Жаңалықтар

Қараусыз жайылған мал үшін ірі көлемде айыппұл төлейді

Егер қараусыз жайылып жүрген мал егістікке залалын келтірсе, жануардың иесі 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл жайында Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі Ахметов Ербол Сабыржанұлы мәлімдеді.  Әкімнің блогына Жомарт есімді аудан тұрғыны хат жазып, аталған мәселе бойынша ақыл-кеңес сұраған болатын. «Мен Қамысты ауылында 20 жылдан бері тұрып келемін. 7 адамнан тұратын отбасымды асырау үшін ірі қара мал мен ұсақ мал ұстаймын. Газеттен оқығаным, қараусыз жайылып жүрген мал үшін иелері жауап беретін көрінеді. Мен үшін төрт түлігімді алысқа жаю үлкен қиындық туғызады. Айыппұл төлеген күннің өзінде оның құны қанша теңгені құрайды?» дейді әкімге хат жазған шаруа. Аудан әкімінің айтуынша, 2013 жылдың наурыз айынан бастап Қостанай облыстық мәслихатының шешімімен егістікті бүлдірген жан-жануар үшін иелері айыппұл төлейтін болады. Оның көлемі 20 айлық есептік көрсеткіші екен. Әкімге хат жазған тұрғын сонымен қатар жем бағасының биыл қандай болатындығын да сұраған. Ербол Сабыржанұлы болса төрт түліктің жем-шөбі биыл қымбаттамайтынын айтты. «Ағымдағы жылы малдың жемінің бағасы өспейтін болады. Жылдағыдай бір тонна жем үшін 7-8 мың теңге көлемінде шығындалу керек» деді аудан әкімі жауап соңында.  Baq.kz
30.05.2013 03:01 4812

Егер қараусыз жайылып жүрген мал егістікке залалын келтірсе, жануардың иесі 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл жайында Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі Ахметов Ербол Сабыржанұлы мәлімдеді. 

Әкімнің блогына Жомарт есімді аудан тұрғыны хат жазып, аталған мәселе бойынша ақыл-кеңес сұраған болатын.
«Мен Қамысты ауылында 20 жылдан бері тұрып келемін. 7 адамнан тұратын отбасымды асырау үшін ірі қара мал мен ұсақ мал ұстаймын. Газеттен оқығаным, қараусыз жайылып жүрген мал үшін иелері жауап беретін көрінеді. Мен үшін төрт түлігімді алысқа жаю үлкен қиындық туғызады. Айыппұл төлеген күннің өзінде оның құны қанша теңгені құрайды?» дейді әкімге хат жазған шаруа.
Аудан әкімінің айтуынша, 2013 жылдың наурыз айынан бастап Қостанай облыстық мәслихатының шешімімен егістікті бүлдірген жан-жануар үшін иелері айыппұл төлейтін болады. Оның көлемі 20 айлық есептік көрсеткіші екен.
Әкімге хат жазған тұрғын сонымен қатар жем бағасының биыл қандай болатындығын да сұраған. Ербол Сабыржанұлы болса төрт түліктің жем-шөбі биыл қымбаттамайтынын айтты.
«Ағымдағы жылы малдың жемінің бағасы өспейтін болады. Жылдағыдай бір тонна жем үшін 7-8 мың теңге көлемінде шығындалу керек» деді аудан әкімі жауап соңында. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға