Жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Арман Шылманов шеберлік дәрісін өткізеді

ҚР Таеквондо федерациясы (WTF) БАҚ өкілдерін Олимпиада ойындарының таеквондодан қол жүлдегері Арман Шылманов өткізетін шеберлік дәрісіне шақырады. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орайластырылған.  Шеберлік дәрісіне таеквондомен шұғылданатын 15 жасқа дейінгі балалар қатысады. Олар еліміздің ең мықты таеквондошысынан шығыс жекпе-жегінің қимыл-қозғалыстарын үйрене алады. Арман Шылманов – Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының (2008 жыл) қола, Копенгагендегі әлем чемпионатының (2009 жыл) қола жүлдегері, Азия чемпионы (Бангкок, 2006 жыл), Азия чемпионатының қола (Амман, 2002 жыл) және күміс (Астана, 2010 жыл) жүлдегері, Азия ойындарының таеквондодан үш мәрте қола (Пуссан-2002, Катар-2006, Гуанчжоу-2010) жүлдегері. Шеберлік дәрісі «Қазақстан» Спорт сарайында (Қажымұқан көшесі, 7 үй. Асхата Жіткеевтің залы) өтеді. Басталуы - 31-мамыр күні сағат 12:00-де.  ortcom.kz
30.05.2013 09:50 3130

ҚР Таеквондо федерациясы (WTF) БАҚ өкілдерін Олимпиада ойындарының таеквондодан қол жүлдегері Арман Шылманов өткізетін шеберлік дәрісіне шақырады. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орайластырылған. 

Шеберлік дәрісіне таеквондомен шұғылданатын 15 жасқа дейінгі балалар қатысады. Олар еліміздің ең мықты таеквондошысынан шығыс жекпе-жегінің қимыл-қозғалыстарын үйрене алады.

Арман Шылманов – Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының (2008 жыл) қола, Копенгагендегі әлем чемпионатының (2009 жыл) қола жүлдегері, Азия чемпионы (Бангкок, 2006 жыл), Азия чемпионатының қола (Амман, 2002 жыл) және күміс (Астана, 2010 жыл) жүлдегері, Азия ойындарының таеквондодан үш мәрте қола (Пуссан-2002, Катар-2006, Гуанчжоу-2010) жүлдегері.

Шеберлік дәрісі «Қазақстан» Спорт сарайында (Қажымұқан көшесі, 7 үй. Асхата Жіткеевтің залы) өтеді. Басталуы - 31-мамыр күні сағат 12:00-де. 

ortcom.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға