Жаңалықтар

Әлихан Бөкейханов-1

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Орыс патшалығының адам болып отырғаны - мұжықтың әділдігі. Қоғам, мемлекет, заман туралы Орыс патшалығының бар адамының күнестік отырғаны - мұжықтың жанкештілігі (жаһитшілдігі). Қоғам, мемлекет, заман туралы Бұралқы - бүлікке. Қастандық туралы Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса - мұндай жұртта береке қайдан болсын?! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын! Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Әкім халықтың көбіне сүйенсе күшті болады. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар. Байлық-кедейлік туралы Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ел берекесі кетуінің түпкі себебі - қазақта бірліктің жоқтығы. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Болысқа орысша хат білу - тілмәштарға құл болмау үшін керек. Қоғам, мемлекет, заман туралы Болыс болуға лайықты кісі - халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі. Қоғам, мемлекет, заман туралы Тіршілік - бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен өзге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ. Еріншектік, жалқаулық туралы Тіршіліктегі жүйріктік - ақылда, ұсталық пен жанкештілікте. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы. Қоғам, мемлекет, заман туралы Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды. Байлық-кедейлік туралы Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
29.05.2013 12:11 5478

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Орыс патшалығының адам болып отырғаны - мұжықтың әділдігі.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Орыс патшалығының бар адамының күнестік отырғаны - мұжықтың жанкештілігі (жаһитшілдігі).

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Бұралқы - бүлікке.

Қастандық туралы

Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса - мұндай жұртта береке қайдан болсын?!

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?!

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын!

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Әкім халықтың көбіне сүйенсе күшті болады.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.

Байлық-кедейлік туралы

Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ел берекесі кетуінің түпкі себебі - қазақта бірліктің жоқтығы.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Болысқа орысша хат білу - тілмәштарға құл болмау үшін керек.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Болыс болуға лайықты кісі - халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Тіршілік - бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен өзге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

Еріншектік, жалқаулық туралы

Тіршіліктегі жүйріктік - ақылда, ұсталық пен жанкештілікте.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

Байлық-кедейлік туралы

Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға