Жаңалықтар

Балалық шақ пен сауық-сайран мерекесі!

2013 ж. 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Астанадағы SOS  Балалар үйінде нағыз мереке өтеді! Тәрбиеленушілер Достақ аллеясында ағаштар отырғызып, бақыт хаттарын жазып, кішігірім концерт ұйымдастырады, ал жасы кішілер қолдарына бор алып, балалар алаңқайын өздерінің суреттері мен тілектерін безендіреді. - Жаздың бірінші күнінде атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні – ең мейірімді және біздің балалардың ең сүйікті мерекелерінің бірі.  Олардың бақытты күлкісі және қуанышты күлімсіреуі үшін көп жұмыстар атқарылуда, ал балалар бізге оқудағы үлгерімдері, шығармашылық пен спорттағы жетістіктері арқылы бізге қайтарым жасап жатыр. Бұл іс-шара қызықты әрі есте қаларлықтай болып өтеді деп үміттенеміз,  - дейді Балалар ауылында. 1 маусымда аталмыш жерде тек тәрбиеленушілерге ғана емес, сонымен қатар, SOS Балалар ауылы жобаларының қатысушыларына да нағыз балалар қалашығы жасақталады, әр бұрышта жанына жайлы іспен айналыса алады. Арнайы Теміртаудан балаларға арналған түрлі ойын мен дамыту материалдары толтырылған Ойын bus - ойын автобусы келеді. Ойын bus командасы көптеген тосын сыйлар, ойын-сауық пен белсенді ойындар әзірледі. - Біздің Ойын bus-тың жол сапары үнемі көңілді әрі жемісті өтеді, ең бастысы бұған дәлел – балалардың күлкісі мен қуаныштары, - дейді  Ойын bus Теміртау кәсіби командасында. Дәл осы күні Астана Балалар үйінде биылғы жылы Балалар үйіне 200 млн.теңге көлемінде қолдау көрсеткен «Самырұқ-Қазына» АҚ-мен меморандумға қол қою рәсімі өтеді. SOS Балалар ауылы – бұл 60 жыл бойы әлемнің 132 мемлекетінде балалардың құқығы мен қызығушылығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік емес әлеуметтік ұйым. Қазақстанда балалар үйі 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді – бүгінде ол ұйым ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға баспана беріп қана қоймай, сондай-ақ, елімізде әлеуметтік жетімдіктің өсуін болдырмау үшін қазіргі күні бір отбасы болып тұрып жатқан жанұяларды сақтап қалу жолында өз көмегін тигізеді. Іс-шара 2013 жылы 1 маусым күні Абылайхан 40 көшесінде орналасқан Астана Балалар үйінде өтеді. Басталуы: сағ. 12:00.
31.05.2013 04:30 4002

Балалық шақ пен сауық-сайран мерекесі!2013 ж. 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Астанадағы SOS  Балалар үйінде нағыз мереке өтеді! Тәрбиеленушілер Достақ аллеясында ағаштар отырғызып, бақыт хаттарын жазып, кішігірім концерт ұйымдастырады, ал жасы кішілер қолдарына бор алып, балалар алаңқайын өздерінің суреттері мен тілектерін безендіреді.
- Жаздың бірінші күнінде атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні – ең мейірімді және біздің балалардың ең сүйікті мерекелерінің бірі.  Олардың бақытты күлкісі және қуанышты күлімсіреуі үшін көп жұмыстар атқарылуда, ал балалар бізге оқудағы үлгерімдері, шығармашылық пен спорттағы жетістіктері арқылы бізге қайтарым жасап жатыр. Бұл іс-шара қызықты әрі есте қаларлықтай болып өтеді деп үміттенеміз,  - дейді Балалар ауылында.

1 маусымда аталмыш жерде тек тәрбиеленушілерге ғана емес, сонымен қатар, SOS Балалар ауылы жобаларының қатысушыларына да нағыз балалар қалашығы жасақталады, әр бұрышта жанына жайлы іспен айналыса алады. Арнайы Теміртаудан балаларға арналған түрлі ойын мен дамыту материалдары толтырылған Ойын bus - ойын автобусы келеді. Ойын bus командасы көптеген тосын сыйлар, ойын-сауық пен белсенді ойындар әзірледі.

- Біздің Ойын bus-тың жол сапары үнемі көңілді әрі жемісті өтеді, ең бастысы бұған дәлел – балалардың күлкісі мен қуаныштары, - дейді  Ойын bus Теміртау кәсіби командасында.

Дәл осы күні Астана Балалар үйінде биылғы жылы Балалар үйіне 200 млн.теңге көлемінде қолдау көрсеткен «Самырұқ-Қазына» АҚ-мен меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

SOS Балалар ауылы – бұл 60 жыл бойы әлемнің 132 мемлекетінде балалардың құқығы мен қызығушылығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік емес әлеуметтік ұйым. Қазақстанда балалар үйі 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді – бүгінде ол ұйым ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға баспана беріп қана қоймай, сондай-ақ, елімізде әлеуметтік жетімдіктің өсуін болдырмау үшін қазіргі күні бір отбасы болып тұрып жатқан жанұяларды сақтап қалу жолында өз көмегін тигізеді.

Іс-шара 2013 жылы 1 маусым күні Абылайхан 40 көшесінде орналасқан Астана Балалар үйінде өтеді. Басталуы: сағ. 12:00.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға