Ғабит Мүсірепов-1
Өмір бойы құмырысқадай қыбырлап еңбек еткен адам дүниегетүсініктілікпен қарайды. Осы жолда өз ой-күшін, қуатын сарп етеді де,өмірді өз тағынан құлатпайды.
Еңбек туралы
"Тәуекел ет те, тас жұт - ажалың құдайдан" деген сөз бар.
Еңбек туралы
Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Елің үшін - мақтан, елің үшін - қайғыр.
Отан, туған жер туралы
Еліңе опасыздық - туған анаңа опасыздық.
Отан, туған жер туралы
Туған елімді, туған жерімді жамаңдай алмаймын - бірақ жанымашынғандықтан ашынған сөз ауызға түседі.
Отан, туған жер туралы
Жұртқа жұмыс істеуді үйретуден гөрі, жұмыс істеуіне бөгет жасамаудыүйрену керек.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тілдің бояуы бозарып, қыры сынбауы керек.
Тіл туралы
Біздегі ең үлкен трагедия - басшыларымыз әдебиетімізді ана тілінде оқи алмайды. Орысша оқиды, орысшасы арқылы бағалайды.
Тіл туралы
Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.
Тіл туралы
Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтыңбаяғысын да, бүгінгісін де, болашағында танытатын, сол халықтыңмәңгілігінің мәңгілік мәселесі.
Тіл туралы
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққабасады.
Тіл туралы
Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс.
Тіл туралы
Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек.
Тіл туралы
Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, Со ақылды айта алар тіл жоқ.
Тіл туралы
Жаман тіл - мәдениетсіздіктің белгісі, елмен байланыс үзілуі.
Тіл туралы
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады.
Тіл туралы
Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрғанадам сияқты екен.
Мінез-құлық туралы
Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды.
Мінез-құлық туралы
Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме.
Мінез-құлық туралы
Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырылабастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық.опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін
тауып, өрлеп барады.
Мінез-құлық туралы
Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.
Жақсы мен жаман туралы
Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді.
Әйел, ана туралы
Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
Әйел, ана туралы
Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайлардытүсінуге әйел ойы зерек келеді.
Әйел, ана туралы
Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
Әйел, ана туралы
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Әйел, ана туралы
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе - бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе - бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
Әйел, ана туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы