Жаңалықтар

«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі

«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады.  XVI  ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады. Ен далада күн кешкен елдің аузынан шыққан «күй» деген сөздің аспаптық музыкаға тән атау екені, оның түп-тамыры одан да арғы замандарда жатқаны он төртінші ғасырдан бері белгілі. Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын тасқа салынған суреттін табылуы. Сондай ақ «күй» сөзінің көнелігін білдіретін тағы бір дерек қазақта «Ақсақ құлан» атты күй болуы. Туу тарихы жағынан бұл күй Шыңғыс хан жорықтарымен тұстасады. Қазақ халқының басына қара заман боп орнаған ХІІІ-ХІV ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндайтын шығармаларды алсақ , олардағы музыкалық тілдің тереңдігі, асқан шеберлікті керек ететін ойнау әдіс-амалының молдығы, аңыз хикаяларды суреттеудегі бағдарламалық жүйесі Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса жоғарғы дәрежеде ертеде-ақ дамығанына бірден бір айғақ. Қазақ халқының тұрмыс-харекетімен, өмір-тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын күй – жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан жанр. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені және даусыз. Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның әлденеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді. Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар екенін баста біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы кейін де сол пернені оңай тауып алады. Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартуларыда, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған «Топан» күйі немесе Тәттімбетпен күй тартысқан Абайдың анасы Ұлжанның сіңлісі Тайғараның(Малғара) кей кездерде орнынан түрегеліп кетіп домбыраны емшектің үстіне қойып тарту – оның адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді. Төртіншіден – домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да «қолқанаты».
29.05.2013 19:50 4681

«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады.  XVI  ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.

Ен далада күн кешкен елдің аузынан шыққан «күй» деген сөздің аспаптық музыкаға тән атау екені, оның түп-тамыры одан да арғы замандарда жатқаны он төртінші ғасырдан бері белгілі. Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын тасқа салынған суреттін табылуы. Сондай ақ «күй» сөзінің көнелігін білдіретін тағы бір дерек қазақта «Ақсақ құлан» атты күй болуы. Туу тарихы жағынан бұл күй Шыңғыс хан жорықтарымен тұстасады. Қазақ халқының басына қара заман боп орнаған ХІІІ-ХІV ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндайтын шығармаларды алсақ , олардағы музыкалық тілдің тереңдігі, асқан шеберлікті керек ететін ойнау әдіс-амалының молдығы, аңыз хикаяларды суреттеудегі бағдарламалық жүйесі Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса жоғарғы дәрежеде ертеде-ақ дамығанына бірден бір айғақ. Қазақ халқының тұрмыс-харекетімен, өмір-тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын күй – жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан жанр. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені және даусыз.

Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның әлденеше себептері бар. Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді.

Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар екенін баста біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы кейін де сол пернені оңай тауып алады.

Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартуларыда, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған «Топан» күйі немесе Тәттімбетпен күй тартысқан Абайдың анасы Ұлжанның сіңлісі Тайғараның(Малғара) кей кездерде орнынан түрегеліп кетіп домбыраны емшектің үстіне қойып тарту – оның адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді.

Төртіншіден – домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да «қолқанаты».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға