals LTD"ЖШС жеке дара меншік иесі болып табылады.
 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға