Жаңалықтар

Қазақтың балуандық өнеріне тарихи шолу

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес – өнер, ол ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді. Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонуға негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің әсер етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, этнографиялық жазбаларда, тарихи және көркем шығармалармен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі. Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жауынан қорғану мақсатында олар өзара жекпе-жекке түсіп отырған. Бұрын да, қазіргі уақытта да балуандық өнер түрлері жас ұрпақтың дене тәрбиесін дамытуға, батылдық жігерін арттыруға, жерін, халқын қорғауға әрдайым дайын болуға тәрбиелеу құралы ретінде кеңінен пайдаланылады. Күрес өнері халықтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі ретінде дами отырып, кейіннен жеке спорт түрлеріне айналды, үлкен-үлкен жарыстар ұйымдастырылатын болды. Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын көреміз.Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен айтсақ осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр – хүреш, Ат – хүреш, Ланса – Хүреш (ланса – қазақша найза), Шабарман – хүреш, Жебе – хүреш, т.б. Ээр – ер күшті мағынасында, Хүреш – балуан күресі мағынасын білдіреді. Қазіргі шығыс жекпе-жек түрлері де біздің жерімізде кеңінен таралғандығы туралы деректер көп. Қазақ жерінде тараған балуан күрестерін арнайы киім киюіне қарай төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі; шапан киіп, белдік тағынып күресу; аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу, т.б. Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.
29.05.2013 11:03 6052

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес – өнер, ол ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.

Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонуға негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің әсер етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, этнографиялық жазбаларда, тарихи және көркем шығармалармен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі.

Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жауынан қорғану мақсатында олар өзара жекпе-жекке түсіп отырған. Бұрын да, қазіргі уақытта да балуандық өнер түрлері жас ұрпақтың дене тәрбиесін дамытуға, батылдық жігерін арттыруға, жерін, халқын қорғауға әрдайым дайын болуға тәрбиелеу құралы ретінде кеңінен пайдаланылады. Күрес өнері халықтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі ретінде дами отырып, кейіннен жеке спорт түрлеріне айналды, үлкен-үлкен жарыстар ұйымдастырылатын болды. Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын көреміз.Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен айтсақ осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр – хүреш, Ат – хүреш, Ланса – Хүреш (ланса – қазақша найза), Шабарман – хүреш, Жебе – хүреш, т.б. Ээр – ер күшті мағынасында, Хүреш – балуан күресі мағынасын білдіреді.

Қазіргі шығыс жекпе-жек түрлері де біздің жерімізде кеңінен таралғандығы туралы деректер көп.

Қазақ жерінде тараған балуан күрестерін арнайы киім киюіне қарай төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі; шапан киіп, белдік тағынып күресу; аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу, т.б.

Дереккөзі: «Қазақтың балуандық өнері», Елемес Әлімханов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға