Ұлттық құраманың киімін тігетін дизайнер есімі анықталды
«Сочи – 2014» қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының олимпиадалық киімдерінің дизайнына жариялаған байқау нәтижесінде ең үздік дизайнердің есімі белгілі болды.
Атырау қаласының тұрғыны, «Айоко Бо» сән үйінің жетекшісі Айжан Боқаеваның жұмысы үздік деп танылды. Жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Боқаева 952 дауыс жинады. Алматылық «Зибру» компаниясы екі дауысқа артта қалды. Дизайнер осынша көп дауыс жинауға таныстарының барлығын қолдауға шақырған анасы себепші болғанын жасырмады.
«Сайлау алды науқан кезінде президенттікке үміткер жандардың тебіреністерінің қандай болатынын түсіндім. Сочиге әу баста анаммен барамын деп ойлағанмын. Бірақ көп ойланып, інімді серік етемін деп шештім»,-деді жеңімпаз.
Baq.kz