Құтып

Құтып (?-1341) - ойшыл, ақын. Шын аты белгісіз. Ақ Ордада өмір сүрген. Азербайжанның ұлы ақыны Низамидің әйгілі «Хұсрау мен Шырын» поэмасын қыпшақ тіліне аударған. Бұл - дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына енген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді.

Тасыған қазан - төгілер.

Молшылық туралы

Құдықты көздеуі бар жерден қаз.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Темірді жайлап иер болар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Бұлт шықса - бағбан бақшасын ойлайды.

Ақыл-ой туралы

Оқ нысанаға ғана атылады.

Пеш ысыса - нан күйер.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қазан көп қайнаса - ас бұзылады.

Пайдасыздқ, керексіздік туралы

Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды.

Сақтық туралы

Дем алу үшін - алдымен еңбек ету керек.

Еңбек туралы

Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Төзімді тілегіне жетеді.

Шыдамдылық, төзімділік туралы

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Сабырлық, шыдамдылық туралы

Ақырын жүрген алысқа барады.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Асығыстық - ақылдының ісі емес.

Асығыстық туралы

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кілеміңе қарай көсіл.

Қанағат-рақым туралы

Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян.

Қанағат-рақым туралы

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.

Қанағат-рақым туралы

Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Бақыт бір жерде тұрмайды.

Бақыт туралы

Малы көптің - қайғысы да көп.

Төрт түлік мал туралы

Тәуіптен ауырыңды жасырмағайсың.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ойлы адамға нақыл сөз ұнайды.

Асыл сөз туралы

Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық.

Ақыл-ой туралы

Ақыл - білімге бастар жол. 

Ақыл-ой туралы

Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.

Дін, иман туралы

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Ғылым-білім, өнер туралы

Біліктіні білгені үшін сыйлайды.

Ғылым-білім, өнер туралы

Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.

Қадір-қасиет туралы

Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен.

Аң-құс туралы

Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.

Аң-құс туралы

Кірпіге қулық жараспайды.

Шаян ініне тышқан сыймас.

Аң-құс туралы

Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.

Көгершін үйренген жеріне қонады.

Аң-құс туралы

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі. Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.

Аң-құс туралы

Қанша асықсаң да - мезгілі жетпей іс бітпейді.

Шыдамдылық, төзімділік туралы

Кәріге жігітшілік жараспайды.

Кәрілік, жастық туралы

Қайғы да - өтеді, қуаныш та - өтеді, дәурен де - өтеді: тек өкініш қана қалады.

Адам өмірі туралы

Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі - әлі тумаған адам, екіншісі - өлген адам.

Адам өмірі туралы

Бұ дүние де мыстан кемпірдей қу: тәттімен алдайды.

Дүние туралы

Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады.

Дүние туралы

Дән себілмей - астық өнбейді,

Дария буланбай - шық түспейді.

Еңбек туралы

Сараңнан бір тілім нан сұрағанша - аштан өлген жақсы.

Сараңдық туралы

Жомарттық - жоқ атаққа жол ашады.

Жомарттық туралы

Қайғылының көзінше қарқылдап күлме. Қайғы да мәңгі тұрмайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кісі өз қолын өзі кесе алмайды.

Дәрменсіздік туралы

Келісіп істесе - көп бітеді.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Атып әкелген аң сыйлыққа жарамайды.

Аң-құс туралы

Елдің қарғысынан сақтан.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 «Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн» деп айтады жұрт.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Күш жұмсама, қорлық іздеме.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Пиғылы жатпен қатар отырма.

Қасыңның қасына да сыр ашпа.

Ізгілік тілесең - ізгі бол.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кесек атқанға - тас ат.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы