Жаңалықтар

Балуандық өнердің маңыздылығы

Балуандық өнер өскелең ұрпақ үшін тәлімдік, тәрбиелік маңызы бар дене тәрбиесі саласы болып табылады. Сондықтан, оның маңызы өте зор, пайдасы ұшан-теңіз. Бүгінгі күні дене тәрбиесі адамзат өміріне көмектесетін саналы әрекет ретінде бағаланады. Күшті, епті, төзімді, сымбатты адамдар қай кезде болмасын өмір жолында кездескен қиыншылықтарды оңай жеңіп отырған. Осыдан келіп арнайы жаттығу жүйесі, ойындар қалыптасқан. Дене тәрбиесі қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес бірте-бірте күрделеніп, өсіп отырды. Оған әр халықтың тұрмыс дәстүрі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, бастан кешкен оқиғаларының әсерінен туған ұлттық ойындар түрлері мысал болады. Ұлан-байтақ даланы мекендеген қазақ халқы көкпар, бәйге, сайыс, аударыспақ, күрес, жаяу жарыс, т.б. тәрізді көптеген ұлттық ойындарды жетілдіріп отырған. Ұлттық спорт ойындары адамдар бойындағы өмірге қажетті қасиеттерді дамытуды мақсат етеді. Яғни, дене тәрбиесі халыққа эстетикалық тәрбие беріп, адамды жан-жақты дамытуда зор рөл атқарады. Дене мүшесі жетілген адам – әр уақытта сергек, өз-өзіне сенімді өз ағзасын меңгере білетін, қиындықты бағындыра алатын адам. Сонымен қатар жас ұрпақты отан қорғау ісіне, отаншылдық, ұлттық сезімдерін дамытуда балуандық өнердің алатын орны зор. Күрес өнері қазақ халқының арасында кең тараған. Ойын-тойларда, мейрамдарда, адамдарға ас беру кезінде күрес ұйымдастырылып отырған. Белгілі түркі тілінің маманы, ақын Олжас Сүлейменов «Олимпиада»сөзінің шығу тарихын түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, қайтқан басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолыекендігін, басқа адамдармен күш сынасуөзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады. О.Сүлейменов «Олим-пи» сөзі грек тілінде «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер шоқпар берген, ал гректер қазіргі кездегідей басына ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады. Қазіргі қазақ халқында адамның қайтыс болғаннан кейін жылын беру асында ат жарыстырып, балуан күрестіру, т.б. жарыстар ұйымдастыруды сол көне кезден қалған дәстүр деп санау қажет. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.
29.05.2013 11:19 4431

Балуандық өнер өскелең ұрпақ үшін тәлімдік, тәрбиелік маңызы бар дене тәрбиесі саласы болып табылады. Сондықтан, оның маңызы өте зор, пайдасы ұшан-теңіз.

Бүгінгі күні дене тәрбиесі адамзат өміріне көмектесетін саналы әрекет ретінде бағаланады. Күшті, епті, төзімді, сымбатты адамдар қай кезде болмасын өмір жолында кездескен қиыншылықтарды оңай жеңіп отырған. Осыдан келіп арнайы жаттығу жүйесі, ойындар қалыптасқан.

Дене тәрбиесі қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес бірте-бірте күрделеніп, өсіп отырды. Оған әр халықтың тұрмыс дәстүрі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, бастан кешкен оқиғаларының әсерінен туған ұлттық ойындар түрлері мысал болады. Ұлан-байтақ даланы мекендеген қазақ халқы көкпар, бәйге, сайыс, аударыспақ, күрес, жаяу жарыс, т.б. тәрізді көптеген ұлттық ойындарды жетілдіріп отырған. Ұлттық спорт ойындары адамдар бойындағы өмірге қажетті қасиеттерді дамытуды мақсат етеді. Яғни, дене тәрбиесі халыққа эстетикалық тәрбие беріп, адамды жан-жақты дамытуда зор рөл атқарады. Дене мүшесі жетілген адам – әр уақытта сергек, өз-өзіне сенімді өз ағзасын меңгере білетін, қиындықты бағындыра алатын адам. Сонымен қатар жас ұрпақты отан қорғау ісіне, отаншылдық, ұлттық сезімдерін дамытуда балуандық өнердің алатын орны зор.

Күрес өнері қазақ халқының арасында кең тараған. Ойын-тойларда, мейрамдарда, адамдарға ас беру кезінде күрес ұйымдастырылып отырған.

Белгілі түркі тілінің маманы, ақын Олжас Сүлейменов «Олимпиада»сөзінің шығу тарихын түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, қайтқан басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолыекендігін, басқа адамдармен күш сынасуөзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады.

О.Сүлейменов «Олим-пи» сөзі грек тілінде «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер шоқпар берген, ал гректер қазіргі кездегідей басына ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады.

Қазіргі қазақ халқында адамның қайтыс болғаннан кейін жылын беру асында ат жарыстырып, балуан күрестіру, т.б. жарыстар ұйымдастыруды сол көне кезден қалған дәстүр деп санау қажет.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға